Эстафеталық сайыс

Эстафета Ұжым Еңбек күні

Қош келдіңіздер!

Құрметті әріптестер, еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Еңбек түбі — береке» атты эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл жарыстың мақсаты — сергектік пен ұйымшылдықты арттырып, ортақ еңбектің берекесін сезіндіру.

Сайысты ашу

Сайысымызды бастамас бұрын «Ақбота» балабақшасының директорына құттықтау сөз кезегін береміз: _______________________

Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Береке болсын ұжымда!

Осы игі тілектермен ортаға педагог қызметкерлер мен тәрбиешілерді шақырамыз.

Әділқазылар алқасы

Қатысушылардың өнерін әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен танысайық:

  • 1 ___________________________
  • 2 ___________________________
  • 3 ___________________________

Сайыс құрылымы: 6 бөлім

Сайысымыз алты бөлімнен тұрады. Әр кезеңнің өз ерекшелігі бар: мергендік, жылдамдық, ептілік, ойлау және командалық күш.

I бөлім — Мергендік сайысы

Құралдар: кругтар, 2 шелек, уақ доптар

Ойын шарты: едендегі кругтан кругқа қос аяқтап секіріп, соңғы кругтың ішінде тұрып, жердегі уақ допты алып, шелекке дәл лақтырып салу.

Бағалау

Әділқазылар I бөлімнің нәтижесін жариялайды.

II бөлім — Кенгурумен секіру

Құралдар: кеглилер, кенгуру добы

Бір, екі, үш — шынығайық қане біз!
Жүгір, секір қалыспай, жарысайық бәріміз!

Ойын шарты: кеглилер арасымен кенгуру добымен секіріп, межеден айналып қайту.

Бағалау

Әділқазылар II бөлім бойынша ұпай береді.

III бөлім — Ептілік сайысы

Құралдар: шелек, су, үлкен қасық, сызғыш

Шапшаңдықты танытып,
Мығымдықты көрсететін кезең.
Ендеше қай топ епті екенін анықтайық.

Ойын шарты: сөреде тұрған шелектен үлкен қасықпен суды келесі жақта тұрған шыны ыдысқа тасу керек. Суды төкпеуге тырысыңыздар. Нәтиже өлшенеді.

Бағалау

Әділқазылар III бөлімнің қорытындысын шығарады.

IV бөлім — Ойлан тап

Тапсырмалар: межеде орындалады

Ақыл — ой парасаты ой көгіне жетелейді,
Еңбектенген адамның ісі әрқашан өнегелі.

Ойын шарты: кеглилер арасымен жүгіріп, кезекпен межеде тұрған тапсырмаларды орындау.

Бағалау

Әділқазылар тапсырмалардың орындалуын бағалайды.

V бөлім — Тез қимылда

Құралдар: туннель, геометриялық пішіндер, қапшық

Ойын шарты: туннель арқылы еңбектеп өтіп, жерде жатқан қапшықпен межеден айнала секіріп, қайтадан туннельден өту.

Бағалау

Әділқазылар V бөлімнің нәтижесін жариялайды.

VI бөлім — Арқан тарту

Командалық сайыс

Ойын шарты: екі топ арқанның екі жағынан ұстап, өз тобына қарай тартады. Бұл кезеңде бірлік пен күш қатар сыналады.

Қорытынды

Әділқазылар жалпы сайыстың нәтижесін шығарады.

Қорытынды сөз

Жеңсек — «біз жеңдік» деп тасымаймыз, жеңілсек — «жеңілдік» деп жасымаймыз. «Жығылсаң — жер көтереді» деген бар, сондықтан реніш пен өкпеге жол бермейміз.

Ендеше, қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Осымен еңбек күніне арналған эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!

Дайындаған: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна