Мың бір мақал
Целиноград ауданы, №10 орта мектеп
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Жанар Кайратовна
Тақырыбы
Математикалық сайыс
Түрі
Жарыс – сайыс
Көрнекілігі
Шарлар, нақыл сөздер, шырпы, фигуралар
Мақсаты
- Оқушылардың білімін тексеру және математикадан алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Ұйымдастыру
Жарысқа 3 сынып қатысады: 2, 3, 4-сынып оқушылары.
1-топ
2-сынып — Бестіктер
2-топ
3-сынып — Жұлдыздар
3-топ
4-сынып — Тапқырлар
Сабақтың кезеңдері
1-кезең. Таныстыру
Бағалау: 5 ұпайға дейін
Әр топ өз атауын таныстырып, қорғайды. Толық әрі нақты қорғаған топқа 5 ұпай, жартылай қорғаған жағдайда 4–3–2 ұпай беріледі.
2-кезең. «Мың бір мақал»
Тақырып: сан есімдер
Құрамында сан есімдер кездесетін мақал-мәтелдерді айтып жарысу.
- Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.
- Піл күшті емес, тіл күшті.
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
- Бір тал кессең, он тал ек.
3-кезең. «Ойлы болсаң, тауып көр»
Әр топқа түрлі фигуралар беріледі. Тапсырма — берілген сурет/құрастыру ішіндегі фигураларды санау.
1-топ
Неше үшбұрыш бар?
Жауабы: 20 үшбұрыш
2-топ
Неше шаршы бар?
Жауабы: 30 шаршы
3-топ
Неше тіктөртбұрыш бар?
Жауабы: 36 тіктөртбұрыш
4-кезең. «Ойлан, тап»
Тапсырма 1
Берілген әріптерден математикаға байланысты сөздерді табыңдар.
к ғ а і з в ц а ы ұ к ғ ң з ф с ы р п у з н ө ө ү һ у і ғ с ы р е а д қ б қ і а й ы р м а ң й ы о е о ы я п б ы в а н ғ ғ с й с л а ғ ө а й ы р ы м ы т ы ғ б ө л і н г і ш г н к л ы ә й і й т қ ы ш ә д і ғ ш н а н а з а й т қ ы ш ы в д ө д ө а й ы р ғ қ ғ ш ц і а і й ю р ь м ы х ы щ қ
Шешуі
Тапсырма 2
Суретте сіріңке шиімен құрылған тор бейнеленген. Басқа шилерге тиіспей, 4 шиді алып тастағанда, 5 шаршы қалуы керек.
Ескерту: Бұл тапсырма топтың бірлескен талқылауын, стратегия таңдауды және дәлелдеуді талап етеді.
5-кезең. «Жүзден жүйрік»
Әр топ капитандарына жылдам сұрақтар қойылады.
- Фигураның периметрін қалай табамыз?
- Шаршы дегеніміз не?
- Көбейту дегеніміз не?
- 1 м-де қанша см бар?
- 1 сағатта қанша минут бар?
- 1 жылда қанша күн бар?
- Алынған бірнеше заттың құны қалай табылады? (Заттың бағасын оның санына көбейтеміз.)
- Бұрыш түрлерін атаңдар.
- 1 т-да қанша кг бар?
- Сұйық заттың өлшем бірлігі қандай?
- 1 тәулікте қанша сағат бар?
- 1 км-де қанша метр бар?
6-кезең. «Суретшілер»
Бағалау: әр фигураға 1 ұпай
Берілген фигураларды (төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер және т.б.) пайдаланып, топтар тапсырма бойынша бейне құрастырады.
1-топ
Адам құрастыру
2-топ
Үй құрастыру
3-топ
Машина құрастыру
Қорытынды және марапаттау
Оқушылар, болашақта бұдан да жоғары деңгейдегі сайыстарда өз білімдеріңді көрсетесіңдер деп сенемін. Өйткені жарқын келешектің тізгіні өз қолдарыңда екені даусыз. Осымен «Зияткерлік олимпиада» атты сайысымыз аяқталды.