Қатынас әлеуметтік сала
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру саласы
Қатынас (әлеуметтік сала).
Тақырыбы
Мамандықтар.
Білім беру бөлімі
Қоршаған дүниемен таныстыру.
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану, ән сабағы, математика, сахналау.
Көрнекіліктер
Кітап, плакат, слайд, мамандық киімдері; әк, таскөмір, мұнай өнімдерінің үлгілері; шаштараз құралдары; дайын ас, сүт.
Сабақ түрі
Кіріктірілген сабақ.
Сөздік жұмыс
Мұнай, таскөмір, әк.
Мақсаты
- Адамдардың әртүрлі мамандықтары туралы түсінік қалыптастыру.
- Балалардың мұнайшы, шахтер, құрылысшы мамандықтары туралы түсінігін кеңейту; пайдалы қазбалар, олардың алыну жолдары және одан жасалатын өнімдер туралы түсіндіру.
- Жанар-жағармай қолданылатын ортада қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен, бас иеміз біз.
Жүректі біз ашайық,
Бақыт нұрын шашайық.
Барлық жақсы тілекті,
Сіздерге біз арнайық.
Тәрбиешінің сұрағы
«Менің қолымнан нені көріп тұрсыңдар?»
Балалардың жауабы
«Жүрек».
Тәрбиеші жүректі балаларға ұсынып: «Осы жүрек арқылы өскенде кім болғыларың келетінін айтып беріңдер», — дейді.
Балалардың армандары
- Әнші
- Мұғалім
- Биші
- Дәрігер
- Өрт сөндіруші
- Заңгер
- Тігінші
- Сатушы
- Полиция қызметкері
- Аспаз
- Теңізші
- Сауыншы
- Шаштараз
- Балташы
- Шекарашы
- Суретші
- Хат тасушы
- Жол полициясы қызметкері
Тәрбиеші: «Рахмет, балалар. Отыра қойыңдар».
«Мамандықтар әлеміне» саяхат
Тәрбиеші: «Тақтаға қараңдар. Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Бұлардың барлығы — мамандықтар. Енді біз мамандықтар әлеміне саяхатқа барамыз».
Жұмбақ
Мынау қандай әдемі үй,
Терезесі дөңгелек.
Аяғында резеңке,
Жүреді ол бензинмен.
Жауабы: автобус.
Жол ережесі
Саяхатқа автобуспен барамыз. Автобусқа отыру үшін жолдың келесі бетіне өту қажет. Бұл кезде жол полициясы жаяу жүргінші өтетін жолақты көрсетеді.
Бағдаршам
Тәрбиеші: «Тоқта, алдымызда не тұр?» — «Бағдаршам».
Бас көшеде қырағы,
Үш көзді дәу тұрады.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп біл үш сөзін:
Тоқта, сақтан, жол ашық —
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сабыр сақта, баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба.
Аялдамалар: пайдалы қазбалар және еңбек
1-аялдама: Мұнайшы
Біз мұнайшы маманбыз,
Байлығына ел алаңбыз.
Жерге бұрғы саламыз,
Мұнай көзін табамыз.
Тәрбиеші түсіндіреді: мұнайдан жанар-жағармай алынады. Мысалы, АИ-92, АИ-96, АИ-80 бензин түрлері көлікке құйылады. Сондай-ақ мұнайдан парафин алынады — ол балауыз шам жасауға қажет, электр жарығы жоқ кезде пайдаланылады.
Қауіпсіздік: жанар-жағармай мен отқа қатысты заттарды дұрыс қолданбасақ, өрт қаупі туып, қоршаған ортаға зиян келуі мүмкін. Сондықтан сақтық ережелерін міндетті түрде сақтау керек.
2-аялдама: Шахтер
Ғалымда, шахтерде бас иетін,
Ұстазым бар — сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, сана берген,
Көз алдымнан кетпейді-ау сенің бейнең.
Тәрбиеші: «Міне, таскөмір. Оны шахтерлер жердің астынан қазып алады. Қарағанды — таскөмір өндірісінің ірі орталығы. Көмірді біз үйді жылыту үшін пайдаланамыз».
3-аялдама: Құрылысшы
Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Алматыдан аумайтын,
Әсем қала саламын.
Құрылысшы еңбегі — қаланың көркеюі мен қауіпсіз ғимараттардың салынуына негіз болады. Бұл мамандық дәлдік пен жауапкершілікті талап етеді.