Күрделі сөздер
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Орны
- Көкшетау қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі
- Пән
- Қазақ тілі (аптасына 2 сағат)
- Сынып
- 3
- Мұғалім
- Шамиғанова Р. М.
- Сабақтың тақырыбы
- Күрделі сөздер. Қос сөздер. «Таңның атуы». Мұқан Иманжанов
Сабақтың мақсаттары
1) Білімдік
Оқушылардың біріккен сөз бен қос сөз туралы білімін пысықтау, ұғымдарды нақтылап, түсініктерін кеңейту. Мәтінмен жұмыс арқылы ой-өрісін дамыту.
2) Дамытушылық
Тапсырмаларды тиянақты орындау, өздігінен ойлану және шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, ынтымақшылдыққа тәрбиелеу және топтық жұмыс мәдениетін дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты 2 топқа бөліп, сабақ барысын жарыс түрінде ұйымдастыру.
- Топ атауын тапсырмалар арқылы анықтау.
1-топқа тапсырма
Әлемнің төрт бұрышын араладым,
Палуанның неше түрін жараладым.
Қажымұқанмын, қазақта күшім асқан,
Туған жердей ыстық жер таба алмадым.
Сұрақ: Өлеңде қандай күрделі сөз бар? Сол бойынша топ атауы қойылады — «Біріккен сөз».
2-топқа тапсырма
Ребус шешу (шешуі: «Айгүл»).
Сұрақ: Ребустың шешуі күрделі сөздің қай түріне жатады? Сол бойынша топ атауы қойылады — «Қос сөз».
II. Үй тапсырмасын қайталау
Өткен материал қысқаша еске түсіріліп, топтық сұрақ-жауап арқылы дайындық деңгейі анықталады.
Ойын: «Мен саған, сен маған»
1-топ: Қос сөз дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтіріңдер.
2-топ: Біріккен сөз дегеніміз не? Ол қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.
Ойын: «Әрі қарай жалғастыр»
1-топ:
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан...»
Тапсырма: Бұл кімнің өлеңі? Мағынасын түсіндір. Өлеңнен күрделі сөзді тап.
2-топ:
«Ат, айғырлар, биелер,
Шалғыннан жүні қылтылдап...
Арасында құлын-тай,
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.»
Тапсырма: Өлең қалай аталады? Күрделі сөздерді тауып, түсіндір.
Топтар тапқан күрделі сөздерді Венн диаграммасына орналастырып, соңында кесте бойынша анықтамаларды қорытындылайды.
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
«Таңның атуы» мәтінін мәнерлеп, дауыстап оқыту. Мазмұнын ашып, негізгі ойды анықтау.
Мәтін бойынша сұрақтар
- Таң атарда шығыс жақ қандай болып көрінеді?
- Таң атарда жұлдыздар не істейді?
- Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?
- Таң ата келе тағы нені көруге болады?
- Мәтіннен «самал», «ауа», «Шолпан жұлдызы» сөздеріне қатысты теңеулерді тап.
Ой қорыту және белсенді жұмыс
Суретпен жұмыс
Мәтіндегі көріністерді суретпен байланыстырып, таң шапағының белгілерін сипаттау.
Сергіту сәті: «Кім тапқыр?»
- 1-топ: Біріккен сөзден құралған 10 кісі атын табу.
- 2-топ: Қос сөздің әр түрінен 10 мысал келтіру.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өздері таңдаған күрделі сөздерді қолданып, шағын мәтін құрастырып жазады. Әр топтың жұмысы оқылып, талданып, тексеріледі.
IV. Сабақты бекіту
Күрделі сөздің 3 түрі бар екені сызба арқылы еске түсіріледі. Бүгін солардың 2 түрі (біріккен сөз және қос сөз) қайталанып, анықтамалары қорытындыланады. Келесі сабақта қысқарған сөз тақырыбына назар аударылады.
Үй тапсырмасы
- Күрделі сөздер тақырыбын пысықтау.
- 287–288-беттер: мазмұнын айту.
Бағалау
Оқушылардың білімі бағалау парағы бойынша бағаланады. Топтық белсенділік, жауаптың дәлдігі және шығармашылық жұмыс нәтижесі есепке алынады.