Топқа бөліу

Сабақ: «Мейоз және оның биологиялық мәні» (9-сынып)

Бұл сабақта оқушылар мейоздың мәнін, оның фазаларында жүретін негізгі өзгерістерді және биологиялық маңызын жүйелі түрде түсінеді.

Ресурстар

  • Биология (9-сынып) ресурстары
  • Презентация, плакаттар
  • Оқулық және электронды оқулық
  • Парақшалар
  • www.google.kz

Нәтиже мен негізгі идеялар

Оқыту нәтижесі

Оқушылар мейоздың биологиялық мәнін біледі және түсіндіре алады.

Негізгі идеялар

Мейоздың фазаларын білу және әр фазадағы өзгерістерді ажырату.

Сабақтың жалпы мақсаты

  • Мейоз туралы түсінік қалыптастыру: оның жыныс жасушаларының түзілуімен байланысты үдеріс екенін түсіндіру.
  • Мейоздың биологиялық мәні мен маңызын ашу.
  • Мейоздың фазалары және сол фазаларда жүретін өзгерістер туралы түсінік беру.

Сабақ құрылымы

1) Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу
  • Топқа бөлу
  • Үй тапсырмасын тексеру

2) Қайталау

«Кім жылдам» стратегиясы арқылы барлық оқушыға ортақ сұрақтар қойылады.

3) Мағынаны тану

  • Жаңа сабақ: «Мейоз» тақырыбы бойынша бейнематериал қарау
  • Талқылау және нақтылау сұрақтары

Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?» сұрақтары

  1. 1. Көбеюдің қандай түрлері бар?
  2. 2. Жыныссыз көбею деген не?
  3. 3. Қандай организмдер жыныссыз жолмен көбейеді?
  4. 4. Телу әдісі дегеніміз не?
  5. 5. Қолдан вегетативті көбейту дегеніміз не?
  6. 6. Қалемшелеу арқылы көбейту қалай жүргізіледі?
  7. 7. Сұлатып вегетативті көбейтудің ерекшелігі қандай?
  8. 8. Жыныссыз көбеюдің қандай түрлері бар?

Жаңа сабақты бекіту

1-топ

Мейоздың теңдеуі (қысқаша сызба/қорытынды жазу).

2-топ

Мейоздың редукциялық бөлінуі: мәні мен нәтижесін түсіндіру.

Суретпен жұмыс

«Не бейнеленген?» тапсырмасы: суреттегі үдерісті анықтап, негізгі белгілерін сипаттау.

Қорытындылау және рефлексия

«Топтастыру» стратегиясы

Оқушылар мейоздың фазаларын, әр фазадағы өзгерістерді және биологиялық маңызын кластер түрінде жинақтайды.

Қолданылатын стратегиялар

  • «Суретті түсіндір»
  • «Кім жылдам»
  • «Жигсо-мозаика»
  • «Топтастыру»
  • «Хаттар»
  • «Ортадағы қаламсап»

Материал: Забиева Д. «Мейоз және оның биологиялық мәні» (жүктеу).