ЖИКСО әдісі арқылы әңгіме мазмұнын түсіну
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пәні / Сыныбы
- Қазақ тілі, 8-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
- Сілтеме
- Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармалары. 8-сынып әдебиеті: Қ. Әбдезұлы, Г. Рыскелдиева, С. Тұрсынғалиева (2014). Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Жалпы мақсат
Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесін сыни тұрғыдан талдау арқылы әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта қалыптастыру; туған жердің қасиетін ұғындыру және оның адам өміріндегі орнын терең түсіндіру. Сонымен бірге оқушылардың ішкі жан дүниесін тануға, өз көзқарасын қорғауға, сөйлеу мен талдау дағдыларын дамытуға бағыттау.
Негізгі бағыт
- Туған жер құндылығын түсіну және патриоттық сана қалыптастыру.
- Көркем мәтінді талдау арқылы ойлау мәдениетін дамыту.
- Өзіндік пікір айту, дәлелдеу және қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру.
Дағдылық нәтижелер
- Сөйлеу мәдениеті: мазмұндау, пікірлесу, дәлел келтіру.
- Талдау: кейіпкер әрекетін бағалау, мәтін идеясын ашу.
- Жинақтау: негізгі ойды ықшам тұжырымдау, қорытынды шығару.
Міндеттер
Мазмұнға байланысты
- Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу; мәтіннің танымдық сипатын және құрылымдық бөліктерін өз бетімен байқап, түсінуге жетелеу.
- Көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру; оқып-түйгені бойынша ой қорытуға және пікір айтуға жаттықтыру.
- Бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізуге баулу.
Тұлғалық және құндылықтық
- Әңгіме мазмұны арқылы патриоттық сезімі жоғары, білімді, көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу.
- Өз бетінше ізденуге, дерекпен жұмыс істеуге бағыттау.
Деңгейлік бағдарламаға сай
Бағалау
Кейіпкер әрекетін бағалай білу.
Байланыстыру
Әңгімені бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Пікір қорғау
Өзіндік көзқарасын дәлелдеп, пікірін қорғау.
Топтық жұмысқа қойылатын талап
- Әр оқушы жеке, жұптық және топтық жұмысқа белсенді қатысады.
- Өз пікірін қорғайды, бір-бірінің нұсқауларын орындайды.
Сабақта туындайтын негізгі идеялар
Сабақ барысы: кезеңдер мен әдістер
Топқа бөлу және ой қозғау
Топ атаулары
«Атамекен», «Тарбағатай», «Арғынаты», «Етікші асуы»
Талқылау сұрағы
Неліктен дәл осы сөздер топ атауы ретінде таңдалды?
Ой шақыру стратегиялары
- «Жұмбақ сурет»: терминдер мен ишаралы суреттер арқылы тақырыпқа шығу (Қабдеш Жұмаділов, шекара, карта, Қытай, Қазақстан, ақсақал, топырақ, қаздар).
- «Жұмбақ қонақтар»: кейіпкерлер есімдері арқылы болжам жасау (Қайрат, Қилымбек, Мирахан, Гүлнар).
I кезең: Білу және түсіну (Блум бойынша)
Бұл кезеңде оқушылар мәтінмен алғашқы танысу жасап, негізгі мазмұнды түсінуге бағытталған әрекеттерді орындайды.
Әдіс
JIGSAW (жанұя топтары: 1, 2, 3, 4): жұмыс тобына барып талқылау, кейін жанұя тобына оралып түсіндіру.
II кезең: Мағынаны тану
Жұмыс форматы
Топтық жұмыс арқылы өз бетімен меңгеру.
Ойлау деңгейлері
Қолдану, талдау, жинақтау.
Уақыты
20 минут.
Оқушылар тапсырмаларын орындайды, жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды. Нәтижелер ауызша мадақтаумен бағаланады.
Ойды қорытындылау: құрылымды тапсырма
Төмендегі бес қадам мәтіндегі негізгі ойды өз сөзіңмен дәл, ықшам және логикалық жүйемен жеткізуге көмектеседі.
-
1) Үзінді
Мәтіннің негізгі идеясын ашатын 2–3 сөйлем құрастыр. Сөйлемдер мәтіннен көшірілмей, өз түсінігің негізінде берілуі керек.
-
2) Дәлел
Таңдалған үзіндінің неліктен мәтіннің негізгі идеясын ашатынын 3–4 сөйлеммен дәлелде. Қажет болса, басқа ақпарат көздеріне немесе кең тараған пікірлерге сүйен.
-
3) Сұрақ
Мәтін бойынша 1 проблемалық сұрақ құрастыр. Ол жан-жақты ашылмаған, ойландырған және талқылауға лайық болуы керек.
-
4) Жауап
Қойылған сұраққа 2–3 сөйлеммен жауап бер. Неліктен бұл мәселе назар аудартқанын және оны шешудің мүмкін жолын көрсет.
-
5) Қорытынды
Мәтіннен туындаған ойларды жинақтап, 3–4 сөйлеммен түйін жаса.
Анкета: кейіпкерді терең танытуға арналған сұрақтар
Есімі
____________________________
Үш сөзбен сипатта
____________________________
Туыстық қатынаста кім болады?
____________________________
Өмірде неден қорқады?
____________________________
Басынан өткен 3–4 жағдай
____________________________
Басынан өткізгісі келетін 2–3 жағдай
____________________________
Өмірдегі мақсаты
____________________________
Құрылымдық талдау: сәйкестендіру әдісі
Шығарманы құрылысына қарай талдау үшін сәйкестендіру әдісі қолданылады: оқушылар мәтін бөліктерін (оқиға желісі, кейіпкерлер, конфликт, шарықтау шегі, шешімі, идеясы) тиісті сипаттамалармен және дәлелдермен сәйкестендіреді.
Талдау объектілері
- Оқиға желісі және композиция
- Кейіпкерлер жүйесі
- Идея және тақырып
Күтілетін нәтиже
- Мәтін құрылымын дәлелмен түсіндіру
- Ойды жүйелі жеткізу және пікір қорғау
- Сыни талдау дағдыларын бекіту