Арыстан бидің қызы
Қазақ тарихындағы әйелдер: Марау ана
Марау ана (ел арасында «Сары бәйбіше» атанған) — Бәйдібек бидің бірінші әйелі, Арыстан бидің қызы.
Марау анадан туған он ұлдың ішінен тек Байтоқты ғана аман қалған. Байтоқтыдан Мырзағазы атты жалғыз ұл дүниеге келіп, кейін ол Сарыүйсін атанған.
Тарихи деректерде Марау ана өжет, бірбеткей, қайсар, өз дегенінен қайтпайтын, өзгенің сөзіне ермейтін берік мінезді тұлға ретінде сипатталады.
Ел жадындағы құрмет
Ел-жұрты Марау ананы айрықша қадірлеген. Құрмет белгісі ретінде оның есімін тура атамай, «Сары бәйбіше» деп атаған.