Шағын капиталистік елдердің ішінде экономикасының даму қарқынымен көзге түсетін елдер
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Сабақтың мақсаты
- Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы білім беру.
- Орта Еуропа елдерінің жетекші елі туралы білім беру.
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу жүргізіледі, үй тапсырмасы тексеріледі.
Өтілген тақырыпты пысықтау
Қайталау мақсатында сұрақтар қойылады. «Миға шабуыл» және «Кім тапқыр?» әдістері арқылы үй тапсырмасына шолу жасалады.
- 1 Батыс Еуропаның «ергежейлі елдері» деп аталу себебі неде?
- 2 Шағын капиталистік елдердің ішінде экономикасының даму қарқыны жоғары елдер қайсы?
- 3 Ең ірі агломерацияларды атаңдар.
- 4 Халық тығыз қоныстанған елдерді атаңдар.
- 5 Урбандалу деңгейі жоғары елдерді атаңдар.