Білімді тексеру

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік мақсат

  • Оқушылардың ондық бөлшек туралы ұғымын қалыптастыру.
  • Ондық бөлшектің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін ажырата білу дағдысын дамыту.
  • Ондық бөлшек жазылуында үтірдің қойылуын және ондық таңбалар санын анықтау жолын түсіндіру.
  • Ондық бөлшектерге амалдар қолдану бойынша білімді жүйелеу, толықтыру және бекіту.

2) Дамытушылық мақсат

Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен еңбектену дағдысын және математикалық ойлауын дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын тексеру. Сабақты жағымды көңіл күймен бастау үшін «Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады.

2) Сабақ мақсатымен таныстыру және үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген есептердің жауаптарын сұрау арқылы тексеру және қысқаша талдау жасау.

3) «Білімді мыңды жығады» (сұрақ-жауап)

Қайталау

Ондық бөлшек дегеніміз не?

Ондық бөлшек — бөлшек бөлімі 10, 100, 1000 сияқты ондық дәрежелерден тұратын санның жазылу түрі.

Ондық бөлшектің соңына нөл тіркесек, сан өзгере ме?

Жоқ, санның мәні өзгермейді. Бұл — ондық бөлшектің маңызды қасиеті.

2,5
2,50
2,500
2,5000

Барлығы бірдей санды білдіреді, тек жазылуы әртүрлі.

Қосу және азайту ережесі

Үтірден кейінгі таңбалар санын теңестіріп, разрядтары бойынша қосып/азайтып, үтірді баған бойынша қоямыз.

Көбейту ережесі

Алдымен үтірді елемей көбейтеміз, кейін көбейткіштердегі ондық таңбалар санының қосындысына тең орынға үтір қоямыз.

Бөлу ережесі

Бөлгішті бүтін санға айналдыру үшін үтірді оңға жылжытып, бөлінгіштегі үтірді дәл сол орынға жылжытамыз.

4) Білімді тексеру

Қайталау сұрақтары мен қысқа тапсырмалар арқылы оқушылардың түсіну деңгейі анықталады.

5) «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» (тест)

Бағалау

1) Ондық бөлшек түрінде жаз: 3 14/10

  • а) 3,4
  • ә) 0,34
  • б) 34
  • в) 0,034
  • с) 0,340

2) Қосуды орында: 19,07 + 3,23

  • а) 2,3
  • ә) 22,3
  • б) 2,23
  • в) 223
  • с) 0,223

3) Теңдеуді шеш: x − (17,035 − 13,965) = 220,1

  • а) 22,348
  • ә) 2,23485
  • б) 223,17
  • в) 2,2317
  • с) 223

4) Ондық бөлшектерді көбейт: 21,6 × 50

  • а) 108,1
  • ә) 10,8
  • б) 1,080
  • в) 1080
  • с) 0,108

5) Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр: 4,34

  • А) 434/100
  • ә) 34/10
  • б) 434/1000
  • в) 34/100

6) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.

7) «Сөз мәніне үңілсек» (мазмұнды есептер)

Тақырыпты өмірлік жағдаяттармен байланыстыратын мәтіндік есептер орындалады.

8) Бекіту және қорытындылау

Оқушылардың ондық бөлшектердің қасиеттері мен амалдарды орындау ережелерін меңгеруі қорытындыланады.

Негізгі идея

Үтірдің орнын дұрыс қою — ондық бөлшектермен орындалатын кез келген амалдың кілті.