Өмірмен байланыстыру
Сауат ашу (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Су мен Балық
Оқу мақсаты
2.2.5.1 — мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу.
Бағалау критерийлері
Барлық оқушылар
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады.
Оқушылардың көпшілігі
Көркемдегіш құралдарды таба отырып, мәтіндегі ойды өмірмен байланыстырады.
Кейбір оқушылар
Көркемдегіш құралдарды тауып, өмірмен байланыстырып, нақты мысалдар келтіре алады.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика мен терминдер: кейіптеу, салыстыру, теңеу, жанды, жансыз.
Алдыңғы оқу
Оқушылар мәтін бойынша негізгі ойды анықтай алады.
Сабақ барысы
Басы
ШиратуҚағаз қиындыларындағы сөйлемдерді өзара байланыстыру арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.
Ортасы
Сюжетті суретпен жұмысОқушылар суретке қарап, онда мысалдағы оқиғаның қай бөлігі бейнеленгенін анықтайды.
Теңіз бен Балықтың диалогын құрастырады.
Ойлануға сұрақ
Балық «Мен сусыз да өмір сүре аламын» дегенде, Су оған не деп жауап беруі мүмкін?
1-топ
Күлкілі және аянышты сәттер
Мысалдан күлкілі және аянышты сәттерді тауып, дауыстап оқыңдар.
2-топ
Тәкаппарлықтың салдары
Балықтың тәкаппарлығы қандай нәтижеге әкелді? Дәлелдеңдер.
3-топ
Автор айтар ой
Автор Балықтың мінезін сынау арқылы қандай ойды жеткізгісі келді? Өмірмен байланыстырып түсіндіріңдер.
4-топ
Кейіпкерлер
Оқиғада Балықтан басқа тағы қандай кейіпкерлер бар? Олардың рөлін қысқаша сипаттаңдар.