Қасым ағаның арманы

Сабақтың тақырыбы

Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; ақын тілінің ерекшелігін танытып, өлеңнің мән-мағынасын ашу.

Дамытушылық

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін, ойын еркін айтуын және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Өлең арқылы туған жерді, ана тілін қастерлеуге; адамгершілікке, шыдамдылыққа, қайраттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Жаңа білім беру

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау, өз пікірін қорғау.

Көрнекілігі

Қ. Аманжолов өмірі туралы видео, ақынның портреті.

Қолданылатын стратегиялар

Топтастыру Екі жақты күнделік Кластер Еркін жазу Бес жолды өлең «Соңғы сөзді мен айтайын»

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Психологиялық дайындық.

2) Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі)

Оқушы кубиктің түскен қырына сәйкес сұраққа жауап береді:

  1. 1.Иса Байзақов кім?
  2. 2.Иса Байзақовтың туған жері қай өңір?
  3. 3.«Құралай сұлу» поэмасының авторы кім?
  4. 4.Поэмада Құралай сұлуды ұнатқан жігіттің есімі қандай?
  5. 5.Поэмада қандай бидің есімі кездеседі?
  6. 6.Поэма қалай аяқталады?

3) Қызығушылықты ояту

Тақтаға Қасым Аманжоловтың портреті ілінеді. Оқушылар болжау арқылы «Бұл кім?» сұрағына жауап береді.

4) Мағынаны тану

  1. 1.Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы видео көрсету.
  2. 2.Оқушылар түсінгендерін кластер сызбасы арқылы жеткізеді.
  3. 3.«Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқу.
  4. 4.Оқушылар өлеңді іштей жекелей оқып шығады.

5) Топтық жұмыс

Оқушыларды топқа бөлу үшін «Қыс», «Қазақ тілі», «Шәкірт ойы» өлеңдерінен бір шумақтан өлең жолдары беріледі. Әр оқушы өзіне сәйкес жолдарды тауып, тобына бірігеді.

І топ

Өлеңде ақын болашақ ұрпаққа не айтқысы келді? Қандай жолдардан мысал келтірер едіңдер?

ІІ топ

Ақынның биік мақсатын айқындайтын жолдарды тауып, түсіндіріңдер. Өлеңнен көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдерді теріңдер.

ІІІ топ

Өлеңді оқи отырып, ақынға мінездеме беріңдер. Адамгершілік қасиеттерін танытатын жолдарды табыңдар.

6) «Екі жақты күнделік»

Жеке → жұп → топ → ортақ кесте

Оқушылар алдымен жекелей орындайды, кейін жұппен, соңында топпен талқылап, ортақ кестені сынып алдында оқиды.

Өлеңнен үзінді

Менің көзқарасым

Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға, Көп күттім, көп тіледім құмарлана. Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім, Алыстан көрінгенмен құмар ғана.

Ақынның арманы шексіз, бірақ сол арманды жүзеге асыруға уақыт жетпейтінін, өмірінің қысқалығын сезінгені аңғарылады.

Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң — дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң — сырласыңмын.

Ақынның кең пейілді, жайдары мінезі көрінеді. Ақтық пен адалдықты сүйетін, өзі де пәк болмысты ақын ретінде танылады.

7) Ой толғаныс

І топ

«Қасым ағаның арманы…» тақырыбында 5 минуттық эссе жазу.

ІІ топ

Бес жолды өлең құрастыру:

  1. 1. Қасым
  2. 2. Кең пейіл, дауылпаз
  3. 3. Жазады, армандайды
  4. 4. Елінің дауылпаз ақыны — Қасым аға!
  5. 5. Ақын

ІІІ топ

«Соңғы сөзді біз айтамыз» — қорытынды пікір білдіру.

Қорытынды

Қасым Аманжолов — өзі айтқандай, елінің ерке ақыны. Қанша ғасыр, қанша жыл өтсе де, бұл бағасы өзгермек емес. Аз ғана ғұмыр кешсе де, әдебиетімізге орасан үлес қосқан дауылпаз ақынды ұрпағы мәңгі жадында сақтап, мәңгі мақтан тұтады.

Үй тапсырмасы

«Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.

Бағалау

Оқушылардың қатысу белсенділігі, талдау сапасы және топтық жұмыс нәтижесі бойынша бағалау жүргізіледі.