Мазмұнын айту
Сабақтың тақырыбы: «Ақ кептер» (Ә. Шынбатыров)
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету; мазмұнын ашу; оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
-
Дамытушылық
Мәтінмен жұмыс арқылы тіл байлығын дамыту; бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеп, қорытынды шығаруға дағдыландыру.
-
Тәрбиелік
Қатыгездіктен бойды аулақ ұстауға, мейірімділікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу; құстар мен табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, көрнекілік
- Сабақтың түрі
- Дамытушылық
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді игерту
- Көрнекілігі
- Слайдтар
- Пәнаралық байланыс
- Өзін-өзі тану
Негізгі идея
Мәтін арқылы оқушының жүрегіне мейірім ұялатып, табиғатқа жанашырлықты нақты әрекетке айналдыру: ойлану, сөйлету, салыстыру, қорытындылау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері»
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады баршаға.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырмалар
- «Қайырымдылық» әңгімесінің мазмұнын айту.
- Әңгіменің негізгі кейіпкерлерін атау.
- Кейіпкерлерге мінездеме беру.
Кейіпкерлер және мінездеме
Сәулет пен Келбет
Қайырымды, ұқыпты, тәртіпті, ақылды.
Қарлығаш
Мейірімді, байсалды, адамға дос.
III. Жаңа сабақ
1) Жүректен жүрекке
Балалар, жүрегіміз таза, періштедей пәк. Әр адамның жүрегінде ұялаған бір жақсы қасиет болады. Ендеше сол қасиеттерді бір-бірімізге тілек ретінде арнайық:
Қайырымды бол
Жақсылықты ойлап, әрекет ет.
Мейірімді бол
Жанашырлық танытып, қолдау көрсет.
Ақылды бол
Ойыңды жинақтап, дұрыс шешім қабылда.
Ізетті бол
Сөз мәдениетін сақта.
Инабатты бол
Әдеп пен сыйластықты ұстан.
2) «Көзбен көр, сөзбен өр»
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: көргеніңді нақты сипатта, негізгі ойды тап, кейіпкердің әрекетіне баға бер.
3) Сөзжұмбақ
Төмендегі сұрақтар бойынша сөзжұмбақ шешіледі. Жауап сөздер: аға, қоңыз, көкек, екі, парта, төрт, елу, радио.
-
1. Туыстық атау
Жауабы: аға
-
2. Ұшқанда өлең айтады, қонғанда жер қазады
Жауабы: қоңыз
-
3. Қайталап атымды, көктемде ән салам; кез келген ұяға жұмыртқа саламын
Жауабы: көкек
-
4. Нашар баға
Жауабы: екі
-
5. Мектеп мүлкі
Жауабы: парта
-
6. Математикадағы жұп сан
Жауабы: төрт
-
7. «Ел – құлағы ...»
Жауабы: елу
-
8. Бір бұлбұл отырады салып әнді… әп-сәтте жер түбінен хабар алды
Жауабы: радио
4) Автор туралы мәлімет
Ә. Шынбатыров туралы қысқаша мәлімет беріледі (өмірі, шығармашылығы, негізгі тақырыптары).
5) Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мұқият, мәнерлеп оқу.
- Мағынасы түсініксіз сөздерді белгілеу.
- Негізгі ойды анықтау.
6) Сөздік жұмыс
Мәтіндегі жаңа сөздер мен тіркестердің мағынасы түсіндіріледі, сөйлем ішінде қолдану арқылы бекітіледі.
7) «Нақты сұрақ – дәл жауап»
- Еркін неге кешікті?
- Әжесі Еркінге неліктен риза болды?
- Еркін кептерді қалай күтті?
- Әжесінің ойын қалай түсіндіруге болады?
- Еркінге мінездеме бер.
Ойын: «Ұя құрастыру» және жұмбақтар
Құстарға қатысты жұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың танымы мен тілдік қорын дамыту.
1) Бейбітшілік құсы
Оны барша жұрт бейбітшілік құсы деп атайды.
Жауабы: кептер
2) Садақша мойынын иілтіп… (көлдің сәні)
Жауабы: аққу
3) Түсі қара мақпалдай, төсі ақ сыр жаққандай…
Жауабы: қарлығаш
4) Балпаң-балпаң басады, адамнан қатты сасады…
Жауабы: қаз
5) Ұзын сирақ, түйе бас…
Жауабы: тырна
6) Жайнаған бақтың әншісі…
Жауабы: бұлбұл
Шығармашылық тапсырмалар
1) Әңгімелеу
«Құстар — біздің досымыз» тақырыбында қысқаша ойтолғау айту.
2) «5 жолды өлең»
Тақырыпқа сай бес жолды өлең құрастыру.
3) Топтастыру
«Мен жақсы бала болу үшін қандай болуым керек?» — күн сәулелері сияқты тармақтарға қажетті қасиеттерді жазу.
IV. Қорытынды
«Кубизм» стратегиясы бойынша қорытынды сұрақтар
- Қандай әңгімемен таныстық?
- Мәтіннің авторы кім?
- Мәтін не туралы?
- Мәтінді рөлге бөліп оқу.
- «Қайырымдылық» әңгімесімен салыстыру.
Салыстыру кестесі
Екі мәтіндегі ортақ идея мен айырмашылықтарды анықтау: кейіпкер, әрекет, қорытынды ой, тәрбиелік мән.
«Қоржын» әдісі
Әңгімеден алған әсер бойынша «қоржынға» салатын тірек сөздер мен құндылықтарды таңдау (мейірім, қамқорлық, жауапкершілік, жанашырлық).
V. Үй тапсырмасы
Мәтіннің мазмұнын айту.
VI. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар мадақталады және мақтау қағазымен марапатталады.