Дерексіз зат есім
Сабақ тақырыбы
Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі және дерексіз зат есімдер. Қазақ тілі · 6-сынып
Сабақ түрі
Жаңа тақырып
Әдіс-тәсілдер
Кесте, түсіндіру, тапсырма, сұрақ-жауап
Көрнекілік
Сызба, кеспе карточкалар
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Тақырып бойынша білімді меңгерту, түсінігін кеңейту және алған білімді қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік
Тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздық пен тапқырлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Шығармашылық және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, таза әрі көркем жазуын, ойлау мәдениетін дамыту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сыныптың тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың назарын тақтаға аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
103-жаттығу«Ұлттық салт-дәстүрлер» тақырыбында қазақ салт-дәстүрлері туралы шағын әңгіме жазыңдар.
Сұрақ-жауап
- Сөз таптары дегеніміз не?
- Сөз таптары нешеге бөлінеді?
- Зат есім дегеніміз не? Мысал келтіріп, сұрақтарын атаңдар.
- Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
- Құрамына қарай қалай бөлінеді?
- Жалпы және жалқы есімге мысал келтіріңдер.
- Деректі және дерексіз зат есімдер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
III. Жаңа тақырып
Бұл бөлімде зат есімнің жасалу жолдары және мағынасына, танылуына, құрамына қарай түрлері қарастырылады.
Мағынасы бойынша
1) Жалпы есім
Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер.
Мысалдар: тау, құс, адам, өсімдік, жануар, аң, ауыл
2) Жалқы есім
Бір затқа ғана берілетін атау; біркелкі заттар мен құбылыстарды жекелей атайтын арнайы есімдер.
Мысалдар: Алатау, Ақерке, Жетісу
Танылуы бойынша
1) Деректі зат есім
Көзбен көріп, қолмен ұстап, нақты тануға болатын зат атаулары.
Мысалдар: кітап, мектеп, дос, су, нан, дәптер, қалам, ине
2) Дерексіз зат есім
Көзге көрінбейтін, адамның ойлауы арқылы танылатын ұғым, құбылыс атаулары.
Мысалдар: ақыл, ой, бақыт, арман, білім
Дара зат есім
Бір сөзден жасалған зат есім дара зат есім деп аталады.
Мысалдар: ана, аға, әке, көл, өзен
Негізгі зат есім
Тек түбірден жасалған зат есімдер.
Мысалдар: Отан, ер, есім, дос, жол, мал, ауыл
Туынды зат есім
Жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Мысалдар: қуаныш, сезім, шаттық, туыс, тоңазытқыш, қонақ, тарақ, күрек
Күрделі зат есім
Екі немесе бірнеше сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі не қысқаруы арқылы жасалады.
Мысалдар
мұражай, аққу, баспасөз, дос-жаран, ата-ана, сан есім, сын есім, ҚазҰУ, Ата заң, ҚазҰПУ, саябақ.
IV. Оқулықпен жұмыс
104-жаттығу
ТалдауЗат есімдерді көшіріп жазып, мағыналық түріне ажыратыңдар. Қарамен жазылған сөздердің жалпы есім бе, жалқы есім бе екенін түсіндіріңдер.
105-жаттығу
ТоптастыруБерілген сөздерді төрт топқа бөліп жазыңдар: деректі, дерексіз, жалпы есім, жалқы есім.
Деректі зат есім
Жүзік, ақша
Дерексіз зат есім
Абырой, адамгершілік
Жалпы есім
Ақша, ықшам аудан
Жалқы есім
Зеңгі баба
106-жаттығу
ЖіктеуЗат есімдерді теріп жазып, олардың мағыналық түрлерін көрсетіңдер.
V. Сабақты бекіту
Негізгі ұғымдарды сұрақ-жауап арқылы қорытындылаймыз.
- Зат есім дегеніміз не? Мысал келтіріп, сұрақтарын атаңдар.
- Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
- Құрамына қарай қалай бөлінеді?
- Жалпы және жалқы есімге мысал келтіріңдер.
- Деректі және дерексіз зат есімдер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
VI. Үй тапсырмасы
107-жаттығуТөмендегі сөздерге байланысты өз ойларыңнан жұмбақ, жаңылтпаш немесе шағын өлең құрастырыңдар: