Ынтымағы жарасқан мемлекет
Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан мемлекет!
Мақсаты
- Оқушыларды елін сүюге баулу, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыру.
- Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
- Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Нақыл сөздер мен суреттер
- Интерактивті тақта
- Слайд-презентация
Негізгі ой
Ынтымақ бар жерде бірлік, достық және татулық орнығады. Көпұлтты қоғамдағы өзара құрмет — тұрақтылықтың берік тірегі.
Барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Армысың, асыл күн,
Армысың, асыл жер,
Армысың, асыл аспан,
Бір-біріңе жылу қос,
Болайықшы жақын дос!
II. Негізгі бөлім
1) Бейнекөрініс тамашалау: «Бірлігі жарасқан Қазақстан»
Бейнекөріністен кейін оқушылардың пікірлері мен ойлары тыңдалады.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Бейнекөріністен нені тамашаладыңдар?
- Көгершіндер нені білдіреді?
- Тағы кімдерді көрдіңдер?
- Барлығы қандай ән орындап жатыр?
Нақтылау
Иә, барлығы кеудесіне қолдарын қойып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындап тұр.
2) Көрініс: «Қырғыз бен грузин дауы»
Рөлдер
- Грузин: Мәди
- Қырғыз: Ақжол
- Қазақ қызы: Әнел
Диалог (қысқаша, мазмұны сақталған)
Мәди: Сенің ұлтың кім?
Ақжол: Қырғыз.
Мәди: Егер қырғыз болсаң, өз еліңе неге бармайсың?
Ақжол: Менің өз елім — Қазақстан. Мен Қазақстанды Отаным деп білемін.
Мәди: Жоқ, сен Қырғызстанда тұруың керек!
Ақжол: Мен Қазақстанда тұрамын!
Әнел: Балалар, неге дауласып жатырсыңдар? Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та және басқа ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүре алады. Ендеше, неге дос болмаймыз?
Бәрі бірге: Біз доспыз, әрқашан біргеміз!
Қорытынды ой: ынтымақ бар жерде бірлік, достық, татулық бар.
3) «Еліме арнау» — оқушылардың тақпақтары
Бегендік Дария
Ақ-қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды.
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Бисенғалиұлы Нұржан
Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Сейфуллина Альфия
Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Орыс халқым — ұлы жұртым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқың — менің даңқым.
Әлібекұлы Біржан
Кім сүймейді ет жақынын, туысын,
Украина — туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де — ұлы сын.
Жексенбай Назерке
Қадірменді бір досымыз — өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Балтабайұлы Дидар
Дәм-тұзымыз аралас біз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен басбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
Аманбекқызы Інжу
Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос, болдым қонақ.
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол-ақ.
Рымбай Диас
Қазақ-қырғыз — туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос-туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Жетібай Ақерке
Елім менің — жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің, биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған.
Меделханұлы Руслан
Жақсылыққа, бақытқа
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен — дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
Қажымұханұлы Әбіш
Ағайын-туған — бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат — туыстық,
Баянды болсын тыныштық!