Бүгін кезекші кім

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақ 3-сынып оқушыларының топырақ туралы түсінігін кеңейтіп, оның қасиеттері мен құрамын нақтылай түсуге бағытталған. Сонымен бірге оқушылардың ойлау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру көзделеді.

Білімділік

Топырақтың негізгі қасиеттері мен құрамы туралы білімді тереңдету, ұғымдарды жүйелеу.

Дамытушылық

Байқампаздықты, ой қорыту мен салыстыру қабілетін, зерттеуге қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік

Топырақты қорғау шараларын меңгерту, қоршаған ортаны сүюге баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа назар аудартуға бағытталған қысқа ұйымдастыру жұмысын жүргізеді.

Психологиялық дайындық (сұрақтар)

  • Бүгін кезекші кім?
  • Бүгін нешесі?
  • Аптаның қай күні?
  • Жылдың қай мезгілі?
  • Сабаққа көңіл күй қандай? (смайлик арқылы көрсету)
  • Сабаққа дайынбыз ба?

II. Өткенді қайталау

Өткен сабақтағы «Пайдалы қазбалар» тақырыбы бойынша қысқаша сұрақ-жауап жүргізіліп, үй тапсырмасы 2–3 оқушыдан тыңдалады. Кейін білімді бекіту үшін тест орындалады.

Қайталау тесті

  1. 1) Пайдалы қазбаларға жатады:

    • темір кенінен алынған металл
    • тау жынысы
    • техника бөлшектері
    • жер қыртысының қатты бөлігі
  2. 2) Құмтас деп:

    • құм аралас тас
    • қайырылған тас
    • құрылыс материалдары
    • қатты тас
  3. 3) Бос жынысқа жатады:

    • құм және цемент
    • мұнай, газ
    • гранит
    • құм және газ
  4. 4) Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:

    • пайдалы, пайдасыз, жарамсыз
    • жанғыш, кенді, кен емес
    • бағалы, құнсыз, жанатын
    • металл, тау жынысы, қара алтын
  5. 5) Кен орны —

    • пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
    • пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
    • пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
    • тау жыныстарының қосындысы

III. Өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысы

Пайдалы қазбалар сияқты табиғаттың адам өміріне аса қажет байлығының бірі — топырақ. Мұғалім оқушыларға: «Топырақтың қандай пайдасы бар?» деген жетекші сұрақ қойып, жаңа тақырыпқа қызығушылық оятады.

IV. Жаңа сабақ: «Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері»

Негізгі анықтама

Топырақ — жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат. Ол өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары ұзақ уақыт араласып, ыдырау арқылы түзіледі. Топырақ құнарлы және құнарсыз болады. Құнарлы топырақ ауыл шаруашылығының дамуына тікелей әсер етеді.

а) Оқулықпен жұмыс (77-бет)

  • Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде?
  • Қарашірік қалай пайда болады?
  • Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?
  • Сор топырақ қалай пайда болады?

ә) Дәптермен жұмыс (81-бет)

Суреттерге қарап, қай жағдайда адамдар топыраққа зиян, ал қай жағдайда пайда келтіріп тұрғанын анықтаңдар. Өз ойларыңды дәптерге жазыңдар.

б) Сергіту сәті

«Қара жорға» биі (видео) арқылы қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуы орындалады.

в) Тақтамен жұмыс

Суреттер бойынша топырақтың құнарлылығын анықтап, қорытынды жасау.

г) Топтық жұмыс

Жәндіктер, құрттар және басқа да ұсақ жануарлардың топырақ құнарлылығына тигізетін пайдасын талқылаңдар. Ойларыңды ұжымдасып толықтырып, ортақ тұжырым жасаңдар.

Бекіту, үй тапсырмасы және бағалау

Бекіту

Сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдар қайталанып, оқушылардың түсіну деңгейі анықталады.

Үй тапсырмасы

77–82-беттер: «Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері» тақырыбын оқып, мазмұндап келу.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен жұмыстары талданып, белсенді қатысқандарға мадақтау ретінде жұлдызшалар таратылады.

Құжат деректері

Әдіскер
Сүлейменова С. Ы.
Практикант
Төлеу А. Н.