Кітапхана аялдамасы
Сабақтың деректемелері
Пән / Сынып
Дүниетану, 4-сынып
Сабақтың тақырыбы
Алғашқы мұғалім
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі
Ойын сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Кітап, мақал-мәтелдер, сызбалар, автор суреті
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, өзін-өзі тану
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға ұстазға деген құрмет сезімін қалыптастыру, алғашқы мұғалімнің кім екенін ұғындыру және түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сабаққа деген ынтасын арттыру, сөздік қорын молайту және қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, сабырлылыққа, алғырлыққа, шыншылдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы: «саяхат» құрылымы
Сабақ ойын формасында «аялдамалар» арқылы ұйымдастырылады. Әр бөлім белгілі бір оқу әрекетіне бағытталады: ынталандыру, үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпты ашу, талдау және қорытындылау.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, сынып тазалығын қадағалау.
- Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындау.
- Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. «Ы. Алтынсарин ауылы» аялдамасы — психологиялық дайындық
Шумақ
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім,
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары.
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары.
III. «Гауһар» шағын орталығы аялдамасы — үй тапсырмасын тексеру
- «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» тақырыбында мазмұндау.
- Ата-ана, бауыр, туысқан және сыйластық туралы өлең шумағын құрастырып келу.
IV. «МАД тобы» аялдамасы — жаңа сабақ
Ой қозғау
«Лабиринт» ойыны арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу: кітаптан мектепке қатысты заттарды тауып, мақал-мәтелді шешу.
Шешімі
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.» — А. Құнанбаев
V. «У. Ж. Бекмамбетов» аялдамасы — бейнетаспа және талқылау
Көрсетілім: «Менің атым Қожа»
Сұрақтар
- Қожаның іс-әрекеті қандай?
- Қожа қандай бала?
- Сыныпта Қожа өзін қалай ұстайды?
VI. «Кітапхана» аялдамасы — мағынаны тану
«Ұстаз» деген сөздің өзінде қаншама мән-мағына бар. Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол — Ұстаз.
Алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан; өмірдің қыр-сырын білуге жол көрсеткен; сан қилы құбылыстарды терең түсінуге жетелеген; жан дүниеге нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі әр баланың көңіл төрінен орын алады.
Кілтті ой
Ұстаз — диқан іспетті: ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.
Ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен диқан да, мал бағып тер төккен шопан да, көк күмбезінен асып барған ғарышкер де — бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Абайдың өсиеті
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол — мұғалім еңбегінің жемісі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін ұстаз қаншама тер төгеді. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар.
Қорытынды бөлімге ұсыныс
Қ. Қайсенов пен Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасап, суреттері арқылы таныстыру; әңгімелерінен өнеге болатын тұстарын атап өту.