Мәтіннің мазмұнын меңгерту

Сабақ жоспары: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы
«Ақдауыл хан»
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Көрнекілігі
Хандардың суреттері

Мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

Мәтіннің мазмұнын меңгерту.

Сабақтың міндеттері

  1. Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын меңгертіп, талдау жасай алуға үйрету.
  2. Түсініп оқу дағдыларын дамыту, қызығушылықты ояту, сөздік қорды жетілдіру.
  3. Туған жердің қасиетін түсінуге, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқыту әдіс-тәсілдері

  • Сөздік әдіс
  • Әңгіме
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Көрнекілік

Сабақтың құрылымдық жоспары

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    • Амандасу
    • Түгендеу
    • Сабаққа әзірлігін тексеру
  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    «Ұяшықты таңда» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру.

  3. III

    Жаңа сабақ

    Оқулықпен және дәптермен жұмыс, топтық тапсырмалар.

  4. IV

    Бекіту

    Шығармашылық тапсырмалар арқылы ойды жинақтау.

  5. V

    Қорытындылау

    • Сабақты қорытындылау
    • Оқушылардың білімін бағалау
    • Үй тапсырмасын беру
    • Сабақты аяқтау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Мейірімді жүрекпен

Оқушылар жүректерін ұстайды.

Ақ пейілді тілекпен

Қолдарын жоғары көтереді.

Амандасып алайық

Бір-бірінің қолдарын ұстайды.

Бір жадырап қалайық

Бір-біріне қарап күлімдейді.

Еңбек етіп ерінбей,

Бестік баға алайық.

Оқушылар бас бармақтарын көтереді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1

Дәптерлер тексеріледі.

2

«Ұяшықты таңда» ойыны арқылы «Алпамыс батыр» және «Байшұбар ат» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

Мақсат: алдыңғы білімді еске түсіру және сөйлеу дағдыларын белсендіру.

III. Жаңа сабақ

Топтық жұмыс

Сұрақ

«Хан дегеніміз кім?» Ассоциация құрыңдар.

Оқушыларға қағаз таратылады; топтар жазғанын қорғайды.

Мәтінмен танысу

Бүгін «Ақдауыл хан» мәтінімен танысамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Бердалы Рысбеков 1940 жылғы 17 мамырда Келес ауданы, Мақтабек Рахымов атындағы совхоздың Құрылыс елді мекенінде дүниеге келген. 1957 жылы Ленин жолы (қазіргі О. Есімов) мектебін бітірген.

Екі-үш жыл совхозда жұмыс істеп, кейін Ташкенттегі ауа райын зерттеу техникумына оқуға түскен. Шығармашылықпен 1960 жылдан бастап айналысады.

«Жалын», «Парасат» баспаларынан бірнеше жеке кітаптары жарық көрген: «Аппақ қар туралы ертегі», «Құмырсқаның баласы», «Қуыршақтың басынан кешкендері», «Тасқа айналған қыз», «Сиқырлы жүзік». Сонымен қатар өлең және ән де жазады.

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтін мұғалім тарапынан мәнерлеп оқылады.
  • Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
  • Түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сөздік жұмысы

Хан көтеру

Хан сайлау.

Ат ізін үзу

Бармай, көрмей кету.

Талқылау сұрақтары (кубизм стратегиясы)

  1. 2-сыныпта оқыған қай ертегі есіңе түсті?
  2. Мәтіндегі Ұлы теңіз бен Үнді жерінің сипатын әңгімеле.
  3. Қап тауының ерекшелігі неде?
  4. Мәтін мазмұнына сүйеніп, ханның ауруын ата.
  5. Негізгі ойды анықтап, тақырыбын қалай өзгертер едің?
  6. Туған жеріне келгендегі ханның өзгерісін мәтіннен тауып оқы.
  7. Мәтіннің түрін ажырат: ертегі, мысал, аңыз. Дәлелде.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

Дәптермен жұмыс

Ханның нөкерлеріне айтқан соңғы сөзінің мағынасын ашатын мақал-мәтел жаз.

Үлгі

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.»

Шығармашылық тапсырмалар

1-тапсырма

«Бес жол өлең» жазу.

2-тапсырма

Туған жер туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру.

Тарихи байланыс

Сұрақ: «Биыл Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл болды?»

Жауап: 550 жыл.

Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан мен Керей хан тұсында қаланған. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Тәуке хан есімдері қазақ мемлекеттілігімен қатар аталады. Олардың қазақ жерін нығайтудағы, елдің бірлігін бекітудегі еңбектері зор.

IV. Бекіту

Жазылым тапсырмасы

«Егер мен хан болсам, …» тақырыбында ойтолғау жаз.

Оқушылар өз ұсыныстарын оқып, сыныппен талқылайды.

V. Қорытындылау

Рефлексия

Маған сабақта

… ұнады.

Маған

… қызықты болды.

Сұрағым

Мынадай сұрағым бар: …

Бағалау

Үй тапсырмасын орындаған және сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы

74–76-беттер: мазмұндау.

Сабақты аяқтау

Сабақ қорытындыланып, келесі жұмысқа бағыт беріледі.