Қайсысы сөйлем

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Бұл сабақта оқушылар сөйлем ұғымымен және сөйлем түрлерімен танысады. Сондай-ақ сөйлемдерді тыныс белгілеріне қарай ажырата білуге үйренеді.

Мазмұндық міндет

Тапсырмалар орындау арқылы сөйлем түрлерін анықтау және дәлелдеу.

Сыни ойлау

Ой-өрісті кеңейту, өзара пікір алмасу арқылы тұжырым жасау.

Топтық жұмыс

Өз ойын нақты жеткізіп, қорғай білуге дағдылану.

Сабақ құрылымы

I. Қызығушылықты ояту

1) Топқа бөлу және «Шаттық шеңбері»

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айтады.

2) «Ой ашар»: 21-жаттығуды тексеру

Жоспар

  1. 1.Күзгі дала көрінісі
  2. 2.Құстардың жылы жаққа қайтуы
  3. 3.Күзгі еңбек

Тапсырма

Берілген жоспар бойынша қысқа әңгіме құрастыр.

3) Өткен тақырыпты еске түсіру

Сұрақ: «Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?»

Жауап: Мәтін. Топтастыру стратегиясы арқылы мәтін түрлерін қайталау, ой қозғау (ребус).

II. Мағынаны тану

Негізгі ұғым: сөйлем

Сөйлем — аяқталған ойды білдіретін, сөздерден құралатын тілдік бірлік.

Айтылу мақсатына қарай

Хабарлы сөйлем

Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылады. Соңына нүкте (.) қойылады.

Айтылу мақсатына қарай

Сұраулы сөйлем

Жауап алу мақсатымен айтылады. Соңына сұрау белгісі (?) қойылады.

Айтылу мақсатына қарай

Лепті сөйлем

Адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді, көтеріңкі дауыспен айтылады. Соңына леп белгісі (!) қойылады.

Сөйлемнің жазылуына қатысты ережелер

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
  • Сөйлем сөздерден құралады.
  • Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.
  • Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
  • Сөйлем соңына тыныс белгісі қойылады: нүкте (.), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!).
  • Сөйлемдегі сөздер өзара байланысып тұрады; байланысын сұрақ қою арқылы табамыз.

Кітаппен жұмыс

1-жаттығу

  1. 1.Білім, кітап, бұлақ
  2. 2.Кітап — білім бұлағы.

Тапсырма

Қайсысы сөйлем? Неліктен? Тыныс белгісіне және аяқталған ойға сүйеніп дәлелде.

«Сөз — моншақ» құрастыру

Берілген сөздерді реттеп, мағыналы сөйлем құрастыр:

Сендерге көмектеседі кітап білімді болуға

Шығармашылық сұрақтар

Білімді неден аламыз?
Кітаптан.
Білімді қайдан аламыз?
Мектептен.

Танымдық сұрақ

Алғашқы рет мектеп ашқан ағартушы, ақын, ұстаз кім?

Ы. Алтынсарин

Еркін жазу стратегиясы (топтық жұмыс)

Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар:

I топ

Хабарлы сөйлем

II топ

Сұраулы сөйлем

III топ

Лепті сөйлем

Жатқа жазу

Астана — ардақтайтын Астанам,

Мәртебелі бас қалам.

Көркейе бер күн сайын,

Алға қарай бас қадам!

Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықта.

II деңгей

Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндір.

III деңгей

Өзің бір сөйлем ойлап жаз: хабарлы, сұраулы және лепті сөйлем.

III. Ой толғаныс

«Жылдам құрастыр» ойыны

Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр және тиісті тыныс белгісін қой.

Әже Наурыз Кебеже Астана Атырау Туған жер

IV. Үй тапсырмасы

7-жаттығу.

V. Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, сөйлем түрлерін дұрыс ажыратуы және ойын еркін, дәл жеткізе алуы ескеріледі.