Электронды оқулықтан Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы, Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңін тыңдау
Алматы қаласы, Әуезов ауданы • Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы
Сабақ тақырыбы
Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Ақынның өмірі туралы мағлұмат беру.
- Өлеңді оқып, талдап, негізгі идеясын ашу.
Дамытушылық
- Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Өз ойын еркін, дәл жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелік
- Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бағыттау.
- Жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.
- Өмірде қажет құндылықтарды таңдай білуге баулу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақты меңгерту
- Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, баяндау және т.б.
- Жабдықтар
- Ақын портреті, шәкірттерінің портреттері, электрондық оқулық, үнтаспа
- Пәнаралық байланыс
- Тарих, қазақ тілі, музыка, шахмат
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
II. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау: Венн диаграммасы
Адам қасиеттерін салыстыру арқылы «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» сұрағына жауап іздейміз.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаев:
«Менің пірім — Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай»
Осы ойды бағдар ете отырып, бүгін озық ойлы, өткір тілді Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңімен танысамыз.
2) Тыңдалым: электрондық оқулық
Электрондық оқулықтан Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметті және «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін тыңдаймыз.
3) Сөздік жұмысы
| Сөз | Түсіндірме |
|---|---|
| Парқы | Бағасы, қадірі |
| Миуалы | Жемісті |
| Көр көкірек | Еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде |
| Көзі соқыр | Түк білмейтін надан |
| Шала | Отта толық жанып бітпеген ағаш |
| Тана | 1–2 жас аралығындағы ірі қара |
| Сөзі майда | Сыпайы, әдепті сөйлейді |
4) Оқылым және айтылым
- Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Өлең мазмұнын қарасөзге айналдырып айтады.
5) Сұрақ-жауап
Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өлең мазмұнын қаншалықты меңгергені анықталады.
6) Топтық жұмыс
1-топ
Өлеңнен теңеу сөздерді табу.
2-топ
Антоним, синоним, дисфемизмдерді табу.
3-топ
Қайталау мен аллитерацияға мысалдар келтіру.
4-топ
Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді табу.
5-топ
Өлеңнің идеясын ашу және тақырыпқа сай мақал-мәтелдер ұсыну.
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді».
Осы нақылға сүйене отырып, жақсы адам болу үшін қандай қасиеттер қажет екенін талқылаймыз.
Әдеби-мәдени байланыс
Қазақ халқында адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, халық жырларын нақышына келтіріп орындаған тұлғалар көп. Солардың ішінде XIX ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі — Сүйінбай. Оның шәкірті — өлең сөздің дүлдүлі, жыр алыбы Жамбыл. Жамбылдың дәстүрін жалғаған шәкірттер қатарында Кенен Әзірбаев, кейінгі буында Алтынбек Қоразбаев, одан әрі Мейрамбек пен Тоқтар есімдері аталады.
Тыңдалым: Тоқтар Серіковтің орындауындағы халық әні «Дүние-ай».
III. Сабақты бекіту
«Кім жылдам?» ойыны
Шахмат ойынының ережесіне сай аттың жүрісімен жүріп отырып, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді оқимыз.
IV. Үй тапсырмасы
- Өлеңнен ұнаған шумақты жаттау.
V. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мәнерлеп оқуы, топтық жұмысқа қатысуы және жауаптарының мазмұндылығы бойынша бағаланады.