Алматының тарихы
Алматы — арман қала
Бұл сабақ әдеттегі сабақтардан өзгеше: оқушылар өздері оқып-білгенін, көргенін және түсінгенін ортаға салып, топпен талқылап, дәлелдеп, қорытынды жасайды.
Көрнекіліктер
- Карта
- Видеоматериал (кассета)
- Нақыл сөздер
- Интерактивті тақта
- Қосымша материалдар
Сабақ форматы
- 2 топқа бөліну
- Тапсырманы талдау және түсіндіру
- 100 / 200 / 300 ұпайлық сұрақтар
- Видеоны көру, пікір айту
- Шығармашылық бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Әр топ берілген тапсырманы талдап, жазып, түсініктеме береді. Топтар тақтадағы сандарды (100, 200, 300) таңдап, ұпай жинайды. Ұпай деңгейіне сай сыйлықтар дайындалады.
Негізгі бөлім: Алматы туралы қысқаша шолу
Карта арқылы Алматының орналасқан жері көрсетіліп, қала туралы әңгіме өрбиді. Алматының көркемдігін танытатын арнайы видеоматериал көрсетіледі.
Одан кейін әр топ тақырып бойынша ұпайлық сұрақтарды таңдап, жауап береді.
1) Алматының тарихы
Сұрақ-жауапАлматы тұрған жерде ежелден кімдер мекендеген?
Бұл өңірді қазақ халқын құраған тайпалар мекендеген. Археологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ертеде сақтар, кейін үйсіндер, ал орта ғасырларда дулат тайпалары қоныстанған.
Алматы ежелден қандай атпен аталған?
Алмалық және Алмату атауларымен белгілі болған. Алмату қазіргі Алматы тұрған жерде орналасқан. Алматудан қалған ескерткіштер ХХ ғасырдың 40–50 жылдарына дейін сақталған. 1807 жылы Верный бекінісі салынған.
Алматы атауын қашан қайта алды?
1918 жылы 2 наурызда Кеңес өкіметі орнады. 1921 жылы қала ежелгі «Алматы» атауын қайта алды.
2) Алматы кеше
Таным«Қазақстан» кітабынан Алтын адам туралы не білесің?
Алматы облысы, Есік қаласының маңынан табылған. 1969–1970 жылдары К. Ақышев зерттеп, шамамен 17–18 жастағы сақ жауынгерінің бейнесін сипаттаған.
Алматыда қандай оқу орындары бар?
Алматы Құрылыс академиясы, Медициналық академия, Жоғары әскери академия, жоғары би мектебі, Алматы мемлекеттік консерваториясы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және тағы басқа оқу орындары.
Қалаға көрік беретін қандай ғимараттар бар?
Даңқ монументі, М. Әуезов атындағы драма театры, Медеу мұз айдыны, Спорт сарайы, «Қазақстан», «Анкара», «Рахат-Палас» қонақ үйлері, Республика сарайы, Мемлекеттік музей және т.б.
3) Алматы ертең
БолашақӨз ойыңда Алматыға не керек?
Метро, Арал—Алматы теміржол бағыты, океанариум, электричка бағыттарын көбейту.
Алматының болашағына кедергі келтіретін не?
Көліктерден шығатын түтін, ауаның ластануы және қаланың таулы аймақта орналасуына байланысты кейбір экологиялық қиындықтар.
Алдағы уақытта Алматыда қандай фильмдер түсірілсе дейсің?
Туған жеріміз Аралдың тарихы, жол үстіндегі қиындықтар, өткелдердегі сынақтар туралы деректі фильмдер мен арнайы жобалар түсірілсе деген ұсыныс айтылады.
4) Алматы бүгін
Қазіргі уақытҚазір Алматыда қандай өнер адамдары тұрады?
Кейбір пікірлерде өнер адамдарының бір бөлігі мүмкіндік іздеп Астанаға қоныс аударғаны айтылады.
Алматыдан қандай ақпарат құралдары тарайды? Қандай газет-журналдар бар?
«Хабар», «Ұлттық арна», КТК, Alma TV сияқты арналар, сондай-ақ «Ақ желкен», «Қазақстан әйелдері», «Балдырған» секілді басылымдар және т.б.
«Қазақфильм» киностудиясы шығарған қандай фильмдерді тамашаладың?
«Қыз Жібек», «Құлагер», «Өтелмеген парыз», «Несібелі», «Шегіртке», сондай-ақ түрлі телесериалдар.
II бөлім: шығармашылық таныстырылым
Оқушылар өз бетімен жинақтаған қосымша материалдарын ұсынады. Ән орындау арқылы тақырып мазмұны эмоционалды тұрғыдан толықтырылады.
Орындаушы
Ұлдай Ізмамбетова
«Сағындым Алматымды»
Орындаушы
Сансызбаева Айтолқын
«Алматым»
Орындаушы
Төлегенова Назерке
«Астанам»
Қорытынды
Тәрбие сағаты мәресіне жетті. Егер түсінбеген сұрақтарың болса, еркін сұра. Бүгінгі алған ойларыңды жадыңда сақтап, алдағы уақытта өмірде қолдануға тырыс. Білімдеріңді үнемі жетілдіріп отырыңдар — мүмкін, алда Алматы қаласы сендерді күтіп тұрған шығар.
Қатысып, білімдеріңді көрсеткендеріңе рахмет! Сау болыңдар!