Жай бөлшектер және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың тақырыбы
Жай бөлшектер және жай бөлшектерге амалдар қолдану (Математика, 6-сынып).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жай бөлшектер және оларға қолданылатын амалдар бойынша алған білімді есеп шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру.
Дамытушылық
- Алған білімін тәжірибеде қолдануда оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру.
- Білім деңгейін көтеру, деңгейлік тапсырмаларды меңгерту.
- Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Білімді саналы түрде меңгеруге үйрету.
- Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа баулу.
- Ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге тәрбиелеу.
- Үлкен жетістікке ұмтылу дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері
-
1) Білімділік
Натурал сандардың бөлінгіштігі (бөлгіштік) ережелерін білу.
-
2) Тәрбиелік
Білімділікке, ұлтжандылыққа және сауаттылыққа баулу.
-
3) Дамытушылық
Оқушылардың ақыл-ойын дамыту және жай бөлшектермен жұмыс істеу дағдысын нығайту.
Негізгі ережелер
Бөлшектің мәні өзгермейді
Жай бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткенде немесе бөлгенде бөлшектің мәні өзгермейді.
Бөлшекті қысқарту
Бөлшектің алымы мен бөлімін 1-ден өзге ортақ бөлгішке бөлу — бөлшекті қысқарту деп аталады.
Сабақ туралы мәлімет
Көрнекілігі
Парақшалар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың типі
Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Өтілген тақырыпты бекіту сабағы.
Оқыту әдісі
Түсіндірмелі және практикалық әдістер; деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сыныптың және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу және ойын элементі
Сынып үш топқа бөлінеді: I топ — «Халықтық Банк», II топ — «Альянс Банк», III топ — «БТА Банк».
Әр топтың бастапқы капиталы: 500 евро.
II. «Біліміңді сынап көр»
Акциялар сату (бір акцияның құны — 10 евро).
Үй тапсырмасын тексеру
I нұсқа
1. Көбейтуді орында:
- а) 2325,65 · 2,3 =
- б) 1965,6 · 14,4 =