Ұлылықтың басында ұстаз тұрар
Сабақтың тақырыбы
«Ұстаз ана – асыл жандар болаттай»
Сабақтың мақсаты
Мектепте бірнеше жыл жемісті қызмет еткен зейнеткер ұстаздарымыздың ерен еңбегін дәріптеу, насихаттау. Ұстаздық жолдың қиындығы мен қызығын ұғындыру.
Сабақтың эпиграфы
«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!»
Сабақтың барысы
Өлеңнің құдіреті
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығыңның бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең.— Абай
Абай атамыз жырлағандай, адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап өлеңнен алшақ кете алмайды. Бір шумақ өлеңнің осындай терең қуатын сөзбен жеткізу оңай емес.
Салт-дәстүр және мерейтой сабағы
Халқымыздың ұмыт бола бастаған кейбір тамаша салт-дәстүрлері мектеп табалдырығында да, отбасында да жаңғырып, тойланып жатады. Осы мақсатта үйірме мүшелерімен мерейтой сабағын өткізгелі отырмыз.
8-наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ұстаз ана – асыл жандар болаттай» атты мерейтой сабағы ұйымдастырылады.
Мерейтойдың негізгі кейіпкерлері
- Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде ұзақ жыл жемісті қызмет еткен ұлағатты ұстазымыз Орманова Гүлдер Құрманбайқызы.
- Еңбегімен ел құрметіне бөленген аяулы ұстазымыз Әбдіразақова Бибіайша апай.
- Бүгінгі таңда мектебімізде табанды еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстазымыз Түйебаева Бибісара Тұрдыбайқызы.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Құрметті де аяулы ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, отбасыларыңызға береке мен бірлік тілейміз.
2-жүргізуші
Тағдырына талайдың алаңдайсың,
Сәуле болып әлемге таралғайсың.
Білім нәрін аямайтын асыл ұстаз,
Сен менің ең аяулы анамдайсың.
1-жүргізуші
Сырлассам сәл, қаламын көңіл жасып,
Нәр білімін жүрем мен етіп азық.
Аяулы ұстаз — сан сүрлеу, соқпақ жолда
Жөн сілтер темірқазық.
2-жүргізуші
Ұстаз мерейі — ең алдымен шәкірт жетістігімен өлшенеді. Бойдағы бар күш-жігерін аямай, зерделі де зейінді шәкірт тәрбиелеу үшін бар білімі мен ілімін сарп еткен аяулы ұстаздар, сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Біз сіздерге мәңгі борыштармыз.
1-жүргізуші
Бүгінгі асыл тілектер мен жан жүрегіңізді жылытар жақсы лебіздер — тек сіздерге арналады. Әдеби монтаж.
2-жүргізуші
Әсем ән — әр елдің рәсімі екен,
Өнерпаз ортамызда басым екен.
Өнерін қуаныштан кім аяған,
Жаңа әнді сіздерге шашу етем.
1-жүргізуші
Аяулы ана! Күнім де — ана, ай да — ана,
Жетеді саған қай дана?!
Асылым өзің, ғашығым өзің,
Бас иіп өтер әулием — менің сен ғана.
Қорытынды ой
Бұл мерейтой сабағы — ұстазға деген құрметтің, аналық мейірім мен педагогикалық табандылықтың, шәкірт алғысы мен ізеттіліктің тоғысқан сәті. Ұстаз еңбегі — ұрпақ жүрегіне құйылған нұр, ел ертеңіне салынған берік іргетас.