Зайсан көлі
Қысқа мерзімді жоспар (9-сынып, Тарих)
Ашық сабақ бәйгесіне ұсынылған қысқа мерзімді жоспар. Сабақ оқушылардың дерекпен жұмыс істеуін, талдау жасауын және өз ойын дәлелдеуді дамытуға бағытталған.
Сабақ тақырыбы
Республиканың 1965–1985 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі
Сабақ мақсаттары
- Жеке, жұптық және топтық жұмыс арқылы өздігінен білім алу.
- Оқулық пен қосымша дереккөздерге сүйеніп мәтінді талдау, тарихи тақырып бойынша пікірін дәлелдеу.
- Оқылым, жазылым, айтылым стратегияларын белгілі бір мақсатқа сай қолдану.
Жетістік критерийлері
- Берілген мәтіндегі маңызды элементтерді анықтайды.
- 1965–1985 жж. қоғамдық-саяси өмірге қатысты деректерге талдау жасайды.
- Деректерді жинақтап, қорытынды шығарады.
- Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын көрсетеді.
Құндылықтар
Патриоттық тәрбие, өмір бойы білім алудың маңызын түсіну.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, дүниежүзі тарихы.
АКТ дағдылары
- Венн диаграммасын кесте түрінде рәсімдеу.
- Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Бастапқы білім
- Әдеби және тарихи кітаптарға сүйене білу, жалпы тарихи кезеңнен хабардар болу.
- Тарихи деректерді салыстырып, талдау жасау.
Қызығушылықты ояту: «Күн дидары» айдары
11 ақпан күніне байланысты қысқаша тарихи-танымдық шолу ұсынылады: мерекелер, маңызды оқиғалар және атаулы тұлғалар.
Мейрамдар
- Әзірбайжан — Салық қызметкерлері күні.
- Ватикан — Латеран келісімі мерейтойы.
- Иран — Ислам төңкерісінің жеңісі күні.
- Камерун — Жастар күні.
- Либерия — Қарулы күштер мерекесі.
- Польша — Орман аңдарын қолдау күні.
- АҚШ — Ұлттық өнертапқыш күні.
- Филиппиндер — Эвелио Жавер күні.
- Жапония — Мемлекет қаланған күні.
Оқиғалар
- 1889 — Жапония империясында Мэйдзи Конституциясы күшіне енді.
- 1970 — орбитаға жапондық алғашқы жерсерік «Осуми» шығарылды.
- 1979 — Иран революциясы кезінде Пехлеви әулеті биліктен тайдырылды.
- 1990 — апартеидке қарсы күрескер Нельсон Мандела ұзақ мерзімді қамаудан босатылды.
Дүниеге келгендер
- 1800 — Уильям Генри Фокс Тальбот, ағылшын физигі, фотосурет негізін қалаушылардың бірі (1877 ж. қ.).
- 1847 — Томас Эдисон, америкалық өнертапқыш (1931 ж. қ.).
- 1934 — Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург.
Білу деңгейі: «Миға шабуыл» және үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы ретінде тест сұрақтары ұсынылады. Мақсаты — негізгі ұғымдар мен деректерді еске түсіру және нақтылауға бағыттау.
I. Бір дұрыс жауабы бар тест
-
1) 1965 жылы республика халық шаруашылығында жұмыс істеген дипломды мамандар саны:
- A) 0,1 млн-нан астам
- B) 0,2 млн-нан астам
- C) 0,3 млн-нан астам
- D) 0,4 млн-нан астам
- E) 0,5 млн-нан астам
-
2) 1970 жылдары Қазақстанда бірінші болып фермерлік шаруашылықты құру мен дамытуға әрекет жасаған:
- A) Н. Ким
- B) С. Мұқанов
- C) А. Қадыров
- D) И. Худенко
- E) Н. Головацкий
-
3) Азық-түлік бағдарламасы қабылданған жыл:
- A) 1982 жылы
- B) 1977 жылы
- C) 1985 жылы
- D) 1980 жылы
- E) 1975 жылы
-
4) Ауыл шаруашылығы тиімділігінің төмен болуының басты себебі:
- A) Колхоздарды жою және совхоздарды құру
- B) Колхоздарды ірілендіру
- C) Егістік жер көлемін күрт көбейту
- D) Жоспарлық көрсеткіштерді көбейту
- E) Шаруаларды еңбек нәтижелерінен айыру
-
5) Қазақстандағы су тұщытатын алғашқы атом станциясы (дүниежүзінде тұңғыш) салынған теңіз:
- A) Арал теңізі
- B) Зайсан көлі
- C) Алакөл көлі
- D) Балқаш көлі
- E) Каспий теңізі
II. Бірнеше дұрыс жауабы бар тест
-
6) Қай қалаларда мақта-мата өнеркәсібі кәсіпорындары ашылды?
