Апта күндерін ата - Бүгін аптаның нешінші күні

Сабақ тақырыбы

Бекіту сабағы (1-сынып)

Сабақ мақсаты

  • 2–6 сандары бойынша қосу және азайтудың кестелік жағдайларын бекіту.
  • Қосындыны табу және есеп шығару дағдыларын дамыту.

Әдіс-тәсілдер

  • Ойын әдісі, «миға шабуыл», сұрақ-жауап, жұптық/топтық жұмыс.
  • Көрнекілік арқылы түсіндіру және жаттығу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бір, екі, үш —

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабағымызды бастаймыз.

Сабаққа кіріспес бұрын, математикадан білімдеріңді қысқаша байқап көрейік. Ол үшін барлығымыз бірігіп «Кім көп сөз айта алады?» ойынын ойнаймыз. Шарты: тақтадағы «математика» сөзінің әріптерінен мүмкіндігінше көп жаңа сөз құрастыру.

II. Бекіту бөлімі

«Миға шабуыл» (үйшіктің құлпын ашайық)

Үйшіктің есігі сиқырлы құлыппен жабылған. Кілтті алу үшін сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек.

  • 1) Бір аптада неше күн бар?
  • 2) Апта күндерін ата.
  • 3) Бүгін аптаның нешінші күні?
  • 4) Іс-әрекетпен көрсет: жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта.
  • 5) Кесіндіні немен өлшейміз? Оның өлшем бірлігі қалай аталады?
  • 6) Сандарды немен белгілейміз?
  • 7) Қосудың компоненттерін ата.
  • 8) Азайтудың компоненттерін ата.

Жарайсыңдар! Құлып ашылды. Енді кілтті алып, үйшіктің есігін ашайық. Кітабымызды ашып, бүгінгі күннің жадын жазайық.

Қысқа есеп

Табақта 5 алма, қолымда 2 алма бар. Барлығын қосқанда неше алма болады?

№1. Қандай сандар жасырынған?

6 + 2 = 8

5 + 5 = 10

8 − 6 = 2

10 − 6 = 4

1 + 3 = 4

2 + 5 = 7

Ойын: «Көршілерін тап»

Берілген санның алдындағы және кейінгі сандарын ата.

№2. Есеп

Ақ қой — 6 бас

Қара қой — 2 бас

Барлығы — ?

Жауабы: барлығы 8 қой.

Сергіту сәті

«Күлкілердің түрі» (қимыл-қозғалыс арқылы).

№3. Ойын арқылы есептеу

Берілген бастапқы сандарға амалдарды ретімен қолдан. (Қосу және азайту)

Амалдар тізбегі Бастапқы сан
+3, −2, +5, −6, +4 4
+3, −2, +5, −6, +4 7
+3, −2, +5, −6, +4 5
+3, −2, +5, −6, +4 10
+3, −2, +5, −6, +4 4
+3, −2, +5, −6, +4 8

№4. Қосуды бекіту

4 + 3 =

3 + 4 =

9 + 1 =

1 + 9 =

6 + 2 =

2 + 6 =

Ойын: «Жоғалған сандар» / «Көршілерін тап»

Теңдіктегі жетіспейтін санды тап немесе санның көршілерін ата.

№5. Теңдік пен теңсіздікті анықта

Әр өрнекті салыстыр: нәтижесі тең болса — теңдік, ал тең болмаса — теңсіздік.

10 − 3 = 4 + 3

6 + 2 = 5 + 3

6 + 2 = 7 + 1

5 + 3 = 6 + 2

Қосымша салыстыруға арналған өрнектер

4 + 1

10 − 6

8 + 2

6 + 2

5 + 3

9 − 3

8 + 2

9 − 3

Қорытынды

Бүгін 2–6 сандары бойынша қосу мен азайтуды қайталап, есептер шығардық және ойын арқылы білімімізді бекіттік.