Ағылшын ғалымы

Сабақ тақырыбы

Дүние жүзі тарихы (8-сынып): XVII–XVIII ғасырлардағы ғылым мен мәдениеттің дамуы.

Білімділік мақсаты

Оқушыларға XVII–XVIII ғасырлардағы жаңа заман ойшылдарының көзқарастарын (Джон Локк, француз ағартушылары және т.б.) түсіндіру; ғылым мен білімдегі жаңа идеялар, жаңалықтар және қоғамдағы өзгерістер туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық мақсаты

Сұрақ қою және нақты жауап беру дағдысын дамыту; мағыналы сөйлем құрауды жетілдіру; тарихи оқиғалар мен құбылыстардың себеп–салдарын және маңызын талдай білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты

Ғылымды, ғылыми жаңалықтарды және өнерді бағалай білуге дағдыландыру; қоғамдағы өзгерістерге қатысты өз көзқарасы бар саналы азамат тәрбиелеу.

Әдістер

  • Баяндау
  • Сұрақ–жауап
  • Мадақтау
  • СТО: «Ғалыммен сұхбат», «Ой қозғау»
  • Ойын элементтері

Көрнекіліктер

  • Карта
  • Портреттер
  • Сызбалар

Сабақ типі

Интеграциялық сабақ: жаратылыстану (5-сынып), физика (8-сынып), астрономиямен байланыс.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Дәйексөз

Тыңдағанымды ұмытпаймын.

Көргенімді есімде сақтаймын.

Қолыммен істегенімді түсінемін.

2) Үй тапсырмасы: «Азия және Африка елдерін отарлау»

Үй тапсырмасы тест және карта бойынша жұмыс арқылы тексеріледі.

Тест тапсырмалары — 1-нұсқа

  1. 1. Еуропалықтардың отаршылдық саясатын бастаған қай елдер?

    • A. Испандықтар, орыстар
    • B. Ағылшындар, болгарлар
    • C. Испандықтар, португалдықтар
  2. 2. Отаршылдықты жүзеге асыратын, саудаға бақылау жүргізетін тірек пункттер қалай аталды?

    • A. Фактория
    • B. Комиссия
    • C. Буржуазия
  3. 3. Отарлары Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Индонезия мен Цейлонда орналасқан елдер:

    • A. Франция, Ресей
    • B. Германия, Португалия
    • C. Англия, Голландия
  4. 4. XVIII ғасыр бойы Америка мен Үндістанды отарлау үшін бәсекелескен елдер:

    • A. Англия, Ресей
    • B. Англия, Испания
    • C. Англия, Франция
  5. 5. Англия мен Франция арасындағы 1741–1748 жж. соғыс не үшін болды?

    • A. Үндістан үшін
    • B. Испан мұрагерлігі үшін
    • C. Австрия мұрагерлігі үшін
  6. 6. Англия Үндістанды толық отарлауды қашан аяқтады?

    • A. XIX ғасырдың басы
    • B. XIV ғасырдың ортасы
    • C. XIX ғасырдың аяғы

Тест тапсырмалары — 2-нұсқа

  1. 1. Отаршылдық неден бастау алады?

    • A. Қайта өрлеу дәуірі
    • B. Ұлы географиялық ашулар
    • C. Гуманизм
  2. 2. XVII ғасырдың басында Батыс Еуропада сауда және отаршылдық саясатта алғашқы орынды иеленген ел:

    • A. Англия
    • B. Голландия
    • C. Франция
  3. 3. Негізінен Үнді мұхиты арқылы сауда жүргізген, «мемлекет ішіндегі мемлекет» тәрізді құрылымы бар компания:

    • A. Вест Үнді компаниясы
    • B. «Королева Виктория» компаниясы
    • C. Ост-Үнді компаниясы
  4. 4. Англия мен Франция арасындағы 1702–1713 жж. соғыс не үшін болды?

    • A. Үндістан үшін
    • B. Испан мұрагерлігі үшін
    • C. Австрия мұрагерлігі үшін
  5. 5. 1756–1763 жж. Жеті жылдық соғыс барысында Францияны Үндістандағы иеліктерінен айырған ел:

    • A. Англия
    • B. Бельгия
    • C. Испания
  6. 6. Еуропалық отаршылдыққа қарсы «жабық есік» саясатын ұстанған елдер:

    • A. Өзбекстан, Хиуа, Ауған хандықтары
    • B. Қытай, Жапония, Корея
    • C. Ресей, Үндіқытай, Мысыр

Тест жауаптары

1-нұсқа

1 — C, 2 — A, 3 — C, 4 — C, 5 — C, 6 — B

2-нұсқа

1 — B, 2 — B, 3 — C, 4 — B, 5 — A, 6 — B

Картамен жұмыс

  • Англияның отарларын картадан көрсету: Египет, Судан, Үндістан, Арабия түбегі.
  • Францияның отарларын картадан көрсету: Алжир, Тунис, Гвинея, Мавритания, Мали.
  • Испания: астанасы — Мадрид; отарлары — Батыс Сахара, Марокко аумағы және Оңтүстік Америкадағы иеліктер.

Үй тапсырмасын қорытындылау және жаңа сабаққа көпір

«Ой қозғау»: Ағартушылық дәуірі туралы тірек сөздерді жазу және қысқа талқылау.

Жаңа сабақ жоспары

3.1) Философия

Жаңа заманда философия қоғамды, адамды және табиғатты түсіндірудің негізгі құралдарының біріне айналды. Ғылым мен білімдегі өзгерістер дүниетанымға тікелей әсер етті.

