Жүйрік екен аты
Сабақтың мазмұны мен бағыты
Тақырыбы
Есептер (қайталау)
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Мақсаты
- Өткен сабақтарда алған білімді пысықтау және қайталау; халықтық педагогика элементтері мен ойын арқылы оқушылардың қабілетін дамыту.
- Ойлау қабілеті мен таным көкжиегін кеңейту; тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу; қателеспей, дәл жұмыс істеуге үйрету.
- Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу; шапшаңдық пен ұқыптылықты қалыптастыру.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, компьютер, магнитофон, телефон, диктофон, гүлдер, мультфильм.
Әдістері
Сұрақ-жауап, ойын.
Негізгі идея
Математика — дәлдікті қажет ететін ғылым. Қате жібермеу үшін ойлану, тексеру, ұқыптылық қажет.
Сабақ барысы: ұйымдастыру және ынталандыру
1) Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, сыныптың назарын сабаққа аудару.
Қонақ келгенде көрсетілетін құрмет, қонақжайлық туралы әңгіме өрбітіледі: қонақ зерікпес үшін әңгіме айту, ойын ойнау дәстүрі еске түсіріледі.
Талқылау сұрақтары
- Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? (қыз қуу, аударыспақ және т.б.)
- Бүгінгі сабақ қалай өтеді? (ойын түрінде қайталау, пысықтау)
Сюжеттік кіріспе: «Шифрограмма»
Сабақ ортасына жақын кезде телефон шылдырлайды. Үнтаспадан «байланыс қызметкері» хабарласып, телефон станциясына 3-сыныпқа арналған шифрограмма келгенін айтады. Тапсырмалар орындалса, шифрограмма оқылады.
Оқу мотивациясы
Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы «жасырын сөзді» ашуға талпынады: дәлдік, жылдамдық, ұқыптылық бағаланады.
Ауызша есептеу: «Орамал тастамақ»
2) Ауызша есептер
Тапсырмалар «Орамал тастамақ» ойыны арқылы орындалады: орамал түскен оқушы есептің жауабын айтады.
- 64 × 1 ÷ 4 16
- 4 + 4 8
- 400 × 1 ÷ 20 20
- 4 × 8 − 2 30
- 20 + 60 80
- 100 × 10 1000
- 4 × 9 + 24 60
- 900 × 1 ÷ 3 ÷ 3 100
- 800 ÷ 40 20
- 100 − 10 − 10 80
- 420 ÷ 7 60
Шифрограмма ашылады
Жасырын сөз
Математика
Оқушылар «математика» сөзін естігенде ойға келетін ұғымдарды атайды: ғылым, сан, есеп, қосу, көбейту, фигуралар, таңбалар, тапсырмалар.
Дәлдік туралы ой
Математикада қателесуге болмайды. Қате жіберсек, нәтижесі де бұзылады. Осы ойды бекіту үшін «В стране невыученных уроков» мультфильмінен үзінді көрсетіледі.
Жазба жұмысы
Дәптерге күнін жазу: 23 сәуір. «Сынып жұмысы». Көркем жазуға: 23 саны.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық!
Оқулықпен жұмыс: «Бәйге»
№2 тапсырма (129-бет)
Берілген өрнектерді орындау. «Бәйге» ойынында қай қатар тез әрі қатесіз орындаса, сол жеңімпаз атанады.
I қатар
- 1000 − 606
- 45 × 3
- 132 + 43
- 141 × 3
- 397 + 499
- 97 × 4
Алғаш аяқтаған оқушыларға гүлдер ұсынылады.
II қатар
- 91 + 378
- 195 ÷ 3
- 13 + 909
- 942 ÷ 2
- 906 − 46
- 630 ÷ 2
Дәлдік — басты өлшем: әр жауап тексеріледі.
Қозғалысты ойындар арқылы есеп шығару
«Қыз қуу»: №4 есептер
1-қатардан қыз, 2-қатардан ұл шығып, есепті жарыса шығарады. Жеңген оқушы марапатталады.
A) Қалдықты табу (өлшем бірлігін түрлендіру)
Берілгені
- Бары: 1 кг (1000 г)
- Алынды: 120 г-нан 3 рет
- Қалды: ? г
Шешуі
120 × 3 = 360 (г)
1000 − 360 = 640 (г)
Жауабы: пакетте 640 г қант қалды.
Қорытынды: килограмды грамға айналдырдық (үлкен өлшем бірлігін кішіге түрлендірдік).
