Азайту амалына кері амал

Мақсаты

Білім

Логикалық ойлауын толықтыру және өткен тақырыптарды қайталау арқылы тапсырмаларды орындау.

Даму

Қабілеттілік пен белсенділікті арттыру, шапшаңдық пен дәлдікті қалыптастыру.

Тәрбие

Болашаққа үлес қоса алатын білімді, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: оқушыларды жағымды көңіл күйге бағыттау.

Жұмбақ-өлең

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Жауабы: Күн

Жұпар иісі еседі,

Жайнап бақта өседі.

Жауабы: Гүл

Бүгінгі сабақта гүлдей жайнап, күндей жарқырап отырайық.

II. Қызығушылықты ояту

«Жалқау бала» көрінісі

Сыныппен талқылау сұрақтары:

  • Арамызда сабаққа дайындықсыз келетін оқушы бар ма?
  • Осы баланың қылығындай әрекет бізге жақсы баға әкеледі ме?
  • Ендеше жалқаулықтан арылып, белсенді болайық.

III. Көркем жазу минуты

Ондықтарды ретімен жазу және дәптерде көркем түсіру:

10 20 30 40 50 60 70 80 90

IV. Өткен материалды пысықтау

а) Математикалық диктант

53 санын ондықтары мен бірліктерінің қосындысы түрінде жаз:

53 = 50 + 3

Осы үлгі бойынша басқа сандарға да қолданыңыз.

ә) «Кім шапшаң?» (жеке карточка)

Тез және дәл есепте:

50 + 4
66 − 6
70 + 1
83 − 3
64 − 4
72 − 2
40 + 20
80 + 10
90 − 30
68 − 8
94 − 90
70 + 8
18 − 8

Ескерту: тапсырмаларда қолданылатын амал таңбаларын (қосу, азайту) дұрыс оқуға мән беріңіз.

V. Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Жасырылған сөз»

Әр жолдағы әріптерді дұрыс реттеп, сөзді тап:

  1. 1ТҚСАРЫМНЯУЛ
  2. 2ЖАҢБЫРАЗЛЖҰҚ
  3. 3ДРОМОҚПАЖЕЛ
  4. 4ЫСТҰМАНСИЯО
  5. 5НДЯЖАПЫРАҚТО

VI. Оқулықпен жұмыс

№2

Өлшемді қосынды түрінде жаз:

39 см = 30 см + 9 см

№3

Сандарды разрядтық қосындыға жікте:

63 = 60 + 3

36 = 30 + 6

№4

Сөз есеп: есепті шығару, талдау және шешу жолын түсіндіру.

Назар:

  • Шартын анық оқы.
  • Берілгені мен сұрағын ажырат.
  • Амал таңдауда негіздеме келтір.

VII. Миға шабуыл

Өлең-есеп 1

Табақта он бес алма,

Қолымда төрт алма.

Барлығын қосқанда,

Болады неше алма?

Өлең-есеп 2

Екеуін бердім апама,

Екеуін бердім атама,

Үшеуін бердім ағама.

Нешеуі қалды өзімде?

Көңілді санамақ

Мәтіндегі «2» таңбасын тиісті әріптермен алмастырып, санамақты мәнерлеп оқы:

2 - екі
Баласына ж2ріп
Ұрсып жатыр к2лік
2леніп, с2ріп
Алып қапсың 2лік
2ншілей 2ңді
Көрсетпе деп ж2ді

VIII. Рефлексия

Сабақты қорытындылау сұрақтары:

  • Екі таңбалы сандар қандай разрядтардан тұрады?
  • Қандай амалдарды өттік?
  • Қосу амалына кері амал қандай?
  • Азайту амалына кері амал қандай?

Үй тапсырмасы және сабақтың аяқталуы

Үйге тапсырма

№6 тапсырманы орындау.

Сабақты аяқтау

«Ұстазым» әнімен қорытындылау.