- A) Қарағанды
- B) Алматы
- C) Семей
- D) Жамбыл
- E) Шымкент
-
7) 1966 жылы Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тәртібіне көшкен өнеркәсіп орындары:
- A) Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты
- B) Ақмоладағы автомобиль жөндеу зауыты
- C) Шымкент цемент зауыты
- D) Павлодар машина жасау зауыты
- E) Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы
-
8) Мәтінде қай тұлға туралы айтылған?
Еңбекшіқазақ ауданындағы Іле совхозын, кейін Алматы облысы Күрті ауданының Ақши совхозын басқарған басшы ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын енгізді. Ол фермерлік шаруашылықты дамытуға талпынып, қағазбастылықты азайтып, шаруаларға белгілі бір еркіндіктер берді. Алайда оның тиімді әрі болашағы зор әдісі тоқтатылып, ісі сотқа беріліп, өзі сотталды. Бірнеше жылдан соң, елде қайта құру басталған кезде, Қазақ КСР Жоғарғы Соты алқасының шешімімен ақталды.
Түсіну деңгейі: «Сағат — дос» әдісі
Оқушылар жұптасып, белгіленген «уақыттар» бойынша мәтінді оқып, өзара түсіндіреді. Әр жұп қысқа әрі нақты тұжырым жасайды.
Оқу бағыттары
- 09:00 — Елдің қоғамдық-саяси өмірі
- 12:00 — 1970 жылдардағы кеңестік идеология
- 15:00 — Қазақ жастарының кеңестік жүйеге қарсылығы
- 18:00 — 1979 жылғы Целиноград оқиғалары
Көрнекілік және белсенділік
- Дінмұхамед Қонаев туралы бейнематериал көру.
- «Галереяны шарлау»: 2 минут ішінде суреттер көрмесін тамашалау.
Қолдану деңгейі: негізгі ұғымдарды меңгеру
Оқушылар «Республика», «Идеология», «Автономия» ұғымдарының мағынасын ашу арқылы 3 топқа бөлінеді және терминдермен мақсатты түрде жұмыс істейді.
Республика
(лат. res publica — «халық игілігі», «қоғамдық іс») — мемлекеттік басқару нысаны; мұнда жоғары мемлекеттік билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады.
Идеология
(гр. «ой, пікір, идея» + «сөз, ілім») — қоғамдық сананың жүйеленген көзқарастар жиынтығы. Идеолог — белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың идеялық мүддесін білдіруші.
Автономия
(гр. autos — «өзі», nomos — «заң») — белгілі бір аумақта тұратын қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіндігі; конституциямен бекітілген салыстырмалы саяси дербестік.
Талдау, жинақтау және бағалау
Талдау
- I топ: қоғамдық-саяси өмір ерекшеліктерін ментальды картаға түсіру.
- II топ: қазақ жастарының кеңестік жүйеге көзқарасынан қандай үрдістер байқалады? Жад картасына түсіру.
- III топ: ұлттық қатынастардағы келеңсіз оқиғаларды топтастыру.
Жинақтау
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыру, негізгі қорытындыны тұжырымдау.
Жедел ақпарат кезеңі
Тұлғалар туралы қысқа деректер келтіріп, тарихи контекстпен байланыстыру.
Бағалау
Талқылау сұрағы: 1965–1985 жылдардағы саяси өмірдің оң және теріс жақтары қандай болды?
Тілдік мақсаттар
Терминологиямен жұмыс: республика, идеология, автономия, диссидент, эмигрант.