Жанаспалы жасушалар
Күнделікті жоспар: Биология (6-сынып)
Сабақ: 17 · Тақырып: §18. Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез
Сабақтың міндеттері
- Білімділік: фотосинтез үдерісінің мәнін, өсімдік үшін маңызын және органикалық заттардың жиналуы туралы білімді кеңейту.
- Тәрбиелік: тәрбиелік шаралардың ықпалы арқылы оқушы тұлғасында жағымды көзқарас қалыптастыру.
- Дамытушылық: пәнге және тақырыпқа қызығушылықты дамыту.
Сабақ туралы қысқаша
- Сабақтың түрі
- Құрастырылған
- Қолданылатын көрнекіліктер
- Электронды оқулық
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың дайындығын тексеру, сабақ мақсатын хабарлау, жұмыс тәртібін белгілеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: Жапырақтың ішкі құрылысы
Тапсырма: сөйлемдерді аяқтаңыз.
- 1. Жапырақтың сыртын ______________.
- 2. Өңнің жасушалары ______________.
- 3. Астыңғы өңінде ______________.
- 4. Жанаспалы жасушалар ______________.
- 5. Жанасқан жерінде ______________.
- 6. Жанаспалы жасушада ______________ бар.
- 7. Түнде қант мөлшері ______________.
- 8. Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөлігіндегі жасушалар ______________.
Жауаптарды дұрыс тапқанда, бастапқы торкөзден өсімдіктің органикалық зат түзетін мүшесінің атауы шығады.
- 1. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы.
- 2. Ұшы мұртшамен аяқталатын күрделі жапырақты өсімдік.
- 3. Бидай мен жүгері жапырақтарының жүйкелену түрі қалай аталады?
- 4. Қандай жағдай жетіспегенде өсімдіктердің жапырақтары өте майда, бозғылт-сұр түсті, түкті болып, тікенекке айналады?
- 5. Бөбешік жапырақты өсімдік.
- 6. Қауырсынды күрделі жапырақты ағаш өсімдігі.
- 7. Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылған бөлігі.
III. Жаңа материалды түсіндіру
Негізгі теңдеу
Көмірқышқыл газы + су (күн сәулесінің әсерімен, жасыл өсімдікте) → қант (глюкоза) + оттегі = фотосинтез
Анықтама
Өсімдік жапырағының хлоропластарында күн сәулесінің қатысуымен жүретін үдеріс фотосинтез деп аталады.
Фотосинтездегі хлорофиллдің рөлін алғаш сипаттаған орыс ғалымы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843–1920).
IV. Бекіту (сұрақтар)
- Фотосинтез қандай процесс?
- Қант жапырақтың қай бөлігінде түзіледі?
- Жарық фотосинтез жүретін бөлім қандай ұлпаға жатады?
Үй тапсырмасы
§18 оқып келу және 29-суретті жұмыс дәптеріне салып келу.
Толық нұсқасын жүктеу (қажет болған жағдайда).