Біріккен сөздер еліне саяхат

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жармедетова Жанна Қуанышбаевна.

Тақырып

Біріккен сөздер

Сөзжасам тақырыбын жүйелі түрде түсіндіруге және тәжірибелік тапсырмалар арқылы бекітуге бағытталған сабақ.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Үлестірме қағаздар
  • Сөзжұмбақ және қосымша материалдар

Мақсаты мен күтілетін нәтиже

Мақсаты

Білімділік

Біріккен сөздердің жасалу жолдарын меңгерту, түрлерін таныту.

Дамытушылық

Ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру; шығармашылық қабілеттерін дамыту; сөздік қорын молайту; ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын тереңдету.

Тәрбиелік

Туған жерін, елін сүюге; тарихын қастерлеуге; жолдастық көмекке әзір болуға; байқампаздыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Біріккен сөздердің жасалу жолдарын меңгереді.
  • Біріккен сөздердің түрлерін ажыратады.
  • Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, ойландыру, салыстыру, «Еркін жазу».

Пәнаралық байланыс

Халық ауыз әдебиеті, Қазақстан тарихы, жаратылыстану, география, музыка, математика, информатика.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг: «Жүректен жүрекке»

Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Хантәңірі» және «Алатау». Екі топ бір-біріне игі тілектерін білдіреді.

Ой қозғау

«Сөздер қалай жасалады?» тақырыбында ассоциация құру арқылы жаңа сабаққа көпір жасалады.

Мағынаны ашу: жаңа сабақ

Біріккен сөздер

Екі не одан да көп түбірдің бірігіп, бір ұғымды білдіруі арқылы жасалады.

Мысалдар

Талдысай Нұрәділ Әлдеқашан Көкшетау

Кіріккен сөздер

Түбірлердің дыбыстық өзгеріске ұшырап, кірігуі арқылы жасалады.

Бүгін (бұл + күн)
Биыл (бұл + жыл)
Әкел (алып + кел)
Ботагөз (бота + көз)

Оқулықпен жұмыс: «Біріккен сөздер еліне саяхат»

Тапсырмалар бірнеше бөлімге бөлініп, оқушылардың тілдік түйсігін, жылдамдығын және таным көкжиегін кеңейтеді.

1) Ертегілер әлемі

Ертегінің ғажайып,

Кейіпкерлері кім екен?

Бүгін олар ғылымның,

Қойнауында жүр екен.

Біріккен сөз арқылы жасалған ертегі кейіпкерлерін табыңдар.

2) Туған жер — алтын бесік

Қазақстандағы біріккен жер-су атауларын атаңдар.

Бір айтқаны біреуге мұра болар,
Қайран біздің бабалар, ғұламалар!

Біріккен сөзбен келетін қазақ ақын-жазушыларынан кімдерді білесіңдер?

3) Өнерліге өріс кең

Біріккен сөзден құралған шығарма, өлең, ән-күй атауларын атаңдар.

Кім жылдам?

Мысалдарды бір-бірімен сәйкестендіріп, дұрыс біріккен сөздерді құраңдар.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Сол жақтағы сөздер мен оң жақтағы сөздерді жұптастырып, біріккен сөз жасаңыздар.

Сол жақ Оң жақ
Кемпір сорғыш
Тоғыз аралық
Шаң бақа
Ақ бақан
Боз бағыс
Халық құмалақ
Күн қосақ
Тас торғай
Алты неше
Бір сүйек

Рефлексия: «Ер есімі — ел есінде»

Біріккен сөзбен келетін қазақ батырлары, хандары мен билері туралы шағын эссе жазыңдар.

Назар аударатын талаптар

  • Кемінде 3 біріккен сөз қолдану
  • Ойдың жүйелілігі мен тіл тазалығы
  • Дәлел мен мысал келтіру

Сөзжұмбақ тапсырмасы

Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, ерекше торкөзден қазақ билерінің бірінің есімін оқи аласыңдар.

  1. Бірінші түбірі сын есім, екінші түбірі географиялық атаудан тұратын қаланың атауы.
  2. Бояу аты басында, шашты қостым қасына. Сонда аңызға кіреміз, дана әйелді білеміз.
  3. Тағам сөзінің синонимі мен ыдыс атауынан тұратын біріккен сөз.
  4. Үй жануары мен сезім мүшесінен тұратын өсімдіктің атауы.
  5. Абайдың әкесінің аты.
  6. Екі сөз бірігіп айтылса — тышқан, бөлек айтылса — біреуі ұсталық сайман.
  7. Сан есімнен, адам мүшесі мен тағамнан құралған Қазақстандағы өндіріс орнының атауы.

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Екі топтың белсенді қатысқаны үшін алғыс хат тапсырылады. Жекелеген оқушылардың білімі, тапқырлығы мен ізденімпаздығы сараланып, мадақтау және бағалау жүргізіледі.

Белсенділік

Топтық жұмысқа қатысу

Тапқырлық

Жылдам әрі дәл жауап

Ізденіс

Қосымша мысал келтіру

Үйге тапсырма

«Туған өлкем — тұнған шежірем» тақырыбына біріккен сөздерді қатыстырып шығарма жазыңдар.

  • Кемінде 8 біріккен сөз қолдану
  • Туған жерге қатысты нақты мысалдар келтіру
  • Кіріккен сөздерден 2 мысал қосу (қалауыңша)