Шешендік сөздің мазмұндылығы
Сабақ жоспары (11-сынып, жаратылыстану бағыты)
Бұл сабақта «Шешендік және сөз мәдениеті» тарауы бойынша өткен материалдар қайталанып, қорытындыланады. Оқушылар шешендік өнердің мәнін тереңірек түсініп, қазіргі шешендіктің түрлерін ажыратып, сөз сапасына қойылатын талаптарды тәжірибе арқылы дәлелдеуге дағдыланады.
Сабақтың тақырыбы
«Шешендік және сөз мәдениеті» тарауын қайталау және қорытындылау.
Сабақтың мақсаттары
Шешендік, оның қазіргі түрлері, шешендік сөздің сапалары (сөздің мазмұндылығы, дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі) туралы білімді мысалдар арқылы дәлелдеп, қайталау және пысықтау.
Шешендік сөздердегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, афоризмдердің табиғатын танып, қолдану қабілетін дамыту.
Қазіргі шешендердің сөйлеу мәдениетін үлгі ету, бос сөзден сақтандыру, ұтымды әрі дәл сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілік пен ресурстар
- Сызба-кестелер және слайдтар.
- Интерактивті тақта арқылы көрсетілетін материалдар: Н. Ә. Назарбаев, Ә. Кекілбаев, Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Қажы Дербісәлі, Жамбыл (суреттері мен мәтін үзінділері).
- Семантикалық карталар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (кіріспе)
Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіреді: өткен тақырыптарға шолу жасап, шешендік өнер, қазіргі шешендіктің түрлері және шешендік сөздің сапалары туралы білімді қорытындылап, тиянақтау.
Одан кейін қазақ сахарасында болып, халқымыздың асыл қасиеттерін жоғары бағалаған шетел саяхатшыларының жазба естеліктерінен үзінді тыңдалады (интерактивті тақта арқылы көрсетіліп, мәнерлеп оқылады).
Осы пікірлер арқылы шешендік өнердің қазақ болмысына біте қайнасқан қасиет екені айқындалады.
I. Қайталау — оқу анасы (сұрақ-жауап)
Негізгі сұрақтар
- 1) Шешендік өнер дегеніміз не?
- 2) Шешендік сөз дегеніміз не?
- 3) Шешен дегеніміз кім?
- 4) Шешендерге қойылатын қандай талаптар бар?
- 5) Қазіргі шешендіктің түрлерін ата.
Қазіргі шешендіктің түрлері
- Білім-ғылым мазмұнды шешендік
- Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік
- Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік
- Діни мазмұнды шешендік
- Сот ісі шешендігі
II. Ұтымды пікір — ұтқыр ой
Қазақ халқы сөз өнерін ерекше қадірлеген. «Сөзге тоқтау» — үзілмей келе жатқан дәстүрдің бір көрінісі. Шешеннің ең негізгі құралы — сөз: ол тыңдаушыны баурап, жүрекке әсер етіп, ойды оятады.
Талқылау сұрақтары
- Бүгінгі заманға шешендік қажет пе? Неліктен?
- Қазіргі таңда елімізге танымал шешендер бар ма? Кімдерді атар едің? Мысалмен дәлелде.
- Келтірген мысалың қазіргі шешендіктің қай түріне жатады?
Оқушылар мысал ретінде Н. Ә. Назарбаев, Ә. Кекілбаев, Қ. Сәтбаев, Ә. Қажы Дербісәлі, М. Әуезов, Абай, Жамбыл сынды тұлғалардың сөздерінен үзінді келтіріп, дәлелмен сөйлейді. Сонымен қатар білім-ғылым мазмұнды шешендікке және сот ісі шешендігіне қатысты мысалдар келтіреді.
III. Даналық сөзден дән ізде
10 оқушыға семантикалық карта таратылады. Тапсырмалар арқылы нақыл сөздердің мағынасы ашылып, сөздің әсер ету күші мен ой тереңдігі талданады.
IV. Кешенді талдау — кемел білім
Талдау түрлері (жеке оқушылар)
- Фонетикалық талдау — Тұрысбек Қуаныш
- Лексикалық талдау — Каиртаева Луиза
- Морфологиялық талдау — Керімтаева Динара
- Синтаксистік талдау — Акчалова Ақерке
Шешендік сөздің сапалары
- Мазмұндылық — ойдың салмақты, тұжырымды берілуі
- Дәлдік — ойдың айқын, нақты жеткізілуі
- Тіл тазалығы — орынсыз сөзден, бөгде қолданыстан сақтану
- Тіл көрнектілігі — бейнелі, әсерлі, көркем сөйлеу
«Кім тапқыр?» ойыны
«Билер сөзі — ақылдың кені» деген ұғымды негізге ала отырып, би-шешендердің сөздерінен берілген үзінділердің авторын табу тапсырмасы орындалады. Мақсат — қысқа да нұсқа, түйінді ойды тану және дәлелмен айту.
V. Көркем сөзім — көрікті ойым
Оқушылар қазіргі шешендік үлгіде жиі қолданылатын фразеологизмдердің сыңарын табады. Тапсырмалар «Тәуелсіздікке бес жыл» еңбегінен алынған мәтін үзінділері негізінде орындалады (Н. Ә. Назарбаев).
Сабақты бекіту
Сұрақ
Шешендік сөздің сапаларына нелер жатады?
Жауап «топтастыру» стратегиясы арқылы жүйеленеді.
Қорытынды (ойтолғау)
Оқушылар ойтолғау жасап, сөз мәдениетінің өмірдегі маңызына тоқталады. Қорытынды бөлімде Ғаппарова Назымның орындауында Сегіз серінің жастарға берген батасы тыңдалады (Бауыржан бата береді).
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- 72-жаттығу
- Тарауды қайталау
- «Шешендік туралы ойтолғау» жазу
Бағалау
Оқушылардың жауаптарының дәлдігі, ой жүйелілігі, тіл тазалығы мен дәлелдеу дағдысы ескеріле отырып, білімдері бағаланады.