Менің ұстазымның сөзі маржан, білімді
Сабақ тақырыбы мен мақсаттары
Әдебиеттік оқу (3-сынып). Мәтін: «Өзін-өзі жеңген бала» (Дәулет Қасенов).
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға; мазмұнын әңгімелей алуға үйрету; сыйластықтың адам өміріндегі маңызы туралы ой қозғау.
Барлық оқушылар
Мәтінді мәнерлеп оқиды.
Оқушылардың басым бөлігі
Мәтінді мәнерлеп оқиды, тақырыптың идеясын анықтайды.
Кейбір оқушылар
Мәтін мазмұнын терең түсінеді, нақыл сөздермен байланыстырады, ойын жүйелі жеткізеді.
Сабақтың басталуы
Үй тапсырмасын тексеру
«Сіз», «біз» деген жылы сөз демекші, сыпайы сөздерді еске түсіреміз: оқушылар доп лақтыру арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтып шығады.
Оқулықпен жұмыс: мағынаны ашу
Автор туралы
Дәулет Қасенов (1937–1967) Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген. 1961 жылы жас ақын-жазушылардың «Жас дәурен» жинағына шығармалары енген. Ол — арды ту етіп көтерген, адалдықты биік қойған азамат ақын.
Оқу әрекеттері
- Оқушыларды топқа бөліп, мәтінді абзац бойынша оқыту.
- Оқығанын түсінгенін сұрау, нақтылау сұрақтарымен толықтыру.
- Мәтін мазмұнын ортаға салып, талдау жасау.
Сөздік жұмысы
- Жабыраңқы
- ренішті, көңілсіз.
- Мақтаншақ
- мақтағанды ұнататын, орынсыз мақтана беретін бөспе.
Сабақтың ортасы: топтық жұмыс
Тапсырмалар
- Ассоциация құру: мәтінге жоспар жасау.
- Талдау: Арман қандай бала?
- Дәлелдеу: Арман орынсыз мақтанғанына өкінді ме?
- «Егер мен…»: Арманның орнында болсам, не істер едім?
Сергіту сәті (қимылмен)
Ақша бұлттар аспанда (қолдарын жайқалтады)
Жерімді жайнап құлпыртсын (жерді көрсетеді)
Нұрын сыйлап біздерге (күнді көрсетеді)
Көкте мәңгі күн тұрсын (күнді көрсетеді)
Жазылым: эссе
Тақырып: «Мен мақтаныш етемін».
Үлгі ой
Менің досым — адал, сенімді, әзілқой, тәртіпті. Мен досымды мақтан тұтамын.
Үлгі ой
Менің ұстазымның сөзі — маржан, өзі — білімді. Бізді әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелейді. Ұстазымның барын мақтан тұтамын.
Ойын: мінезді сипаттау
Мақсаты: оқушының мінез-құлқын сипаттап, ойын нақты жеткізу.
Мысал: Дильназ — салмақты, жай сөйлейді, тапсырмаларды тиянақты орындайды.
Қосымша тапсырма: адам бойындағы жақсы және жағымсыз қасиеттерді жазып шығу.
Ой толғаныс және қорытынды
Абайдың нақыл сөзі
Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез, тағы жат — надандықтың белгісі.
Автор туралы мәлімет
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сәттіжол ауылы, Соцжол атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Джетписбаева Алия.