Ауаның маңызы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы • №18 орта мектебі • Бастауыш сынып мұғалімі: Илясова А. И.
Сабақ тақырыбы: Су. Судың қасиеттері
Бұл сабақта оқушылар суның тіршілік үшін маңызын түсініп, тәжірибелер арқылы негізгі қасиеттерін анықтайды. Сонымен қатар су туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер арқылы табиғатты қорғау мәдениеті қалыптасады.
Сабақ түрі
Жаңа ұғым беру, тәжірибе жасау.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ–жауап, түсіндіру, мәтінмен жұмыс.
Көрнекіліктер
Су, сүт, слайд, тәжірибеге қажетті құралдар.
Сабақ мақсаттары
Білімділік
- Судың тіршіліктің көзі екенін ұғындыру.
- Тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін анықтау.
- Су туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді үйрету.
- Су туралы негізгі мағлұмат беру.
Дамытушылық
- Оқушылардың су туралы білімін кеңейту.
- Пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту.
- Шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік
- Судың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
- Суды қорғауға және үнемдеуге үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, достым!
Қайырлы күн болсын!
Жұма күнгі сабақ
Сәттілікке толсын.
Бүгін сенің алар бағаң
Тек қана бестік болсын.
Сабаққа бағыттайтын сұрақтар
- Қазір қандай сабақ?
- Дүниетану.
- Дүниетану сабағында нені үйренеміз?
- Айнала қоршаған табиғат, су, жан-жануарлар туралы білім аламыз.
- Табиғат туралы не білеміз?
- Табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді.
- Адамға өмір сүру үшін не қажет?
- Ауа, су, азық, киім, баспана.
- Бұл қажеттіліктерді адам қайдан алады?
- Табиғаттан.
Үй тапсырмасы
Өткен тақырып: Ауаның маңызы.
Үй тапсырмасын бекіту
Оқушылардың білімін нақтылау үшін төмендегі тұжырымдар талқыланады:
- 1. Жерді айнала ауа қабаты қоршап тұрады.
- 2. Адам ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады.
- 3. Ауаның қасиеттері: түссіз, мөлдір, иіссіз.
- 4. Өсімдік көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі.
- 5. Зауыттар, фабрикалар және көліктер ауаны ластайды.
Тіршілік үшін ауадан басқа бізге тағы не қажет? Су
Жаңа сабақ: су туралы ой қозғау
Өмірлік сұрақ
Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек?
Жауабы: су.
Маңызды дерек
Адам сусыз ұзақ шыдай алмайды. Сондықтан су — күнделікті өмірдің ең қажетті байлығы.
Тақырып
«Су. Судың қасиеттері» — мәтінмен жұмыс және тәжірибе арқылы меңгеріледі.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылар мәтінді тізбектей оқып, әр бөлім бойынша түсінгенін топта талқылайды. Мұғалім бағыттап, негізгі ұғымдарды нақтылайды.
Тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін анықтау
1-тәжірибе: Судың түсі
Бір шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйып салыстырыңдар: сүт — ақ, ал таза су — түссіз.
Түйін
Таза су аз мөлшерде алғанда түссіз болады. Өзен-көл сулары әртүрлі реңкті болуы мүмкін.
2-тәжірибе: Судың мөлдірлігі
Бір стақанға сүт, екіншісіне су құйып, ішіне қасық салыңдар. Қай стақанда қасық анық көрінеді? Неліктен?
Қорытынды
Су мөлдір. Оны иіскеп және дәмін татып көргенде иіссіз, дәмсіз екенін байқаймыз.
3-тәжірибе: Судың пішіні
Суды кесе, шыны ыдыс, стақан сияқты әртүрлі ыдыстарға құйып көріңдер. Су әр ыдыстың пішінін қабылдайды.
Түйін
Судың тұрақты пішіні болмайды; ол құйылған ыдыстың пішініне енеді.
Судың үш күйі
Сергіту және ой толғаныс
Дәптермен жұмыс
Күн жадысын және жаңа тақырыпты жазу.
Жұмбақтарды шешу
-
Тілі былдыр, үні сылдыр
Жауабы: Жаңбыр
-
Мүлгіп тұрған бақ тыныш, ораныпты ақ күміс
Жауабы: Қар
-
Аяз қысып, өрнек сызып, терезені торлайды
Жауабы: Қырау
-
Бет домбығып, сырғанап жастар ойнайды
Жауабы: Мұз
Шығармашылық жұмыс (топтық тапсырмалар)
I-топ
Қазақстанның көлдері мен өзендерін жазу.
II-топ
Су туралы нақыл сөздер жазу.
III-топ
Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
- Суға түкірме.
- Беті ашық қалған суды ішпе.
- Түнде суға барма.
- Суды ысырап қылма.
- Қолыңды жуған соң сілкіме.
Қорытынды
Өлең арқылы ой түю
Әуеде жаңбыр жаумаса,
Далада егін болмаса,
Арықтар суға толмаса,
Үйімізде шай қайнап,
Мәре-сәре болмаса,
Күніміз не болар еді?
Қорытынды: сусыз тіршілік жоқ. Су — тіршілік көзі.
Су қоры әлем бойынша азайып барады. Сондықтан суды қорғау және үнемдеп пайдалану — әрқайсымыздың міндетіміз.
Кері байланыс
- Сабақ сізге ұнады ма?
- Не білдік?
- Не білгіміз келеді?
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы: «Су. Судың қасиеттері» мәтінін оқу, мазмұнын айту.
Оқушыларды бағалау: сабаққа қатысуы мен тапсырманы орындауына қарай.