Абылай батыр
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырыбы
М. Әуезов — «Әбілмансұр»
Түрі мен типі
- Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер
- Ұлы тұлғалардың портреттері
- Әңгіме желісіне байланысты суреттер
- Қазақстан картасы
- Деңгейлік тапсырмалар
ТСО және әдістер
- ТСО: теледидар, DVD, эпипроектор
- Әдістер: сөздік, зерттеу, INSERT, «Галерея» стратегиясы, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, кубизм
- Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Тақырыптың мәнін ашу
- Халықтың өткен өмірімен және тарихи тұлғалармен таныстыру
- Абылай хан туралы түсінік қалыптастыру, білімді толықтыру
Дамытушылық
- Мәтіннің идеялық мазмұнын ашу
- Салыстыра және байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту
- Сарамандық жұмысты шығармашылық деңгейде орындауға машықтандыру
Тәрбиелік
- Адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу
- Ұлы адамдардың іс-әрекетін бағалауға және құрметтеуге баулу
Сабақтың барысы
Кезеңдер бойынша құрылымдалған жоспар: ұйымдастырудан бастап қорытынды мен үй тапсырмасына дейін.
Оқу форматы
Жеке жұмыс · Топтық жұмыс · Талқылау
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың дайындығын тексеру.
- Сабақтың ерекшелігін қысқаша таныстыру.
- Оқушыларға сәттілік тілеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдын ала берілген «Еңбек түбі — береке» тақырыбындағы шығармаларды оқыту және қысқаша пікір алмасу.
III. Өткен сабақты пысықтау
«Кубизм» әдісі бойынша куб қырларына жазылған сұрақтарға жауап алу.
Түйін сұрақ
«Еңбек түбі — береке» деп не себепті айтылады?
Өйткені білім де, өнер де, байлық та, бақыт та еңбек арқылы келеді.
IV. Жаңа сабақ
1) Суреттермен кіріспе жұмыс
- Тақтадағы суреттерге шолу жасау.
- Суреттегі тұлғалар туралы оқушылар пікірін тыңдау.
- «Ұлы адамдардың өмірімен таныса отырып, нені үйренеміз?» сұрағын талқылау (үлгі, өнеге, тәрбие).
- «Өнеге» ұғымын 1–2 оқушыдан сұрап, нақтылау.
Маңызды акцент
Бүгін «Өнегелі өмір» тарауын бастау және М. Әуезовтің «Әбілмансұр» әңгімесімен танысу.
2) Автор мен тарихи тұлға туралы мәлімет
Автор — оқушыларға бұрыннан таныс. Оқушылардың М. Әуезов туралы білетіндерін айтқызу арқылы әңгімеге кіріспе жасау.
Абылай хан туралы қысқаша дерек
- Әкесі — Уәли сұлтан, атасы — Түркістан билеушісі болған Абылай.
- Жас кезінде батырлығы және ержүректілігімен көзге түсіп, халық оны хан көтереді.
- Ханның жанында Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, сондай-ақ Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты батырлар ақылшы әрі тірек болды.
Абылайдың алға қойған үш мақсаты
- Көшпелі елді отырықшы өмірге үйрету.
- Үш жүздің басын қосып, біріктіру.
- Халқына тәуелсіздік алып беру.
3) Мәтінмен жұмыс (оқулық)
- Мәтінде Абылайдың балалық шағы баяндалатыны ескертіледі.
- Оқушыларды 3 топқа бөліп, мәтінді іштей оқыту.
- Түсініксіз сөздерді белгілеу тапсырмасы беріледі.
4) Сөздік жұмысы
- Қалмақ
- Ұлт атауы.
- Қасқа атты
- Маңдайында дағы (ақтаңдағы) бар ат.
5) Суретпен жұмыс
- Тақтаға әңгіме желісіне сай суреттер ілінеді.
- Әр топтан бір оқушы шығып, суреттерге сүйене отырып мазмұндайды.
- Суретке қарап, әр бөлімге тақырып қояды.
6) Дәптермен жұмыс (жоспар құру)
- Бала Сабалақ
- Сабалақтың соғысқа аттануы
- Абылай батыр
7) Сергіту сәті
Ердің күші — жүректе,
Батырлық бар білекте.
Ту ап қолға самғаймыз,
Туған елді қорғаймыз.
Ер боламыз ағадай,
Қиындыққа қарамай.
Үлгі батыр — бабамыз,
Өжет, батыр боламыз.
8) Оқулықпен жұмыс (оқу)
Мәтінді тізбектей оқыту.
V. Жаңа сабақты бекіту
1) Сұрақтар
- Төле би Абылайдың ел билейтінін қайдан біледі?
- Қалмақтар неліктен қаша бастайды?
- Сабалақ неліктен Абылай атанып кеткен?
- Абылай кімдерден бата алады?
2) Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей (5 ұпай)
Елі үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдардың аттарын жаз.
2-деңгей (10 ұпай)
- Сабалақ неліктен Абылай атанып кетті?
- Батырдың «бес қаруын» атап жаз.
3-деңгей (15 ұпай)
«Ер қанаты — ат», «Ереуіл атқа ер сал» мақалдарының мағынасын түсіндір.
4-деңгей (шығармашылық)
Абылай ханға мінездеме бер.
Қосымша: «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсету.
VI. Сабақты қорытындылау
1) Картамен жұмыс
Қазақстан картасына назар аударайық: Каспийден Алтайға дейін, Алатау мен Қаратаудан Батыс Сібірге дейін созылған ұлан-ғайыр жер — ата-бабаларымыздың жаудан қорғап, бізге мұра етіп қалдырған қастерлі мекені.
Бұл кең байтақ жер үшін қазақ халқы талай қиын кезеңдерді бастан өткерді. Бүгінде ірі қалалар бой көтеріп, ел орнықты; үш жүздің басы бірікті; тәуелсіздігіміз нығайды.
Талқылау
Абылай ханның армандары орындалды ма?
2) Тірек-сызбамен жұмыс
Негізгі ұғымдар мен тарихи байланыстарды тірек-сызба арқылы жинақтау.
Тақырып
«Әбілмансұр»
Негізгі тұлға
Абылай хан
Құндылық
Өнеге, ерлік
Дағды
Мазмұндау, талдау
VII. Бағалау
Оқушылардың еңбегі, дайындығы және білім деңгейі мадақтау арқылы бағаланады.
VIII. Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- №8 тапсырма бойынша дайындалу.