Ауаның құрамын алғаш анықтаған кім
Интеллектуалдық марафон: «XXI ғасыр көшбасшысы»
Бұл интеллектуалдық марафонға әр сыныптан озып шығып, іріктелген білімді әрі алғыр оқушылар қатысты. Жүргізуші қатысушыларға XXI ғасырдың білім мен ғылым ғасыры екенін атап өтіп, елдің саяси және мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке ұмтылатын ұрпақ тәрбиелеудің маңызын жеткізді.
Химия туралы ой
«XXI ғасыр – химия ғасыры» деген ойды айқындай отырып, ақын Құланбай Көпішевтің төмендегі жыр жолдары оқылды:
Химия – ырыс бұлағы,
Шалқыған байлық, мол дәулет.
Аялап күтіп тұр алда,
Болашағымыз – нұр сәулет.
Алға ұмтыл, құдіретті біздің ой!
Сенде байлық, сенде ырыс,
Сенімен өмір сәнді ғой!
Ойыншыларға сайыс бөлімдері мен шарттары таныстырылды. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Бірінші кезеңнен кейін барлық қатысушы келесі бөлімге өтеді. Ал келесі кезеңдерде ең аз ұпай жинаған ойыншы сайыстан шығып отырады.
I. «Бәйге» (жедел сұрақтар)
Қатысушылар қысқа сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап береді.
-
1) Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым?
Резерфорд
-
2) Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым?
С. Аррениус
-
3) Азот молекуласындағы химиялық байланыс түрі?
Ковалентті полюссіз
-
4) Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл?
Йод
-
5) Металдардың бұзылуы қалай аталады?
Коррозия
-
6) Құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшек?
Молекула
-
7) Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті?
Аллотропия
-
8) Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?
Силикаттар
-
9) Қазақстанның қазба байлықтары картасын жасаған кім?
Қ. Сәтбаев
-
10) Ауа құрамында оттектің үлесі қанша?
21%
-
11) Ең ауыр металл?
Осмий
-
12) Сұйық металл?
Сынап
-
13) Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?
Ломоносов
-
14) Электр тогын өткізетін қышқыл, тұздар ерітінділері қалай аталады?
Электролиттер
-
15) Бейэлектролиттер дегеніміз не?
Электр тогын өткізбейтін заттар
II. «Полиглот» (екі бөлім)
1-бөлім: «Жеті жұрттың тілін біл»
Химиялық элементке жұмбақ жасырылады. Дұрыс тапқан соң элементтің атауын қазақша, орысша, латынша айту қажет.
-
Өзім газбын, менімен демаласың; жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.
Жауап: Оттек — кислород — оксигениум
-
Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.
Жауап: Күкірт — сера — сульфур
-
Ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан бастау алады.
Жауап: Сутек — водород — гидрогениум
-
Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады.
Жауап: Қорғасын — свинец — плюмбум
-
Машина мен трактордың «жаны», қара металлургияның наны.
Жауап: Темір — железо — феррум
-
Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді, салмақты адамды мақтау да келістіреді.
Жауап: Күміс — серебро — аргентиум
-
Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар; жеңілдігін ескерсең, пайдаланар жері табылар.
Жауап: Алюминий — алюминиум
2-бөлім: Зат және формула
Жұмбақтың шешімін тауып, заттың атауын және формуласын айту керек.
-
Ол болмаса асыңның дәмі кірмес, кім бар ортада оны білмес.
Жауап: Ас тұзы — NaCl
-
Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
Жауап: Су — H2O
-
Ес-түссіз адам талып қалса кейде, иіскетсең есін жияр ол лезде.
Жауап: Мүсәтір спирті — NH4OH
-
Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің торына ілігеді.
Жауап: Көмірқышқыл газы — CO2
-
Жер бетін Күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды, өзін оттектің үш атомы құрайды.
Жауап: Озон — O3
-
Аяғыңның астында жататын зат, тауға айналып, тас болып қататын зат.
Жауап: Кремнезем (құм) — SiO2
-
Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың.
Жауап: Ас тұзы — NaCl
III. «Ғажайып жетілік»
Бұл бөлімде сұрақтың күрделілігіне қарай ұпай саны өзгеріп отырады.
20 ұпай
Тайқазан 7 металдан құйылған. Ол қандай металдар?
Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын.
30 ұпай
Табиғатта сом күйінде кездесетін металдар.
Мыс, күміс, алтын, платина.
20 ұпай
Халькогендер дегеніміз не? Қандай элементтер жатады?
Оттек, күкірт, селен, теллур.
30 ұпай
Табиғатта таралуы бойынша бірінші орында тұрған металл.
Алюминий.
20 ұпай
Галогендер дегеніміз не? Қандай элементтер жатады?
Фтор, хлор, бром, йод, астат.
30 ұпай
Темірдің қанша саламен байланысы бар? Қандай салалар?
8 сала: ғарыш, биология, инабат негіздері, медицина, физика, тарих, география, халықтық педагогика.
20 ұпай
Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған?
Себебі темір метеориттің құрамында кездеседі.
Ең аз ұпай жинаған ойыншы бұл кезеңнен кейін сайыстан шығады.
IV. «Жорға» (тікелей сұрақтар)
Бұл бөлім жылдамдық пен алғырлықты талап етеді. Әр оқушыға тікелей сұрақтар қойылады.
Бірінші оқушы
- 1.Na — сілтілік металл.
- 2.Сутек — газ.
- 3.Фенолфталеин, метилоранж, лакмус — индикаторлар.
- 4.H2SO4 — қышқыл.
- 5.NaOH — сілті (күйдіргіш натр).
- 6.Ең жеңіл металл — литий.
- 7.Ас тұзы — NaCl.
- 8.Марганцовка — KMnO4.
- 9.Тұз түзушілер — галогендер.
- 10.«Алтын — күміс тас екен, арпа — бидай ас екен» (мақал-мәтел).
Екінші оқушы
- 1.Ауа құрамындағы оттек — 21%.
- 2.Мыс кенін түзушілер — халькогендер.
- 3.Периодтық жүйені жасаған — Менделеев.
- 4.Галогендер — тұз түзуші элементтер.
- 5.Ауа құрамын алғаш анықтаған — Лавуазье.
- 6.Авогадро тұрақтысы — 6,023 × 1023.
- 7.Сутекті алғаш алған — Кавендиш.
- 8.Металдардың кернеу қатарын жасаған — Н. Бекетов.
- 9.Элемент атомы ядросының құрамы — протон, нейтрон.
- 10.Ас содасының формуласы — NaHCO3.
V. Шығармашылық тапсырма
Тақырып
«Егер сіз өз өлкеңіздің табиғатын бақылайтын болсаңыз, не істер едіңіз?»
Қатысушылар қысқа да нұсқа, ғылыми негізделген жауап беруі керек.
Қорытынды
Сайыс барысында оқушылардың білімдері сыналып, жеңімпаздар анықталды. Жүргізуші қатысушыларға алдағы уақытта да биік нәтижелерге жетіп, әрдайым алда болуларына тілек білдірді. Іс-шара Мұзафар Әлімбаевтың өлең жолдарымен аяқталды:
Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз.
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетінде тұру – парыз.