Жорға сұрақтары

Жалпы мәлімет

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің география пәні мұғалімі Исмагулова Айгүл Рахметқалиқызы 9 «А» және 9 «Б» сынып оқушылары арасында «Білгір географ» танымдық сайысын ұйымдастырды.

Көрнекіліктер

  • Жарты шарлардың физикалық картасы
  • Глобус
  • Презентация слайдтары

Мақсаты

  • 1 XXI ғасыр — білімділер ғасыры. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заман талабына сай тұлға қалыптастыру.
  • 2 Жас ұрпаққа сапалы білім беріп, әлемнің дамыған елдерімен тең деңгейде бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу.
  • 3 Пәнге қызығушылықты арттыру, ойлау қабілетін дамыту, көшбасшыны анықтау және алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдам ой түюге үйрету.

Сайыс құрылымы

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең оқушылардың білімін, карта және кеңістікпен жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлауын жан-жақты бағалауға бағытталған.

1-кезең

Өзін-өзі таныстыру (екі команда ортаға шығып таныстырады).

2-кезең

«Жорға сұрақтары» (жедел сұрақ-жауап).

3-кезең

Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар (табиғат тақырыбы).

4-кезең

«Десанттық көмек» (координаттар, уақыт айырмасы).

5-кезең

«Мерген» (картадан объектілерді табу және орналастыру).

6-кезең

Логикалық ойын (географиялық пайым).

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

1-жүргізуші

«Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету — Египетте болып пирамидаларды көрмей кетумен, немесе Астанада болып Бәйтерекке қарамай кетумен тең», — деуге болады. География — тек ғылым ғана емес, сонымен бірге өнер. Жерді жоғары деңгейде сипаттау үшін үлкен суреткерлік талант қажет. Сондықтан А. Дюма, Ж. Верн, М. Твен сияқты жазушыларды да тамаша географтар деуге негіз бар.

2-жүргізуші

География — ерекше ғылым. Әлемге әйгілі географтар қатарынан қарақшыларды, авантюристерді, барлаушыларды да кездестіруге болады: олар алтын іздеді, билік пен оқиғаның соңына түсті. Дегенмен, көптеген саяхатшылардың есімі дүниежүзілік картадан өз орнын тапты. Жаңа жерлерді ашуға ұмтылған мұндай ерлігі мол тұлғалар әрқашан құрметке лайық.

Сайысқа 9-сыныптардың екі командасы қатысады. Қатысушылар — мектептің белсенді, ізденімпаз оқушылары. Оларға сәттілік тілейміз.

Әділқазылар алқасы

  • Мектептің оқу ісінің меңгерушісі
  • География пәнінің мұғалімі
  • Биология пәнінің мұғалімі
  • Химия пәнінің мұғалімі

2-кезең: «Жорға сұрақтары»

Барлығы 30 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

  1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл — Сахара.
  2. Дүниежүзіндегі ең терең көл — Байкал.
  3. Үнді мұхитының ең терең жері — Зонд шұңғымасы.
  4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан — Килиманджаро.
  5. «Теңіз» деп аталатын екі көл: Каспий, Арал.
  6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама — Анхель (1054 м).
  7. Қазақстанның тұңғыш географ-ғалымы — Ш. Уәлиханов.
  8. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек — Арабия.
  9. Қазақстанның ең биік нүктесі — Хантәңірі (6995 м).
  10. Дүниежүзіндегі ең үлкен қала — Токио.
  11. Қазақстандағы ең үлкен мұздық — Корженевский (12 км).
  12. Ең үлкен бұғаз — Дрейк.
  13. Солтүстік және Оңтүстік полюстерді қосатын сызық — меридиан.
  14. Ең кішкентай құс — колибри.
  15. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен — Амазонка.
  16. Ең суыққа төзімді құс — пингвин.
  17. Рентген зауыты салынған өңір — Ақтөбе.
  18. Қазақстандағы АЭС орналасқан қала — Ақтау.
  19. Дүниежүзіндегі ең кіші мемлекет — Ватикан.
  20. Жер көлемі жөнінен 1-орындағы мемлекет — Ресей.
  21. Ең тұзды теңіз — Қызыл теңіз.
  22. Кофенің отаны — Африка.
  23. Жер қыртысының қозғалысын зерттейтін ғылым — сейсмология.
  24. Мұхит суының тұздылығын өлшейтін өлшем — промилле.
  25. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк — Аустралия.
  26. Мұнай өлшемі — баррель.
  27. Қысқы күн тоқырауы — 22 желтоқсан.
  28. Жер шарында 24 сағаттық белдеу бар.
  29. Ең ірі су жануары — кит.
  30. Қазақстанның астанасы Ақмолаға 1997 жылы көшірілді.