3.2) Философиядағы жаңа идеялар

Эмпиризм мен рационализм сияқты бағыттар күшейіп, танымның әдістері жаңаша түсіндірілді. Бұл үрдіс табиғаттану ғылымдарының дамуына серпін берді.

Галилей мен Ньютон: пәнаралық байланыс

Мұғалім Г. Галилей мен И. Ньютонның ашқан жаңалықтарын қысқаша сипаттап, «Бұл кім?» деген сұрақ қояды. Оқушылар олар туралы жаратылыстану, физика пәндерінен бұрыннан білетіндіктен, өздері анықтайды.

Фрэнсис Бэкон (1561–1626)

Әлеуметтік тегі
Дворяндар әулеті.
Білімі
Кембридж университетін бітірген.
Қызметтері
Дипломат, парламент мүшесі, адвокат-шешен, жазушы.
Негізгі үлесі
Эмпиризмнің дамуына жол ашты.

Негізгі қағида

«Күш — білімде» (лат.: Scientia potentia est).

Негізгі еңбектері

  • «Жаңа Органон»
  • «Тәжірибелер немесе адамгершіліктік және саяси қағидалар»
  • «Жаңа Атлантида»

Бэкон философияның практикалық қызметіне ерекше мән берді. «Жаңа Атлантида» еңбегінде адам бақытының негізі техникалық өнертабыстар екенін айтады. Ол ғылымдарды да адамның игілігіне жарамдылығына қарай жіктеуді ұсынды. Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу нысандары — табиғат пен адам.

Рене Декарт (1596–1650)

Декарт — жаңа заман ойшылы, латынша аты-жөні жиі Картезий деп беріледі.

Еңбектері

  • «Әдіс туралы»
  • «Диоптрика»
  • «Метеор»
  • «Геометрия»

Жаңалығы

  • Рационализмнің негізін қалады.
  • Геометрияға «айнымалы шамалар» ұғымын енгізді.
  • Қозғалысты математикалық тәсілмен зерттеуге жол ашты.

Термин

Рационализм — таным мен іс-әрекеттің түп негізін адамның ақылымен байланыстыратын көзқарас.

Жаңа сабақты бекіту

1) Терминдерді анықта

Берілген анықтамаға сәйкес терминді жазыңыз.

  1. Анықтамалық бағытта шығарылатын ғылыми басылым — ________
  2. Таным мен іс-әрекеттің түп негізін адамның ақылымен байланыстыратын көзқарас — ________
  3. Дүниені ешкім жаратқан жоқ деп, құдайды жоққа шығаратын көзқарас — ________
  4. Жер және басқа планеталар Күнді айналады дейтін көзқарас — ________
  5. Аспан әлемін зерттейтін ғылым — ________
  6. Ғылымның негізі — тәжірибе дейтін ұстаным — ________

Жауаптары

1) Энциклопедия, 2) Рационализм, 3) Атеизм, 4) Гелиоцентризм, 5) Астрономия, 6) Эмпиризм.

2) Хронологиялық есептер

Оқушы математикалық амалдарды орындау арқылы сұрақтың жауабын табады.

  • Францияда энциклопедия алғаш қашан жарияланды?

    (2484 : 2) + (2000 − 1751) = 1491

  • Ш. Монтескье дүниеге келген жыл?

    (1500 + 35) + (77 × 2) = 1689

  • «Маңғыстау» энциклопедиясы қашан жарияланды?

    (3000 : 3) + (2600 − 1602) = 1998

3) Тарихи диктант

Оқушылар сөйлемдегі түсіп қалған сөзді тауып, орнына жазады.

Тірек сөздер

  • Джон Локк
  • «Жаңа Атлантида»
  • Бүкіләлемдік тартылыс заңы
  1. Ағылшын ғалымы ________ «баланың санасы таза парақ секілді, кейін оған өмір өз таңбасын түсіреді» деп тұжырымдады.

  2. Фрэнсис Бэконның ________ кітабында арал тұрғындарының бақытының негізі техникалық өнертабыстар екені айтылады.

  3. Жарықтың толқын теориясын жасаушы Христиан Гюйгенс пен ғалым Лейбниц Ньютонның ________ заңына қарсы болды.

4) «Кім жылдам?» ойыны

3 тірек сөз беріледі. Оқушылар сол сөздерге қатысты ұғымдар мен есімдерді мүмкіндігінше көп атайды.

Физика

И. Ньютон, бүкіләлемдік тартылыс заңы, қозғалыс заңдары, жарық; И. Кеплер, инерция.

Астрономия

Галилей, телескоп, планеталар, Күн, Ай.

Ойшылдар

Монтескье, Дидро, Бэкон және т.б.

Қорытынды, үй тапсырмасы және бағалау

Сабақты қорытындылау

Негізгі ұғымдарды (эмпиризм, рационализм, ағартушылық идеялары) қысқаша қайталау, сабақтағы байланыстарды белгілеу.

Үй тапсырмасы

  1. СТО «Ғалыммен сұхбат» стратегиясы бойынша: ағартушылық дәуірінде өмір сүрген ғалыммен немесе өнер қайраткерімен қиялдағы сұхбат жазу. Оқып беру уақыты 1–2 минуттан аспауы тиіс.
  2. Мәтінді оқу және қысқаша конспект жасау.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жауаптары, тапсырма орындауы және талқылауға қатысуы негізінде бағаланады.