Сөйлемдерді көшіріп жазу Сөйлем мүшелеріне талдау

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері (22–27-жаттығулар)

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты

  • Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру; сөйлем мүшелеріне талдата отырып, мағынасына қатысты білімін нақтылау.
  • Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін және ауызша сөйлеу тілін дамыту.
  • Дәптермен және тақтамен жұмыс барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік қалыптасады.
  • Сөйлем мүшелеріне талдау жасауға дағдыланады.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары

Көрнекіліктер

Мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.

Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Балалар, біз желтоқсан айында қандай ұлы мерекені тойлағалы жатырмыз?»

Оқушылардың жауабы: «Туған еліміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесін тойлағалы жатырмыз.»

Келесі сұрақ: «Тәуелсіздігімізді қашан алдық?»

Оқушылардың жауабы: «1991 жылы 16 желтоқсанда алдық.»

Мұғалімнің қорытынды сөзі: халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізу жолында талай ерлер мен апа-ағаларымыз жанын қиып, қан төкті. Бүгінгі сабақта тапсырмалар орындау арқылы ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың мәнін танып көреміз.

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма: 19-жаттығу, 2-бөлім. Оқушылар сөйлемдерді оқиды.

Мұғалімнің бағалауы: оқушылар тапсырманы өте жақсы орындады.

1-мұра

Бірінші мұра – жер.

Мағынаны тану: жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты меңгеру кестедегі сөйлемдерді талдаудан басталады. Бүгінгі тақырып: «Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері».

Оқушылар дәптерлеріне күнін және тақырыпты жазады.

22-жаттығу: мысалдар

Дара мүшелер

  • Аптада жеті күн бар.
  • Айгүл мектепке келді.
  • Ақ көбелек гүлге қонды.

Күрделі мүшелер

  • Бір жылда он екі ай бар.
  • Дулат үйге келе жатыр.
  • Ақ сары балапан сүйкімді-ақ.

Ереже

Дара мүше – бір сөзден жасалған сөйлем мүшесі.

Күрделі мүше – екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі.

2-мұра

Екінші мұра – шаңырақ.

23-жаттығу

Жаңылтпашты оқып, жатқа айту (ауызша).

Мұғалімнің мадақтауы: жаңылмай, анық айтқандарыңыз үшін рахмет.

3-мұра

Үшінші мұра – бесік.

24-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазу және сөйлем мүшелеріне талдау жасау.

4-мұра

Төртінші мұра – ою-өрнек.

Мұғалім туралы мәлімет

Мұғалім: Бектлеуова Б. Т.

Тақырып: «Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері» (22–27-жаттығулар)