3-кезең: Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар

Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Табиғат тақырыбындағы жұмбақтарға жауап беріледі. Бірінші болып ұпайы аз команда бастайды.

1-жұмбақ

Қаласы бар, үйі жоқ. Өзі бар, суы жоқ. Орманы бар, түбі жоқ. Бақшасы бар, гүлі жоқ.

Жауабы: Карта

2-жұмбақ

Ешбір тіреусіз күмбез, ешбір сүйеусіз күмбез. Ешкім көтере алмайды, ешкім төңкере алмайды.

Жауабы: Аспан

3-жұмбақ

Жер бетінің кескінін түрлі түспен көрсеткен. Өзі құрметті болса да, тиіпті орын ең шеттен.

Жауабы: Шартты белгі

4-жұмбақ

Жалғыз бағыт білері, бұрғаныңа көнбейді. Жол көрсетіп береді, өзі бірақ көрмейді.

Жауабы: Тұсбағдар

5-жұмбақ

Бар ма, жоқ па — оны анық білмейміз. Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейміз.

Жауабы: Ауа

4-кезең: «Десанттық көмек»

Тапсырмалар

  • Координаттар бойынша географиялық объектіні табу — 5 ұпай.
  • Қалалардың сағаттық айырмашылығын анықтау — 10 ұпай.

1-топ тапсырмалары

  1. 19° с.е. – 99° б.б. — Мехико
  2. Нью-Йорк пен Алматы — 10 сағат
  3. 37° о.е. – 150° ш.б. — Сидней
  4. Каир мен Санкт-Петербург — 0

2-топ тапсырмалары

  1. 12° о.е. – 77° б.б. — Лима
  2. Ақтөбе – Канберра — 6 сағат
  3. 48° с.е. – 113° ш.б. — Ұланбатыр
  4. Оттава – Париж — 5 сағат

5-кезең: «Мерген»

Әр топқа картадан 5 географиялық объект беріледі. Әр объектіге 1 минут уақыт бөлінеді (барлығы 5 минут).

1-топ объектілері

  • Қара теңіз
  • Үнді-Қытай түбегі
  • Дрейк бұғазы
  • Амазонка өзені
  • Мексика шығанағы

2-топ объектілері

  • Беринг теңізі
  • Сомали түбегі
  • Аден шығанағы
  • Колорадо өзені
  • Ла-Манш бұғазы

6-кезең: Логикалық ойын

1-сұрақ

Қазақстандағы ең төменгі нүкте — Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы (–132 м), ал ең биік нүкте — Хантәңірі шыңы (6995 м). Екі нүктенің айырмасы қанша?

Жауабы: 6995 м + 132 м = 7127 м

2-сұрақ

Ақмола облысында орналасқан, орташа биіктігі 300–500 м болатын қырат. Бұл өлке туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазған, әрі мұнда Қазақстанның ірі демалыс орындарының бірі бар. Бұл жер қалай аталады?

Жауабы: Көкшетау

3-сұрақ

Еуразия мен Африка аралығында, литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан теңіз. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғары тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз?

Жауабы: Қызыл теңіз

4-сұрақ

Әбден мүжіліп, үйілген өте көне таулы өлке. Миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су әсерінен қалыптасып, қазіргі кезде таудың негізі ғана сақталған. Жартасты, сүйір, жіңішке қырқалар, қорымтастар және оқшауланған тас пирамидалар кездеседі. Бұл қандай өлке?

Жауабы: Сарыарқа

Қорытынды

Сайыс соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталады. Белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.

Нәтиже: білімді бекіту, командамен жұмыс, карта дағдылары және жылдам ойлау мәдениеті.