Мынау - бүркіт

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Өңір: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы

Мектеп: Т. Позолотин атындағы Явленка №1 орта мектебі

Пән мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дүйсенбаева Нұржамал Жалғасбайқызы

Білім беру саласы

Қатынас

Оқу іс-әрекетінің түрі

Қазақ тілі

Тақырыбы

Құстар

Негізгі бағыт

Құс атауларын меңгерту және Ғ дыбысымен таныстыру

Мақсаты

  • Балаларды құс атауларымен таныстыру, білімдерін толықтыру.
  • Ғ дыбысын меңгерту.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту.
  • Құстарға сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
  • Табиғат арқылы адамгершілікке баулу.

Көрнекі құралдар

  • Құстардың суреттері
  • Ғ дыбысына байланысты суретті сөздер

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Әліппе-дәптер
  • Үнтаспа
  • Интерактивті тақта
  • Сандар, түрлі түсті қарындаштар

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру Сұрақ-жауап Әңгіме Ойын Практикалық жұмыс

Сабақ барысы

Психологиялық дайындық

Мұғалім: «Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Бүгінгі сабағымыз ерекше: қонақтар келіп отыр. Ендеше, өз жетістіктерімізді көрсетейік.»

Шаттық шеңбері

Балалар өлеңді хормен айтып, мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасайды:

Сәлеметсіз бе, жарық Күн!

Сәлеметсіз бе, көк Аспан!

Сәлеметсіңдер ме, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Дұрыс жауап берген әр балаға жетон беріледі.

Ой шақыру

  • Қазір қай мезгіл?
  • Қазір қай ай?
  • Аптаның қай күні?

Тақырыпты ашу

Алдын ала дайындалған үнтаспадан құстардың дауысы тыңдатылады. Балалар дыбыстың қай құсқа тиесілі екенін табады және өздері білетін құстарды атайды.

Бүгінгі мақсатымыз — құс атауларын үйрену және Ғ дыбысымен танысу.

Сұрақ-жауап

  • Құстар бізге не үшін керек?
  • Құстар бізге не береді?

Талқылау барысында құстардың зиянкестерді жоятын, табиғатты қорғауға көмектесетін, адамға пайда әкелетін (жұмыртқа, эстетикалық әсемдік) тіршілік иелері екені қорытындыланады.

«Құстар әлеміне саяхат жасау үшін көлік таңдайық: автобус, ұшақ немесе пойыз

Ойын элементі сабаққа қызығушылықты арттыру үшін қолданылады.

1-қону алаңы: «Кім алғыр?»

Практика

Дәптермен жұмыс (23-бет)

1-тапсырма: балалар сұқ саусақпен көрсетіп, мұғалімнің соңынан қайталайды. Сөздерді хормен айтады:

көгершін торғай бүркіт қарға тауық қарлығаш қаз үйрек балапан әтеш аққу

Тақтамен жұмыс

Құстардың суреттеріне қарап, атауларын қайталап айтады және сөз тіркестерін құрастырады:

Мынау — аққу. Аққу — ақ, үлкен.

Мынау — балапан. Балапан — сары.

Мынау — бүркіт. Бүркіт — қоңыр.

Мынау — қарға. Қарға — қара.

2-қону алаңы: «Бейтаныс әріп»

Дыбыс

Сергіту сәті («Домбыра»)

Балалар қимыл-қозғалыс жасай отырып, хормен қайталайды:

Қарға

ға-ға-ға

Торғай

ғай-ғай

Қарлығаш

ғаш-ғаш

Сұрақ: «Қай дыбыс сендерге таныс емес?» — Балалар Ғ дыбысын анықтайды.

Ғ дыбысын айту ерекшелігі

Ғ дыбысын айтқанда тілдің артқы бөлігі таңдайға жақындайды, ауа олардың арасымен өтеді. Мұғалім жеке оқушыларға қайталатып, дыбыстың дұрыс айтылуын түзетеді.

Қорытынды: Ғдауыссыз дыбыс.

Дәптермен жұмыс (24-бет)

Ғ дыбысына байланысты сөздерді сұқ саусақпен көрсетіп, хормен айтады:

қарға ғарышкер қарлығаш торғай сағат ағаш