Тәуелсіздік күні қай күн

Болашаққа нұр құйған Тәуелсіздік

Бұл тәрбие сағатының мақсаты — оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолында талай тар жол, тайғақ кешуден өткенін таныту, ата-бабаларымыздың ерлігі мен өрлігін ұғындыру, тәуелсіздіктің мәнін ашу. Сонымен қатар елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық сезім ояту; елжандылыққа, ұлттық рухқа, адамгершілікке тәрбиелеу; ана тілін, тарихын құрметтеуге баулу.

Мұғалімнің сөзі

Тәрбие сағатын бастауға арналған кіріспе және ой қозғау сұрақтары.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Болашаққа нұр құйған Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұған дейін біз Астана туралы және халқымыздың қонақжайлығы туралы «Кең болсаң, кем болмайсың» атты тәрбие сағаттарын өткізген едік. Ендеше, сол сабақтардан еске түсірейік.

Ой қозғау сұрақтары

  • Біз қай мемлекеттің азаматтарымыз?
  • Ұлтымыз кім?
  • Тіліміз қандай?
  • Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
  • Содан бері қанша жыл өтті?
  • Тәуелсіздік күні қай күн?

Қазақстан туралы қысқаша деректер

Жер көлемі
Қазақстан Республикасының аумағы — 2 417,3 мың шаршы шақырым. Айтылатын дерек бойынша, республика территориясына шамамен жеті мемлекет сыяды: Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия.
Көршілес елдер
Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан.
Халық және әкімшілік бірліктер
Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қала бар. Ел ордасы — Астана.

Тәуелсіздік жолындағы күрес

Тарих деректеріне сүйенсек, қазақ жерінде соңғы бес ғасыр ішінде үш мыңға жуық ірілі-ұсақты көтеріліс пен наразылық болған. Олардың бәрінің түпкі мұраты — қасиетті тәуелсіздікке ұмтылу.

Бұл тәрбие сағаты көрініспен басталады.

Көрініс: Ата мен немере

Немере: Ата, не ойлап отырсыз?

Ата: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағын да, өткен өмірімізді де ойлаймын.

Немере: Өткен өмір деген не?

Ата: Ә, балам, өткен өмір деген — сонау ежелгі ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы, тарихымыз емес пе?

Немере: Ол қандай болған?

Ата: Ендеше тыңда, балам…