Екі баған ортасында таған, Ұқсайды оған қай әріп

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: «Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі».

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Оқу мақсаттары

(Оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 1.1.9.1

    Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды.

  • 1.1.9.2

    Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсінеді.

  • 1.1.9.3

    Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.

Сабақ мақсаттары

Барлығы

Жаңа білімді меңгереді.

Көбі

Тақырыпты түсінеді, тыңдайды және жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Алған білімін өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • 1 Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
  • 2 Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Б. Бөрібаев

Мұғалім: «Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінуді үйрену қандай тамаша, қандай қуаныш!»

Сабақтың ортасы

№1 Тыңдалым

Екі баған ортасында таған,
Ұқсайды оған қай әріп?

Жауабы: Н әрпі

Әліппе дәптерімен жұмыс

Балалар, дәптердегі суреттерді атайық: сандық, нар, күн.

«Сандық»

Н дыбысы сөздің ортасында.

«Нар»

Н дыбысы сөздің басында.

«Күн»

Н дыбысы сөздің соңында.

Қорытынды: Н дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.

Буын құрау

Н дыбысына дауысты дыбыстарды қосып, буындар құрайық.

Н + А = НА Н + О = НО Н + У = НУ

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тік ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

Б. Бөрібаев