Денсаулық сөзін жазайықшы
Атырау облысы • Құрманғазы ауданы • Шортанбай ауылы
Ганюшкин мектебі • География пәні мұғалімі: Рахимова Бекзада
Сынып
5-сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы
«Салауаттылық болашағыңды сәулелендіреді»
Мақсаты
Оқушыларды денсаулықты күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.
Көрнекіліктер
- Презентация
- Нақыл сөздер
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сыныпты топқа бөлу
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар беріліп, бірлесе жұмыс жасау ережелері қысқаша еске түсіріледі.
2) «Жан жылуы» тренингі
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Мұғалім май шамды жағып, қасында тұрған оқушыға ізгі тілегін айтады. Оқушы шамды келесі оқушыға бере отырып, көршісінің атын атап, өз тілегін жалғастырады. Тілек айту осылайша барлық оқушыға кезекпен жалғасып, соңында соңғы оқушы мұғалімге тілегін білдіреді. Кейін барлығы орындарына жайғасады.
Сұрақ-бағыттау
Мұғалім: «Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?»
Оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім тақырыпты нақтылайды.
3) Топтастыру: «Денсаулық» ұғымы
Тақтаға «Денсаулық» сөзі жазылады. Оқушылар денсаулыққа анықтама беріп, оны сақтау үшін қандай әрекеттер қажет екенін атап, ойларын топтастырады.
4) «Таныстыру» бөлімі: суретпен жұмыс
Оқушылар суреттер арқылы ой қозғап, шағын әңгімелеу жүргізеді. Әр топ берілген тақырыпты талқылап, қорытындысын сынып алдында ұсынады. Әр топтан екі оқушы шығып, негізгі ойларды айтады.
1-топ
Оттегін бөлуші
2-топ
Адамға күш-қуат беруші
3-топ
Спорт
5) «Жат дағдылардан сақ бол» постер жұмысы
Әр топ өз тақырыбы бойынша постер жасайды. Постерлер әр 2 минут сайын келесі топқа ауысып отырады: әр топ өз ойымен толықтырып, ұсыныстар қосады. Нәтижесінде әр тақырыпқа қатысты ортақ, жинақталған пікір қалыптасады.
1-топ
Темекінің зияны
2-топ
Арақтың зияны
3-топ
Есірткінің зияны
Назар аударатын ой
Зиянды әдеттер денсаулыққа ғана емес, оқу үлгеріміне, мінез-құлыққа, болашақ мақсаттарға да кері әсер етеді.
6) Сұрақтарға жауап
Әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Топ мүшелері ақылдасып, ортақ жауап дайындайды.
1-топ сұрақтары
- Темекі шегу денсаулыққа пайдалы ма?
- Жасөспірімдер темекі тартуға не үшін қызығады? Олар кімге еліктейді?
- Ата-анаң темекі тартуға жол бере ме?
2-топ сұрақтары
- Жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігі неде?
- Тісіңді күніне неше рет жуасың?
- Өз мінез-құлқыңның жағымды қырларын атап шық.
3-топ сұрақтары
- Топтық серуен саған қызықты ма?
- Спортпен айналысу үшін уақыт бөлесің бе?
- Жұқпалы аурулар көбіне қандай жерде таралады?
7) «Тілек ағашы» — рефлексия
Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға стикерлер таратылады. Олар бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерін, ой түйінін және тілегін жазып, «Тілек ағашына» орналастырады.
Не ұнады?
Көңіл күй, бірлік, пікір алмасу.
Не үйрендің?
Салауатты әдеттердің маңызы, жауапкершілік.
Қандай тілек?
Денсаулық, белсенділік, табыс.
Қорытынды идея
Салауатты өмір салты — күнделікті таңдаулардан басталатын дағды. Тазалықты сақтау, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, зиянды әдеттерден аулақ болу және бір-біріне қолдау көрсету — оқушының бүгінгі денсаулығын нығайтып, ертеңгі болашағын жарқын етеді.