Оқытушының сабақты түсінікті беруі
Бақылау дәптері
ЖШС Silk Way мектеп-лицейі • Бастауыш сынып мұғалімі Мусиева Акмарал Койшекенқызы
Ұстаным
Ұстаз — ұрпақ мақтанышы.
Түйін
Үйрету — мақсат, үйрену — міндет.
Ұстаздыққа бағдар беретін нақыл сөздер
Оқыту мәдениетін нығайтатын, сабыр мен талапты ұштайтын қысқа ойлар.
Ұстаздық еткен жалықпас.
Талап — талмас қанат.
Білім қымбат, білу қиын.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабыр түбі — сары алтын.
Өнерліге өріс кең.
Жақсы көру — жақсы қасиет.
Ғылымға ұмтыл: білмегеніңді үйрен. Білгенің болса — өзгеге үйрет.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар
Сабақтың мазмұны, құрылымы және нәтижесі бойынша негізгі өлшемдер.
-
1) Мақсаттардың нақтылығы
Үш мақсаттың дұрыс таңдалуы: білімділік, дамытушылық, тәрбиелік.
-
2) Ғылымилық
Сабақ мазмұнының ғылыми негізді болуы.
-
3) Жүйелілік және сабақтастық
Оқыту процесінің жүйелілігі, бірізділігі және сабақтастығы.
-
4) Түсіндірудің айқындығы
Мұғалімнің материалды түсінікті әрі қолжетімді жеткізе алуы.
-
5) Танымдық қабілетті дамыту
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, оқуға оң көзқарас қалыптастыру және білім қажеттіліктерін қанағаттандыру.
-
6) Саналылық және дербестік
Саналы меңгеру мен өз бетімен жұмыс қағидаларын іске асыру, ой-әрекетті белсендіру.
-
7) Әдістерді оңтайландыру
Оқыту әдістерін және танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру түрлерін тиімді таңдау.
-
8) Ақпараттық құралдар
Ақпараттық-коммуникациялық құралдарды орынды пайдалану.
-
9) Саралап және жекелеп оқыту
Оқушылардың деңгейі мен ерекшелігіне қарай оқытуды даралау және саралау.
-
10) Қолайлы жағдай жасау
Санитарлық-гигиеналық және моральдық-психологиялық қолайлы орта қалыптастыру.
-
11) Нәтижелілік
Оқу-тәрбие процесінің біртұтастығы мен толықтығы, қорытындының айқын нәтижесі.
-
12) Ой-сананы дамыту
Оқушылардың ойлау және саналық дамуын жүйелі қолдау.
-
13) Рефлексия және өзін-өзі бағалау
Мұғалімнің өз сабағына дұрыс баға беруі және өзін-өзі талдай алуы.
Өзін-өзі талдау үшін сұрақтар
Мұғалім өз сабағын талдау барысында төмендегі сұрақтарға жауап беруге тиіс.
Сабақтың мазмұны мен ерекшелігі
- Бұл сабақтың ерекшелігі неде?
- Негізгі мәселе қандай мазмұнда болды және неліктен?
- Алға қойған мақсаттарға жету қамтамасыз етілді ме?
Оқушы ерекшелігі және тапсырмалар
- Жоспарлау кезінде оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
- Қандай жаттығулар орындалды, олардың күрделілігі мен өзара байланысы сақталды ма?
- Тапсырмаларда сынып және жекелеген оқушылар топтарының ерекшеліктері қалай ескерілді?
Уақыт және сабақ құрылымы
- Сабақ кезеңдеріне бөлінген уақыт дұрыс жоспарланды ма?
- Кезеңдер арасындағы байланыс қисынды болды ма?
- Күтпеген жағдайларға қандай қосымша шаралар қарастырылды?
Әдістеме, бақылау және ресурстар
- Жаңа тақырыпты жеткізуде қандай әдістемелік үйлесім таңдалды және неліктен?
- Түсіндіруде қандай оқыту түрлері қолданылды және неліктен?
- Білім, іскерлік және дағдыларды бақылау қалай ұйымдастырылды? Қандай түрі мен әдістемесі қолданылды?
- Оқу бөлмесі қалай қолданылды, қандай оқыту құралдары пайдаланылды және неліктен?
- Оқушылардың жоғары деңгейдегі белсенділігі қандай факторлар есебінен қамтамасыз етілді?
Егер кейбір мақсаттарға толық қол жеткізілмесе, оларды қай сабақта және қандай тәсілмен толықтыру жоспарланды?