Сары түс - күз

Сабақ тақырыбы

Математика әлеміне саяхат

Білімділік

Сандар қатары, санның құрамы, сандарды салыстыру, қосу және азайту амалдарының мағынасы бойынша білім, білік, дағдыларды қайталау.

Дамытушылық

Ойлау мен есте сақтау қабілетін, сөйлеу дағдысын дамыту; ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік

Оқушы бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

Көрнекіліктер

  • Топ сілтемелері
  • Ойын есептері
  • Жұмбақтар
  • Геометриялық фигуралар
  • Слайд

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды тұрғызып, сәлемдесу рәсімін орындау.
  • Сабақтың мақсаттарын түсіндіру.
  • Сабақтың жарыс түрінде өтетінін хабарлау және сыныпты үш топқа бөлу.

1) Алғырлар тобы

Ұраны: Ақыл азбайды, білім тозбайды

2) Тапқырлар тобы

Ұраны: Оқы да біл, ойна да күл

3) Білімділер тобы

Ұраны: Білімділер алға, жеңіске жет, қалма!

Топтық жұмыс ережесі

Бір-біріңді мұқият тыңдаңдар, тыныштық сақтаңдар, ойларыңды еркін әрі батыл жеткізіңдер.

Кіріспе оқиға: «Математика ордасы»

Ерте, ерте ертеде әлемді таңғалдырған бір Орда болыпты. Ол Орданы ақылды да білімді Математика басқарыпты. Математика өз Ордасына жалқаулар мен ештеңе білмейтіндерді кіргізбейді екен.

Бүгін біз өз білімімізді көрсете отырып, Математика ордасына кіруге талпынамыз.

Төрт шар және төрт мезгіл

  • Шарлардың түстері төрт мезгілді білдіреді.
  • Ақ — қыс: қыста жер бетін көбіне ақ қар жабады.
  • Сары — күз: жапырақтар сарғайып, жер беті сары кілемге ұқсайды.
  • Жасыл — көктем: табиғат оянып, жер беті көк майсаға толады.
  • Қызыл — жаз: жазда гүлдер құлпырып, айнала құлпыра түседі.

Әр шардың ішінде тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындау арқылы қай топ Математика ордасына кіре алатынын бірге көрейік.

Әділқазылар алқасы сайланады.

I кезең: Сары шар — «Күз тапсырмасы»

Миға шабуыл сұрақтары

Алғырлар тобы

  1. Аптада неше күн бар?
  2. Санды немен белгілейміз?
  3. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
  4. Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
  5. Азайтудың компоненттерін атаңдар.

Тапқырлар тобы

  1. Бүгін қай күн?
  2. Цифрды біз не істейміз?
  3. Заттарды бір-бірінен бөлгенде қандай амал қолданамыз?
  4. Қосудың компоненттерін атаңдар.
  5. Қисық сызықтың қандай түрлері бар?

Білімділер тобы

  1. Бүгінгі ауа райы қандай?
  2. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті қандай?
  3. Сызықтың неше түрі бар?
  4. Кесінді деген не?
  5. Бұрыштың түрлерін атаңдар.