Ә) Бүтін бойынша бөлікті табу
Берілгені
Таспаның 1/5 бөлігі — 12 дм. Ұзындығы — ? дм.
12 × 5 = 60 (дм)
Жауабы: таспаның ұзындығы 60 дм.
Б) Уақытты минутқа айналдыру
Берілгені
Жұмсады: 1 сағ 5 мин (65 мин). Есеп — 20 мин. Шығарма — ? мин.
65 − 20 = 45 (мин)
Жауабы: шығарма жазуға 45 минут кетті.
В) Көлем: алынғанын тауып, қалдығын есептеу
Берілгені
Сияды: 120 л. Алынды: 12 л-ден 6 шелек. Қалды: ? л.
12 × 6 = 72 (л)
120 − 72 = 48 (л)
Жауабы: бөшкеде 48 л су қалды.
Сергіту сәті
«Айгөлек» әніне қимыл-қозғалыс жасап, қысқа демалыс ұйымдастырылады.
Назар аударту
Қимыл-қозғалыс — ойды сергітеді; ал сергек ой — есептің дәл шығуына көмектеседі.
«Көкпар»: №5 теңдеулер
Әр қатар өз теңдеулерін шешеді. Дұрыс әрі жылдам орындағандар марапатталады.
I қатар
- 5 × y = 140 − 70
- 630 ÷ x = 18 × 5
II қатар
- 200 − x = 116 ÷ 4
- 980 − x = 45 + 347 + 103
Терминдер мен ұғымдар: «Аударыспақ» сөзжұмбағы
Ереже: сұрақ қойылған қатар жауап бере алмаса, кезек қарсы қатарға беріледі. Әр дұрыс жауапқа гүл ұсынылады.
Сұрақтар
- Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы қалай аталады?
- Шарты, сұрағы, шешуі және жауабы болатын құрылым қалай аталады?
- Берілген нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің жиыны қалай аталады?
- Ұзындық пен енін көбейткенде нені табамыз?
- Сандар мен амалдардан құрастырылған жазу қалай аталады?
- Құрамындағы әріптің мәнін табатын теңдік қалай аталады?
Жауаптар
1
Периметр
2
Есеп
3
Шеңбер
4
Аудан
5
Өрнек
6
Теңдеу
Осы бөлім оқушылардың математикалық тілін нақтылап, негізгі ұғымдарды жүйелейді.
Логикалық тапсырма: «Жорға»
№7 тапсырма
Оқушылар мәтінді оқып, берілген шарт бойынша қорытынды жасайды.
Қорытынды 1
Егер Жандос қызыл да, көк те футболканы алмаса, онда ол жасыл футболканы алған.
Жасыл — Жандос.
Қорытынды 2
Егер Мәди қызыл түсті жейдені алмаса, онда ол көк түсті жейдені алған.
Көк — Мәди.
Қорытынды 3
Онда қызыл жейде Әлібекке тиесілі.
Қорытынды нәтиже: қызыл — Әлібек, жасыл — Жандос, көк — Мәди.
Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Сабақ бойы жиналған гүлдер белсенділікті көрсетеді: кімде гүл көп болса, сол оқушы сабаққа белсенді қатысқан болып есептеледі.
Бағалау шкаласы
- 5 — көк үшбұрыш
- 4 — сары үшбұрыш
- 3 — жасыл үшбұрыш
Жүйрік екен аты — …,
Аяңдамай желеді.
«5» қоямын оған мен —
Бірінші болып келеді.
Білмей қалған жерлерін …
Мықтап миға тоқиды.
Бүгін «4»-ке оқыса —
Ертең «5»-ке оқиды.
Айтқанына …
Көңіліміз толмады:
Сабаққа белсенді қатыспады —
Бұл әрекеті дұрыс болмады.
Үй тапсырмасы және «сарқыт» идеясы
Қонаққа барғанда үйге «сарқыт» алып қайту дәстүрі айтылады. Осы сабақтан да әр оқушы өзіне «сарқыт» ретінде алған білімін алып қайтсын деген ой түйінделеді.
Үйге тапсырма
Үй тапсырмасы мұғалімнің жоспарына сай беріледі (оқулық тапсырмаларын бекіту, есептерді қайталау).
Қорытынды сұрақ
Бүгін сабақта не істедік? Қандай ойындар арқылы білімімізді қайталадық?
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сіздей өренді
Математика сырына.