Үстеудің сұрақтарын ата
Қазақ тілі пәні • 4-сынып
Абай атындағы мектеп-лицейі
Сабақтың тақырыбы
Мезгіл үстеуі
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды мезгіл үстеулерімен және оған қойылатын сұрақтармен таныстыру.
- Үстеудің мағыналық түрлері туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
- Мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем құрастыра білуге және сөйлем ішінен таба алуға үйрету.
Күтілетін нәтиже
Оқушы ойын жүйелеп, еркін айтуға және өз ойын өз сөзімен жеткізуге үйренеді.
Әдіс-тәсілдер
Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап.
Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
а) Назарды сабаққа аудару
Психологиялық дайындық жүргізіледі.
ә) Өткен сабақты еске түсіру
Сканворд шешу арқылы қайталау.
Сканворд сұрақтары
-
1. Етістіктің алда болатын жағдайды баяндауы.
-
2. Кім? Не? сұрағына жауап беретін септік.
-
3. Қабанбай батырды «Дарабоз» атаған хан.
-
4. Кімге? Неге? сұрағына жауап беретін септік.
-
5. Заттардың санын білдіретін сөз табы.
-
6. Қазақтың ұлы ақыны.
-
7. Кімде? Неде? сұрағына жауап беретін септік.
-
8. Қарама-қарсы мәндес сөздер қалай аталады?
-
9. Жұмбақ: Асты тау, үсті тау, ортасында бұжыр тау.
-
10. Кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін септік.
-
11. Қашықтықты жылдамдыққа бөлу арқылы нені табамыз?
-
12. Екі немесе үш сөйлемнен тұратын сөйлем.
-
13. Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы.
Талқылау сұрақтары
Сканвордтың ортасындағы қызылмен белгіленген бөліктен қандай сөз шықты?
Жауап: «Рухани жаңғыру».
- «Рухани жаңғыру» деген не?
- Бұл кімнің жолдауы?
- Жолдаудың мақсаты қандай?
- Негізгі бағыттары мен міндеттерін атаңдар.
Қызығушылығын ояту
Өткен сабақта біз үстеу тақырыбын қарастырған едік. Енді білімімізді еске түсіріп, жаңа тақырыпқа көпір жасаймыз.
Сұрақ
Үстеу дегеніміз не?
Сұрақ
Үстеудің сұрақтарын ата.
Сұрақ
Мысал келтір.
Ережені қайталау
Оқушылар үстеудің анықтамасын, сұрақтарын және мысалдарын айтып, бұрынғы білімін бекітеді.
«Білемін – Білдім – Білгім келеді» стратегиясы
Жаңа тақырыпқа өтпес бұрын, оқушылар өз білімін жүйелеу үшін төмендегі үш қадам бойынша жұмыс жасайды.
Білемін
Үстеу туралы бұрыннан білетін мәліметтерін жазады немесе айтады.
Білдім
Сабақ барысында меңгерген жаңа ұғымдар мен қорытындыларын белгілейді.
Білгім келеді
Мезгіл үстеуі туралы нақты сұрақтарын құрастырады.
Келесі қадам
Мезгіл үстеуі тақырыбы бойынша тапсырмалар жүктеледі және талдау жұмысы жүргізіледі.