Алмастың тіс жуғышы

Ұйымдастырылған кіріктірілген оқу қызметі

Көркем әдебиет · Құрастыру

Білім салалары: Коммуникация, Таным

Тақырыбы

Алмастың тіс жуғышы

Негізгі ұғым

Салауатты өмір салты

Мақсаты

Тәрбиелік бағыт

  • Жанұяға сүйіспеншілік, құрмет және қамқорлық сезімін қалыптастыру.
  • Балаларды өз тәжірибесінен әңгіме құрастырып айтуға үйрету.

Дамытушылық бағыт

  • Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
  • Майлықты умаждау тәсілдері арқылы бөліктерді біріктіріп, әртүрлі пішін құрастыруды меңгерту.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Әдістер

  • Әңгімелеу
  • Түсіндіру
  • Саусақ моторикасы жаттығулары

Көрнекіліктер

Тазалыққа арналған суреттер

Салауатты әдеттерді бекітуге арналған иллюстрациялар.

Майлық, желім, үлкен ақ қағаз

Құрастыру жұмысына арналған материалдар.

Сөздік жұмыс және билингвальды компонент

Тірек сөз

Салауатты өмір салты

Тіс жуғыш

зубная паста

Жанұя

семья

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Психологиялық сәт

Балаларды біріктіріп, өзара сенім атмосферасын құру.

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Балалар бір-біріне жақсы лебіз білдіреді:

  • Қайырлы күн!
  • Сабағымызды жақсы оқиық!
  • Аман болайық!

Алмас туралы әңгіме

Балалар Алмастың суретіне назар аударады: дене бітімі сымбатты, мейірімді, маржандай аппақ тістері оның әдемі күлкісін айқындай түседі.

Алмас өз бөлмесін таза әрі ұқыпты ұстайды, үй шаруасында ата-анасына көмектеседі.

Алмасқа ұқсағымыз келсе, қандай ережелерді ұстанамыз?

  • Шынығу және қозғалыс белсенділігі.
  • Дұрыс тамақтану.
  • Күн тәртібін сақтау.
  • Табиғатпен және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру.

Ойын-көрініс: «Темекіні таста»

Қасқыр мен қоянның әңгімесі арқылы темекінің денсаулыққа зиян екенін түсіндіру.

Сергіту сәті

Кірпідей жиырылып,
Қояндай секіріп,
Керіктей керіліп,
Бой түзеп аламыз.

Қозғалмалы ойын: «Автобус ішіндегі көрініс»

Көлікте үлкенге орын беру сияқты әдептілік қағидаларын үйрету.

Негізгі ережелер

Балалар төмендегі ережелерді мұқият есте сақтайды:

  1. 1 Әке-шешеңді, ата-әжеңді сыйла: күт, ренжітпе.
  2. 2 Ауланың және үйдің тазалығын сақтауға үлкендерге көмектес.
  3. 3 Өз бөлмеңді таза ұста: лас және ұқыпсыздық денсаулыққа кері әсер етеді.
  4. 4 Жеке заттарың мен ойыншықтарың әрдайым өз орнында болсын.
  5. 5 Бөгде тарақты қолданба.

Құрастыру жұмысы: майлықты умаждау арқылы бейне жасау

Жұмыс барысы

  1. 1 Үлкен ақ қағаздың бетіне желімді жағып шығамыз.
  2. 2 Алдымен адамның басын қағазды умаждап жасап, қағазға орналастырамыз.
  3. 3 Содан соң денесін, қолын және аяқтарын бөліктерге бөліп, умаждау тәсілімен құрастырамыз.
  4. 4 Бөліктерді біріктіріп, жалпы бейнені толықтырамыз.

Рефлексия және қорытынды

Негізгі ой

Жағымсыз әдеттер кедергі келтірсе, бір-бірімізге көмектесіп жеңеміз.

Саусақты ауызға салмаймыз, тырнақты тістемейміз.
Жуылмаған жемісті жемейміз.

Автор туралы

Сағынғалиева Сулупан Сағынғалиевна

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға селосы

«Ақмарал» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі