Біреулерін айға, біреулерін күнге бардыңдар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы

№100 орта мектеп • Бастауыш сынып мұғалімі: Бердешева Жадыра Молыбекқызы

Сабақтың тақырыбы

Геометриялық фигуралар

Сабақтың мақсаты

  • Оқу материалын қайталау және негізгі тақырыптар бойынша алған білімді тереңдету.
  • Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Оқушыларды алғырлыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың ұраны

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика. Сондықтан да оны оқу керек»

Бүгінгі сабақта

  • 1) Ауызша есеп шығару
  • 2) «Кім жылдам?» ойыны
  • 3) «Кім тапқыр?» — фигуралар сайысы
  • 4) Тест сұрақтары

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Қазір бізде математика сабағы. Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.

2) «Менің көңіл күйім»

Балалар, сендердің көңіл күйлеріңді білгім келеді. Суретке қарап, өздеріңнің қазіргі көңіл-күйлеріңді анықтаңдар: өте жақсы, жақсы, орташа. Содан кейін соны алдарыңдағы параққа бейнелеңдер.

3) Ауызша жұмыс: көбейту кестесі

Қазір ауызша түрде көбейту кестесін қайталаймыз. «Кім жылдам?» ойыны арқылы сұрақтарға тез жауап береміз.

4) Дәптермен жұмыс

Дәптерлерімізді ашамыз. Қаңтардың 20-сы.

Тапсырма

  • Тақтадағы геометриялық фигураларды атау: төртбұрыш және үшбұрыш.
  • Олардың периметрін және ауданын табу.

Қосымша сұрақ: «Өнім бе, әлде түсім бе?»

5) Сергіту сәті: қиялға саяхат

Қолдарыңды партаға қойып, көздеріңді жұмыңдар. Сендер ұйықтап жатырсыңдар, ал ұйқыда түс көресіңдер. Түстеріңде Айға, Күнге және басқа да планеталарға саяхат жасайсыңдар. Бірің Айға, бірің Күнге барасыңдар. Ондағы өмірді көріп, демалып, сергіп, күш жинайсыңдар. Енді бәріміз «мектеп планетасына» қайта ораламыз.

Тапсырма

ED кесіндісінің ұзындығын әртүрлі тәсілмен тап:

1-тәсіл

(2 + 3) × 2

2-тәсіл

2 × 2 + 2 × 3

6) «Кім тапқыр?» — фигуралар сайысы

Тақтадағы сурет бойынша тапсырмалар:

  • Бұл ненің суреті екенін анықтау.
  • Фигуралардың нүктелерін атау.
  • Кесінділерін атау.
  • Бұрыштарын атау.

Келесі сурет: адам бейнесі

Бұл суреттен қандай геометриялық фигураларды көруге болады? Үшбұрыш, дөңгелек.

7) Тест сұрақтары

Тақтадағы кестені толтырамыз. Тек жауаптарын жазамыз:

Есеп

7 × 2

Есеп

8 × 5

Есеп

9 × 9

8) Карточкамен жұмыс: сөз есептер

1-есеп

Әуежайда 18 ұшақ бар. Тікұшақ саны ұшақ санынан 6 есе кем. Әуежайда қанша тікұшақ бар?

Өрнек

18 ÷ 6

2-есеп

Бір кесіндінің ұзындығы 40 см, ал екіншісі одан 3 есе ұзын. Екінші кесіндінің ұзындығы неше см?

Өрнек

40 × 3

Нәтиже

120

9) Бекіту, үй тапсырмасы және бағалау

  • Өткен тақырыптарды қорытындылау, сұрақ-жауап арқылы бекіту.
  • Үй тапсырмасын беру.
  • Оқушылардың жұмысына баға қою.