Балалар жауаптары

Сабақ туралы мәлімет

Негізгі ақпарат

Білім беру саласы
Қатынас
Бөлім
Сауат ашу
Тақырыбы
Дыбыстар мен әріптер

Әдістер мен құралдар

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ–жауап
  • Көрсету
  • Әңгімелеу

Көрнекіліктер

Қыз, ешкі, ит, маса суреттері; әріптер; шар; әріп текшелері.

Мақсаттары

Білімділік

Дыбыстар мен әріптер туралы түсінік беру; оларды бір-бірінен ажыратуға үйрету; дыбыстау арқылы әріптерді дұрыс айтуға дағдыландыру және әріптің мәнін ұғындыру.

Дамытушылық

Балалардың ойлауын, сөздік қорын дамыту; сөйлеуде дыбыстардың ерекшелігін сезінуге баулу; дыбыстарға сөз ойлап табуға жаттықтыру.

Тәрбиелік

Байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу; әңгімені тыңдау арқылы жануарлардың дыбысын ажыратуға үйретіп, жануарларды сүюге және қамқорлық жасауға баулу.

Билингвальды компонент

маса

комар

ит

собака

қыз

девочка

әріптер

буквы

Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші өлең жолдарын мәнерлеп оқиды:

Шуақ шашқан алтын таңда, Мөлдір таза ауада. Табиғатта бәрі оянды, Оян сен де, бар бала.

Сұрақ-жауап арқылы кіріспе

Сұрақ: Таңертең терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз?

Жауап: Күнді көреміз.

Тәрбиеші күннің нұры жарқырап тұрғандағы қуаныш сезімін күшейту үшін балаларды «Алақай!» деп шапалақтауға шақырады.

Жаңа күнмен амандасу

  • Армысың, қайырлы күн!
  • Армысың, мейірімді Жер-ана!
  • Армысың, қайырымды Аспан-ата!
  • Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Жақсы тілек айту

«Жақсы сөз — жарым ырыс». Балалар шаңыраққа байланған ленталар арқылы бір-біріне және қонақтарға жылы тілектер айтады.

Шаңырақ пен уық туралы әңгіме

Балалар шеңбердің пішінін допқа, шарға, күнге ұқсатады.

Тәрбиеші қолындағы шаңырақты көрсетіп, балалардың қолдарының уыққа ұқсайтынын айтады.

Шаңырақ — киіз үйдің төбесіндегі негізгі бөлік. Балабақша да — бір шаңырақ астындағы ортақ үй. Осы бірліктің белгісін балалар қонақтарға шеңбер бойымен ортаға түйісу арқылы көрсетеді.

Балалар орындарына отырып, оқу іс-әрекетін бастауға дайындалады.

Тақырыпқа кіріспе: қыс мезгілі

Тәрбиеші бірнеше сөз айтады: күн суық, қар, адамдар, шана. Балалар бұл сөздердің қыс мезгіліне тән екенін анықтайды.

Сөйлем құрау

«Күн суық. Қар жауып тұр. Адамдар қалың киінген. Балалар шанамен ойнап жүр.»

Қыс айлары

  • Желтоқсан
  • Қаңтар
  • Ақпан

Сергіту сәті

Балалар «он саусақ» сергіту жаттығуын орындайды.

Әңгіме арқылы дыбыстарды таныстыру

Тәрбиеші балаларға қысқа, қызықты әңгіме айтады: Күлшат күнде ешкісіне шөп пен су беріп, қамқорлық жасайды. Бір күні ешкісі тоғайда жүрген малға қосылып кетеді. Күлшат оны іздеп тоғайға барады.

Табиғат дыбыстары

  • Жел соққанда

    У-у-у

  • Жапырақ шуылдағанда

    Ш-ш-ш

Жәндік пен жануар дыбыстары

  • Маса ызыңдағанда

    З-з-з

  • Ит ырылдағанда

    Р-р-р

  • Жылан ысылдағанда

    С-с-с

Ешкіні шақыру

Күлшат ешкісін шақырады: «Шөре-шөре, шөре-шөре!»

Балалар көмектеседі: «Мә-мә»

Күлшат қуанып, ешкісін айдап үйіне қайтады.

Балалар әңгімеден естіген дыбыстарды қайталап айтып, олардың әрқайсысын ажыратуға жаттығады.

Ойын: «Дауысты дыбыстар»

Дауысты дыбыстардың бейнелік мәні

  • А дыбысы

    Қуаныш белгісі

  • У дыбысы

    Шексіздік белгісі

  • О дыбысы

    Қанағат белгісі

  • И дыбысы

    Тепе-теңдік белгісі

Қызықтыру сәті: шармен тапсырма

Осы сәтте үлкен шар «ұшып келеді». Шардың сыртында дауысты дыбыстар жазылған. Тәрбиеші дыбысты айтқанда балалар қимыл арқылы жауап береді:

  • А — қолды жоғары көтеру
  • У — қолды алға созу
  • О — қолды айқастырып кеудеге қою
  • И — бір қолды жоғары, бір қолды төмен созу

Жазба жұмысы

Балалар естіген дыбыстарды қағаз бетіне түсіреді (дәптермен жұмыс).

Бекіту: дыбыстардың жіктелуі

Дыбыстар қалай бөлінеді?

Балалар дыбыстардың екіге бөлінетінін айтады: дауысты және дауыссыз.

Текшелермен белгілеу

Дауысты дыбыстар

Қызыл текше

Дауыссыз дыбыстар

Көк текше

Тірек сызбаға назар

Мысал сөздер арқылы «А» дыбысы бекітіледі:

Сөздер

Ағаш, Алма, Бала, Балық

Дыбыс

А

Сөздер

Аспан, Алша, Балта, Балға

Қорытынды

  • Білді: әңгіме арқылы дыбыстарды дұрыс әрі анық айтуды.
  • Игерді: әр дыбыстың өз мәні бар екенін.
  • Меңгерді: текшелермен және дәптермен жұмыс жасауды.

Балалар белсенділігі бағаланып, мадақталады. Олар өз ойларын еркін жеткізеді.

Автор туралы

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі — Ахметова Толқын Дильдаевна.