Сәлем балғын балалар
Сабақ туралы мәлімет
- Білімділік саласы
- Қатынас
- Бөлімі
- Көркем әдебиет
- Тақырыбы
- Үш аю
Мақсаты
- Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың ертегіге қызығушылығын арттыру.
- Ертегіні тыңдай отырып, сөздік қорын молайту.
- Адамгершілікке, адалдыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
- Берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға баулу.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілік құралдар
Кейіпкерлер құрамы
Үй иелері
- Папасы Абдуллах
- Мамасы Қарақат
- Қызы (Мишутка) Нұрдана
Отбасы
- Ата Райымбек
- Әже Алтынзер
Негізгі кейіпкер
- Маша қыз (Баянсұлу) Баянсұлу
- Жүргізуші —
- Ертекші —
Сахналық қойылым мәтіні
Жүргізуші сөзі
Сәлем, балғын балалар! Барлығың бері қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі сендерге сыр шертеді. Ертегіні ең қызық етіп сахнаға енгіздік.
Баяндайын, көріңдер — өз бағасын беріңдер.
Ертекші: оқиғаның басталуы
Баяғы бір заманда Маша деген қыз болыпты. Бір күні ол орманнан бүр теріп қайтуға әжесінен рұқсат сұрайды.
Әже
Жақсы, бара ғой. Бірақ алдымен маған тақпақ айтып бер, содан кейін жіберемін.
Маша (Баянсұлу)
Әже деген көп шығар,
Менің әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Ертегі қандай көп еді —
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша,
Әжем менің тамаша.
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.
Ата — үлкен кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Әже
Жақсы, бара ғой, қызым. Алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Баянсұлу
Жарайды.
Орманда адасу
Баянсұлу орманда бүр теріп, өлең айтып жүріп адасып кетеді. Қайтар жолды таба алмай жылайды: қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.
Баянсұлу (көмек сұрайды)
А-у-у-у, ата!
А-у-у-у, ата!
А-у-у-у, әже!
А-у-у-у, әже, қайдасыңдар? Маған көмектесіңдер!
Үйшік және үш табақ ботқа
Жолды таба алмай жүріп, ол орманда тұрған бір үйшікке кезігеді.
«Үйшік-үйшік, үйшікте кім тұрады?» — деп дауыстайды. Бірақ еш дыбыс естілмейді.
Үйге кірсе, ішінде ешкім жоқ екен. Бұл үйде аюлар тұратын: әкесі, шешесі және еркелетіп Мишутка деп атайтын баласы.
Баянсұлу
Дастарқанда үш табақ ботқа тұр екен: үлкені — әкесінікі, ортаншысы — шешесінікі, кішкентайы — Мишутканыкі.
Алдымен үлкен табақтан, сосын ортаншы табақтан дәмін татып көрді — ұнамады. Ал кішкентай табақтағы ботқа ұнап қалып, түгел жеп қояды.
Орындықтар
Шаршаған Баянсұлу отырайын деп ең үлкен орындыққа отырғанда, құлап қалады. Ортаншы орындық та көңілінен шықпайды.
Ең кішкентай орындық дәл өзі сияқты еді. Тербелемін деп еді — орындық сынып қалады.
Үш төсек және ұйқы
Арғы бөлмеде үш төсек тұрады. Үлкен төсек тым биік, ортаншысы тым кең болады. Ал кішкентай төсек Баянсұлуға дәл келеді.
Сол төсекке жатып, ол ұйықтап қалады.
Аюлардың үйге оралуы
Бір мезгілде аюлар үйлеріне келеді. Шаршаған соң ас ішпек болады да, үйге біреу кіргенін байқайды.
Әкесі (Абдуллах)
Менің тамағыма кім тиіскен?
Анасы (Қарақат)
Менің ботқамнан да татып көріпті!
Мишутка (Нұрдана)
Менің ботқамды түгел жеп қойыпты!
Олар ұйықтайтын бөлмеге кіреді.
Әкесі (Абдуллах)
Менің төсегіме кім жатпақ болды?
Анасы (Қарақат)
Менің төсегімді де умаждап тастапты!
Мишутка (Нұрдана)
Міне, менің төсегімде жатыр! Ұстаңдар!
Аюлардың дауысынан Баянсұлу шошып оянады да, қатты қорқады.
Тақпақ, жұмбақ және ойын
Баянсұлу
Мені жемеңдерші. Мен сендерге тақпақ айтып беремін.
Аюлар
Жарайды.
Тақпақ
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
Апай сабақ сұраса,
Дым білмейді — масқара.
Баянсұлу
Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешесіңдер ме?
Аюлар
Иә, шешеміз.
Жұмбақ
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
Жауабы: аю.
Баянсұлу
Менімен ойнайсыңдар ма?
Аюлар
Иә, ойнаймыз.
Қимылды өлең
Аю, аю, тұршы,
Бетің-қолыңды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Әй-әй, көйлек киіпші,
Қане, мені қушы!
Шешім және құтылу
Осы кезде Баянсұлу қаша жөнеледі. Аюлар қорбаңдап соңынан түссе де, жете алмай қалады.
Сөйтіп, Баянсұлу аюлардан құтылып, аман-есен атасы мен әжесіне қайтып келеді.
Қорытынды сұрақтар
Талқылауға
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Бұл кімнің үйі еді?
- Баянсұлу кімнің тамағын жеп қойды?
- Баянсұлу аюлардан қалай құтылды?
- Ертегі не туралы?
Балалардың жауабы
Ертегі бізге ұнады.
Ертегі үш аю туралы.
Осылайша ертегіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!