Тұрады халықтары тату - тәтті, Соғады жүрегімде ерекше сезім

Туған ел!
Туған елім Қазақстан байтақ жерім,
Осында туып - өскен ата тегім.
Тұрады халықтары тату - тәтті,
Соғады жүрегімде ерекше сезім.
ххх
Қазақстан байлықтары тасып жатыр,
Мұнайы, мысы, кені басып жатыр.
Басқа да байлықтары жетіп жатыр,
Өзге де ұлттар мұнда келіп жатыр.
ххх
Қазақ елін түрлі ақындар жырлайды,
Қазақ елін Міржақып, Мағжан қыл қаламмен мұңдайды.
Не дегенмен біз де көрдік қазақ жайлы баяндап,
Бұл жырымды бүкіл қазақ сүйсініп бір тыңдайды.

Ана тілі
Ана тілін ардақтайық бәріміз,
Сыйлайық та, жасымыз да кәріміз.
Бәрінен де ең қымбаты өмірде
Бастауышта өткен ана тіліміз.
ххх
Тіл арқылы шерттім мен де сырымды,
Тіл арқылы жаздым мен де жырымды.
Тіл арқылы айттым мен де мұңымды,
Тіл арқылы айттым бітеу таңымды.
ххх
Не жазбайды ерігіп асау жүрек,
Мақтанады жүген тимес асаумын деп.
Не пайда, иман аз ғой, жүрегім - ау!
Не айтасың сұрақ қойса Құдайым кеп.
ххх
Ұмытамыз біз кейде иман жайлы,
Ұмытпаймыз ақша, мүлік, сыйлық жайлы.
Иманы бар адамдар сауап жинап,
Иманы бар байлықты жинамайды.
ххх
Орындалар айтқаны Бір Алланың,
Аллаһым адамдардың сынар бәрін,
Жүрейік Пайғамбардың ізіменен,
Көбейтейік тозақта шайтан жанын.



Ұқсас жұмыстар

Патриоттық тәрбие
Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Өлеңдер жинағы
Менің елім — менің Қазақстаным
ЫРЫС АЛДЫ - ЫНТЫМАҚ
Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
Ұлт тағылымы
Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері
Нұрлан Оразалин поэзиясының тілі, стилі, поэтикасы
Отбасы – отанымыздың ошағы
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар экотуризм дамуы Ақсу-Жабағлы қорығы
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Азияның басты өзендерінің географиялық ерекшеліктері
Кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
ҚАЗАНҒАП ТӘТТІМБЕТ