Қандай көктем

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім
Бердалиева Гульжамила Рахметбаевна
Пән
Әдебиеттік оқу
Тақырып
Абай. «Жазғытұры»
Сабақтың мақсаты
Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Міндеттер

  • Өлеңдегі ақынның көңіл күйін сезіне отырып, бейнелі сөйлей білуге машықтандыру.
  • Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету.
  • Өзіндік пікір қалыптастыру арқылы тапсырманы өзара талқылап, қорытынды жасап, түйінді ойларды жинақтай білуге жетелеу.
  • Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы табиғатты аялауға, табиғат сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Тілдік дағды

Бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, оларды ауызекі тілде қолдана алады.

Ынтымақтастық

Жұптық және топтық жұмыста белсенділік танытып, сыни тұрғыдан баға бере алады.

Тәрбиелік нәтиже

Табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды, Абай шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, дүниетану, музыка

Сабақ әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру және психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық (бірге айту):

Алдымызда кездескен,

Көп қонақты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Оқушылар қонақтармен амандасып, шеңберге жиналады. «Өрмекші» әдісі арқылы бір-біріне жылы лебіз айтып, сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөліну

Оқушыларға гүл атаулары жазылған стикерлер таратылады. Сол атаулар бойынша 3 топқа бөлінеді (әр топта 6 оқушыдан):

  • 1-топ

    Қызғалдақ

  • 2-топ

    Жауқазын

  • 3-топ

    Раушангүл

Алтын ережені еске түсіру

  • 1 Есте сақтау
  • 2 Мұқият тыңдау
  • 3 Алға ұмтылу
  • 4 Тәртіп сақтау
  • 5 Әділ болу
  • 6 Көмектесу
  • 7 Жауапкершілікті болу

Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Ребусты шешу арқылы сабақтың өзекті сөзі анықталады: «Абай».

Өлең авторы туралы

  • Ұлы ақын
  • Сыншы
  • Заман суреткері
  • Аудармашы
  • Лирик

Абайдың табиғат лирикасы бойынша жазған шығармалары еске түсіріледі және алдыңғы сабақтардағы өлеңдері қайталанады.

Слайдпен жұмыс: «Бұл қай мезгіл?»

Сұрақ-жауап арқылы анықтау

  • Көктем екенін қалай білеміз? Қар ериді, гүлдер шығады.
  • Көктемде неше ай бар? Үш ай: наурыз, сәуір, мамыр.
  • Көктем қай айдан басталады? Наурыздан.

Мереке және табиғат құбылыстары

  • Наурыз айындағы мерекелер: 8 наурыз (Аналар мерекесі), 22 наурыз (Ұлыстың ұлы күні).
  • Ағаштар оянып, бүршік жарады; қар еріп, суға айналады.
  • Күн жылынады; құстар жылы жақтан келеді.

Құстар туралы әңгіме

Қандай құстарды білеміз?

Аққу, көкек, үйрек, тырна, бұлбұл, қарлығаш, қараторғай.

Қалай қарсы аламыз?

Ұя жасап қарсы алу керек. Құстар ағаштарды қорғайды, сондықтан олар — біздің досымыз.

Өлеңмен танысу: «Жазғытұры»

Мұғалім «Жазғытұры» өлеңінен үзіндіні мәнерлеп оқиды, мазмұнын талдап түсіндіреді. Өлеңде көктем келгенде қыс аязы бәсеңдейтіні, жердің гүл мен көк шөпке толып көркейетіні айтылады.

Кілтті образ

«Масатыдай құлпырған» — жердің жұмсақ кілемдей жайнап, көркемденуін білдіреді.

Тіршілік пен қозғалыс

Көктемде төрт түлік төлдейді, құстар шаттанып сайрайды, сай-саладан су сыбдырлап, сыңғырлап ағады.

Мұғалім сурет пен поэзияны салыстырып, суретші көктемді бояумен бейнелесе, Абай көктемге сөз арқылы жан бітіретінін қорытындылайды.

Сөздік жұмысы

Масатыдай

Жұмсақ кілемдей, жайнап тұрғандай.

Анталаса

Қимыл-қозғалыс, тыпырлау, жандану.

Елжірер

Мейірленер, жылылықпен қарар.

Топтық жұмыс

Топ басшысы смайликтер арқылы топтың жұмыс қарқынын белгілейді. Белсенді жауап берген оқушыларға жұлдызшалар үлестіріледі.

1-топ

Мәнерлеп оқу

Өлеңді мәнерлеп оқып, автор туралы қысқаша мәлімет береді.

2-топ

Көктемгі тіршілік

Өлеңдегі көктемгі табиғат көрінісін сипаттайды.

3-топ

Жануарлар әлемі

Жануарлардың көктемгі тіршілігін суреттейді.

Сергіту сәті

Оқушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін әуенімен бірге жатқа айтады.

«Ыстық орындық» әдісі

Тақтаға 1–2 (дарынды) оқушы шығады. Олар бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Қалған оқушылар сұрақ қойып, жауаптарды талқылайды. Белсенді жауап бергендер жұлдызшамен бағаланады.

Қорытындылау

«Сурет сөйлейді»

Слайдтағы суреттер бойынша ой түйіндеу, көріністі сөзбен сипаттау.

«Бес жолды өлең» (үлгі)

Көктем — аңсаған.

Құстар — келді, жаураған.

Күн — жылыды далада.

Біз — ойнаймыз қуанған.

Үй тапсырмасы

  • «Көктем» тақырыбына шығармашылық жұмыс: өлең шығару, шағын шығарма жазу, сурет салу (таңдау бойынша).
  • Өлеңді жаттап келу.

Бағалау және кері байланыс

Бағалау

Сабақ барысында жиналған жұлдызшалар саны бойынша бағаланады.

Кері байланыс

Оқушылар смайликтерді өзі қалаған көңіл күй нұсқасына жабыстырады.