Жылдамдық нені сипаттайтын шама

Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы

Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі

Физика және информатика пәні мұғалімі: Сағынова Ибаш Тұрғанбайқызы

Сабақ тақырыбы

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

Жаңа білім Теория + практика Қозғалыс және күштер

Сабақ мақсаты

Импульстің салыстырмалы шама екені және импульстің сақталу заңы барлық инерциялық санақ жүйелерінде орындалатыны туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері

Оқу мақсаты

Жаңа мәліметтер ұсына отырып, теорияны практикамен ұштастыра білу.

Тәрбиелік мақсат

Жауапкершілікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу, мамандыққа баулу.

Дамыту мақсаты

Формулаларды қорыта білу және оларды тиімді қолдану дағдыларын дамыту.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ түрі
Жаңа білім беру сабағы
Әдіс-тәсілдер
Ауызша, практикалық, иллюстративті
Көрнекілік
Әртүрлі шарлар
Пәнаралық байланыс
Математика

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Сыныптың дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау.

II. Қайталау

Алдыңғы тақырыптарды пысықтауға арналған сұрақтар:

  • Күш дегеніміз не және ол қандай шама?

  • Қандай күш түрлерін білесің?

  • Ньютонның I, II, III заңдарының мәні неде?

  • Дененің массасы нені сипаттайды?

  • Жылдамдық қандай шаманы сипаттайды?

  • Қозғалысты қалай түсінесің?

III. Түсіндіру

Қозғалыстың массаға (m) және жылдамдыққа (υ) тәуелділігін сипаттайтын шама дене импульсі немесе қозғалыс мөлшері деп аталады.

Негізгі идея

Импульс — қозғалысты сипаттайтын маңызды шама; ол масса мен жылдамдыққа тәуелді.